Сайлау жүйелері және сайлау
Презентация қосу
МЕББМ«ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТТІ»
“ Сайлау жүйелері және сайлау
”
Орындаған:Сламбек Елдар
Группа:104А СТОМ
Тексерген:Омарғазы Е. Е.
Жоспары:
1. Сайлау жүйесі.
2.Мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері.
3.Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі және
олардың қалыптасуы қағидаттары
4. Қазақстан Республикасы сайлау органдарының негізгі өкілеттіктері
5. Қолданылған әдебиеттер
1.Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада
қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан
Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын
құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау
алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б.
жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан
кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау
жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық
және пропорционалды сайлау жүйелері кең
тараған.
2.Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан)
— сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып
саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.)
елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық
тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін
сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды
сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда
мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
1.дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам
дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
2.қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат
сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын,
партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша
және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда
қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге
қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған
партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген
сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық
округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына
бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып
табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке
санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік —
партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын
мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды
тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді.
3.Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі
және олардың қалыптасуы қағидаттары
Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен
өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:
· Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);
· aумақтық сайлау комиссиялары;
· учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.
Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін
басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған
депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға,
сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен
және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді
дайындау жүктелген.
Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі
мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды, Парламент палаталарының әрқайсысы,
басқа палатаның қатысуынсыз, Ортсайлаукомның екі мүшесін бесжылдық мерзімге
тағайындайды. Төрағаның орынбасары мен Ортсайлауком хатшысы комиссияның
бірінші отырысында сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының
өз аппараты бар. Орталық сайлау
комиссиясын және оның
аппаратын ұстауға шығыстар
республикалық бюджеттен
қаржыландырылады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметін
қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады және оларды саяси партиялардың
ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті
сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген мерзімде саяси партияның ұсынысы болмаған
жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен
жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген
тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының
мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің
орнына тағайындауға құқылы.
4.Қазақстан Республикасы сайлау органдарының
негізгі өкілеттіктері
Орталық сайлау комиссиясы:
Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардыңатқарылуына
бақылаудыжүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi;
өзiнiңқұзыретiшегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер
қабылдайды;
Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен
өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын
ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
Мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды
ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк
басшылықты және олардың қызметiнің сайлау заңнамасының талаптарына
сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
Аумақтық сайлау комиссиясы:
1. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың
атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2. Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге
де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу
мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
3. Төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау
комиссияларының қызметiне басшылық етедi;
4. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi:
мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады
және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының
орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
5. Мәслихаттардан басқа өзге де жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған
мүшелердің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады;
Округтiк сайлау комиссиясы:
тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы
заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн
ұйымдастырады;
учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн
ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады;
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын
жүргiзедi;
учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен
жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi
шешедi;
сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз
етедi;
сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды
және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.
5.Қолданылған әдебиеттер:
1.“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ.
Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5
2.https
://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%
83_%
D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96
3.https://www.election.gov.kz/kaz/r-saylau-zh-yes/saylau-yymdaryny-rylymy.php
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz