ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ


Slide 1

дене тәрбиесі БОЙЫНША жұмысын жоспарлауЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

Slide 2

Гимнастика - арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo - жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.

Көркем гимнастика - спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т. б. ) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1961 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л. Каспарова, Э. Волкова, К. Морозова, К. Степанова, Э. Осадчая, Л. Дягилева, т. б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді

КІРІСПЕ

Slide 3

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Біздің курстық жұмыста гимнастика жаттығуларының ерекшелігі мен маңызы сөз болады. Гимнастика - қимыл қозғалыс жаттығуы. Бұл - жас жеткіншектердің қимылдық қозғалысқа түсуі мен дене бітімін дұрыс қалыптастыруда, ептілікке маңызы мен пайдасы зор. Сондықтан аталмыш жұмыс мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығуларды үйретуде алар орны ерекше екені жұмыста толыққанды баяндалады.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Гимнастика саласына арналған және қозғалыс ойындарының адам ағзасына тиімділігі туралы оқушылардың жас ерекшелігіне арналған әдістемелік нұсқаулық жасалуы.

КІРІСПЕ

Slide 4

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Біздің осы жұмысымыздың зерттеу мақсаты мен нысаны - мектеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту, гимнастиканың адам ағзасына әсері туралы түсіндіру.

- Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығу туралы түсінік беру;

- Мектеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту;

- Гимнастикалық жаттығулардың маңызы пен пайдасы;

- Гимнастикалық жаттығулардың үйлесімділігі;

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Жұмысты жазу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған мектеп бағдарламасындағы «дене тәрбиесі» оқулығы мен республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журналдарға жарияланған ғылыми мақалалар мен әдістемелік нұсқаулықтар пайдаланылды.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл курстық жұмысты мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабағы мен факультативтік үйірмелерде қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

КІРІСПЕ

Slide 5

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;

- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;

- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету;

Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады. Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ

Slide 6

Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жұмыстары.

2. Оқу жұмыстары.

1. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.

4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.

5. Үгіт-насихат жұмыстары.

6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.

7. Шаруашылық жұмыстары.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ

Slide 7

1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.

2. Тоқсандық жоспар-кестесі.

1. Әр сабақтың жоспары.

4. Жоспар-конспект.

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:

Slide 8

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген. Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1, 5, 11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған. Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады. Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады. Дене тәрбиесі сабақтарының, оқу жылына, тоқсанға арналған әр сабақ жоспары

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:

Slide 9

р/с

Сабақ

Міндеттері

Сабақ бөлімдері

Ескертулер

Кіріспе

Негізгі

Қорытынды

Сабақ жоспарын құрастыру үлгілері

Slide 10

Сабақ жоспарын құрастыру үлгілері

Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.

1-сабақ

1. Міндеттері

1.

2.

1.

2 Өткізілетін орын

1 Керек құрал-жабдықтар

I. Кіріспе бөлім- 12 минут

1. Саптық жаттығулар.

2. Жүру жаттығулары.

1. Жүгіру жаттығулары.

4. ЖДДЖ.

II. Негізгі бөлім - 28 минут.

1. Жаттығу

- Негізгі жаттығулар.

- Дайындық жаттығулары.

- Жетекші жаттығулар.

2. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары

1. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.

III. Қорытынды бөлім - 5 минут.

1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.

2. Баға қою.

1. Үйге тапсырма.

Slide 11

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу

Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.

1. Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы. Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.

2. Негізгі есепке алу түрі - ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.

3. Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.

Slide 12

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу

Сынып журналының сол жақ беті

Пәннің аты. . .

Оқушының тегі, аты

Айы, күні

1

2

3

Сынып журналының оң жақ беті

Мұғалімнің тегі, аты-жөні. . .

Айы, күні

Сабақта не өтілді?

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің ескертпесі

Slide 13

«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады. Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т. б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.

Slide 14

Оқушының тегі, аты

Д. Ш. дайындық деңгейі

Белгі түрі және грамоталары

Президенттік тесті тапсырған күні

Президенттік деңгей

Ұлттық деңгей

1

2

1

Сынып журналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:

Оқушылардың дене дайындығының көрсеткіштері

Оқушылардың тегі, аты

Медициналық топ

10-60-100 жүгіру

Оқу жылының басында

Қолының күші

Орнынан

секіру

Нығыздалған

допты лақтыру

Тартылу

Дене дайындығының бағасы

сол

оң

ұлдар

қыздар

1

2

Slide 15

I. ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.

1. Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04. 01. 2000 ж) .

2. Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.

1. Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С. Т. Тайжанов, Ю. Г. Тілеуғалиев.

4. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.

II Жоспарлау құжаттары.

1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

2. Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.

1. Тоқсандық жоспар-кестесі.

4. Әр сабақтық жоспар.

5. Жоспар-конспект.

6. Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.

Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының тізімі:

Slide 16

III Мектептің дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.

1. Ережесі, құқықтары мен міндеттері.

2. Кеңес құрамы.

1. Отырыстарының жоспары.

4. Кеңес отырыстарының хаттамалары.

5. Оқу жылына арналған жоспары.

1. 1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:

1. Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.

2. Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.

1. Спорт төрешілері.

4. Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.

1. 2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:

1. Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.

2. Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.

1. Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:

- мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.

- мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.

- жоспарлау құжаттары;

- жорналдары.

VI. Есепке алу құжаттары.

1. Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.

2. Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.

1. Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.

4. Спорттық жарыстардың құжаттары:

- өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.

5. Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:

- қатысқаны туралы жалпы кесте.

- құжаттары.

6. Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік көрсеткіштері кітабы.

7. Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.

8. Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.

9. Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСҚА
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Қимыл-қозғалысты ойындар
СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Экономикалық Отбасы тәрбие
Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары
Дене шынықтыру - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүелі түрде үйретудің негізгі формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz