Орманның сипаты және орман ағаштарының ерекшеліктері


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Орман ағаштарының ерекшеліктері, орманның сипатты белгілері

Slide 2

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір- біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т. б. ормандар деп бөледі.

Орман көптеген әртүрлі өзара байланысты, бірақ, мөлшері, құрылымы, көбеюі, қоректенуі және басқа белгілері бойынша айрықшаланатын өсімдіктердің күрделі үйлесуі болып табылады.

Ормандағы өсімдіктер ішінде басты орынды ағаштар алады, бірақ, өте көп ағаштардың өзін орман деп атауға болмайды. Мұндай кеңістікте бірінен бөлінген көптеген ағаштар аллеяны немесе саябақты (паркты) құрайды. Көптеген ағаштар орман құрау үшін тек сандық көрсеткіштері гана емес, сапалық белгілері де болуы қажет.

Slide 3

Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т. б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді") .

Slide 4

Орман зоналары

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған.

Slide 5

Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы.

Slide 6

Орман географиялық фактор

Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп.

Slide 7

Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады.

Slide 8

Орманның адамзат коғамы үшін маңызы

Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз-өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор.

Slide 9

Сонымен, орман көптеген ағаштардың қарапайым үйлесімі емес, ол өсімдік қауымдастығы, онда ағаштар біріне- бірі өзара әсер ете отырып, қоршаған орта жағдайларын:жарықты, температураны, ауаның ылғалдығы мен құрамын, желді және басқа экологиялық жағдайларын өзгертеді. Осы өзара әсерге байланысты орман ағаштарының орманнан тыс өскен ағаштардан тым өзгеше екендігін байқалады.

Жасы ұлғаюына байланысты орман ағаштарына табиғи азаюы (табиғи сиреуі) мен біршама жіктелуі тән.

Орманда тіршілік үшін және табиғи іріктелу күрестерінің заңдылықтары анық көрініс табады.

Үй жұмысы.

Орманның сипатты белгілерін атаңыз.

Орманда және еркін жағдайда өскен ағаштардың айырмашылықтары қандай?


Ұқсас жұмыстар
Орман ағаштарының жеміс-тұқым зиянкестері мен аурулары және оларға қарсы қорғау шаралары
Орманның құрылымы және қабаттық ұйымдасуы
Қарағайлы орманның сипаттамасы, таралуы және ресурстық маңызы
Климаттық факторлардың жеміс ағаштарының жеміс беруіне әсері және өнімдікті реттеу
Жеміс ағаштарының бактериалды күйігі: себептері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Орман шаруашылығы қызметкерлеріне сыйақы төлеудің түрлері мен ерекшеліктері
Жамбыл облысының орман саласының экологиялық сараптамасы және орман шаруашылығын қорғау мен қалпына келтіру шаралары
Қазақстандағы орман экожүйесін мониторингі: ұйымдастыру және әдістері
Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері: өндіріс-пайдалану бөлінуі, сақтау шектеулері және сұраныстың мезгілдік сипаты
Ағаштар: түрлері, Қазақстандағы орман қоры және адам өміріне тигізетін пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz