Глутамин қыщқылының алынуы




Презентация қосу
Глутамин
қыщқылының
алынуы
Глутамин қышқылы — моноаминодикарбон қышқылы. Глутамин
қышқылы — тірі организмдегі протеиндер, әсіресе, қарапайым
молекулалы заттар (глутатион, фолийқышқылы т.б.) құрамына
кіреді және бос түрінде де кездеседі. Ол организмдегі азоттык,
алмасуда атап айтқанда,амин тобы тасымалдауда және зиянды
аммиакты бейтараптандыруда маңызды рөл атқарады. Глутамин
қышқылын кейбір ауруларды емдеуде және тамақ өнімдерін
дайындауда татымдық қосымша ретіндеде пайдаланады.

Глутамин Қышқылы

C5H9NO4

HOOC-CH2-CH2-CH-COOH

NH2
Глутамин қышқылы - микроорганизмдердің амин қышқылдарын,
витаминдерді, антиобиотиктерді, ферменттерді, гибберелинді, гармондарды
жә»е басқа да әр түрлі бағалы биологиялық активті заттарды түзетіні
біраздан бері белгілі болды. Соңғы жылдары белок синтезіне қажетті амия
қышқылдарын өндіруге баса назар аударылуда. Бұрын оларды қүрамында
белогы мол бағалы шикі заттардан гидролиздеу жолымен өндіретін еді және
ол еңбекті көп қажет етеді. Соңғы он жыл ішінде амин қышкылдарын
микробиологиялық жолмен өндіру зерттеліп, табылды. Амин
қышқылдарының ішінде ен, алғаш өндірілген — глютамин. Жапония ғалымы
Киносита табиғаттан ерекше микрококкус глютамикус деп аталатын микробты
тауып, одан осы қышқылды ендірді. Бұл микроб қоректік ортаға қосылған
глюкозаның 50%-не жуығын глютамин қышқылын түзуге жүмсай алады екен.
Қазір Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарында арнаулы заводтарда бүл
қышқылды жылына жүздеген мың тоннадай өндіреді. Глюта-мин қышқылы
тамақ өнеркәсібінде азық-түлікке қосылады, оның сапасын жақсартады.
Глютамин кышқылын медицинада иервтік ауруларды емдеуге де қолданады.
Белок молекуласындағы маңызды амин қышкылдарының бірі — лизин. 2,1 кг
жасанды лизинді бір тонна азыіққа қосып шошқаны сырағанда, оның қосқан
салмағы орта есеппен 13,6%, ал протеин шығынын 20—25%-ке дейін кемітеді.
Бұл амин қышқылы рацион-нын ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып
есептеледі. Ал лизинді қосқанда нанның кұнарлылығы артады. Лизинді көп
мөлшерде — бактериум аэрогенес, бактериум протеус, спора түзу-шілерден —
бациллус субтилис, ашытқы саңырауқұлақтарынан — торула утилистен
өндіреді. Егер де ультракүлгін сәулемен әсер етсе микрококкус глютами-кус
едәуір мөлшерде лизин түзе алады.
Қазір бұдан өнеркәсіптік жолмен лизин өндіру қолға алынды. Лизинді қазіргі кезде
Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарын-да және басқа да елдерде жылына ондаған мың
тоннадай мөлшерде өндіреді. Бүкіл одақтыіқ өнеркәсіптік микроорганизмдер генетикасы
мен селөкциясы ғылыми-зерттеу институтында лизинді мол беретін микроорганизмдер
табылды. Осының негізінде Арменияда жылына 1000 т кристалл лизин өндіретін завод іске
косылды. Соңғы жылдардағы зерттеулер басқа амин қышіқылдарын —ва-линді,
метионинді, триптофанды және аланинді түзетін микроорга-низмдер барлығын анықтады.
Алдағы мақсат — олардың өндіріске жарамды топтарын таңдап алу және амин
қышқылдарын өндіруді жолға қою. Белок тіршіліктің тірегі екені жүртка мәлім. Бірақта осы
белок-тың жер бетіндегі тіршілікке жетіспейтіндігі анықталып отыр. Сондықтан белокты
молайтуда микроорганизмдердің зор практика-лық маңызы барлығы дәлелденді.
Осы мақсатта ашытқы саңырауқүлақтарды көптеп
өсіру біздің елімізде Ұлы Отан соғысы жылдарында
қолға алынды. Бірақ оны көптеп өндіру кымбатқа түсті.
Мәселен, 1 т ашытқы саңырауқүлақтар белогы 350 сом
шамасынан айналды. Соңғы жылдардағы
зерттеулердің нәтижесінде бүл мақсатта тым арзан
шикі зат — мүнай өнімдерінің қалдығы — парафинді
қолдануға болатыны анықталды. Осындай қоректік
ортада ашытқы саңырауқүлақтарын өсіріп, белокты-
витаминді концентраттарды көптеп өндіруге болады.
Оның қүрамында 45—50% белок, 50—55% май,
углеводтар, түрлі минерал түздар болады. Мәселен,
кандида туысына жататын ашытқы саңырауқүлақтар
сыйымдылығы 300 ж ыдыста тәулігіне 1 т-ға дейін
сіңімді белок жинай алады. Ал осындай протеинді
өндіру үшін белокты өсімдік-терді 3000 га жерге
өсіруге тура келеді. Оған қоса бүл өсімдіктер-дің
белогы микроб белогынан сапасы жағынан әлде қайда
кем болады. Мал азығына осындай микробтар белогын
косқанда олар-дың өнімділігі артады және одан
алынатын өнімнің өзіндік қүны өсімдік белогын
азықтандырғандығымен салыстырғанда әлдеқай-да
Кәптеген микроорганизмдер өздеріне кажетті
витаминдерді син-тездей алады, ал қалғандары қоректік
ортада кажетті витаминдар болмаса мүлде тіршілік ете
алмайды.Белгілі бір витаминді немесе соған ұқсас
заттарды кажет ететін микроорганизмдерді
ауксотрофты, ал оған мұқтаж еместерін — аук-
соавтотрофты микроорганизмдер деп атайды. Қоректік
ортада көп мөлшерде витаминдер түзе алатын микро-
оргаиизмдер табылды. Осының негізінде витаминдерді
өндірістік жолмен алу көзделіп отыр. Осындай
витаминдердің ішінде тиаминді (Ві витамині) ашытқы
Глутамин
Қышқылының
қолданылуы
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 250 мг глутамин қышқылы;
қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, тальк,
кальций стеараты;
капсула қабығының құрамы: желатин,
гидроксипропилметилцеллюлоза фталаты, титанның
қостотығы (Е171), жасыл бояғыш S (Е142), куркумин
бояғышы (Е100).
Сипаттамасы
Крем түсті корпусы мен жасыл түсті қақпақшасы,
құрамында ақ немесе ақ дерлік ақ ұнтақ немесе
түйіршіктер бар ішекте еритін қатты желатин капсулалар.
Фармакотерапиялық тобы
АІЖ ауруларын және зат алмасудың бұзылуын емдеуге
арналған басқа да препараттар. Амин қышқылдары
және олардың туындылары.
ATХ коды A16AA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Глютамин қышқылы ішке қабылдаған кезде жақсы сіңеді
және гематоэнцефалдық бөгет және жасуша
жарғақшалары арқылы өтеді; организмге енгізілгеннен
кейін ол метаболизм үдерісінде утилизацияланады, 4-7%
жуығы өзгермеген күйінде бүйрекпен шығарылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтанудан 15-30 минут бұрын ішке, диспепcиялық құбылыстар дамыған
жағдайда – тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдайды.
Ересектерге 1000 мг-ден тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.
Емдеу курсы – 1-2 айдан 6-12 айға дейін.
Олигофренияда бірнеше ай бойы 100 – 200 мг/кг-ден тағайындайды. Дәрігердің
тағайындауы бойынша қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
құсу, сұйық нәжіс болуы мүмкін
ОЖЖ қозуы
аллергиялық реакциялар
ұзақ уақыт қолданғанда: гемоглобин мөлшерінің төмендеуі, лейкопения,
анемия, ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуі, еріннің жарылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препаратқа аса жоғары сезімталдық
қызба жағдайы
бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
анемия, лейкопения
қатты қозғыштық, қарқынды жүретін психикалық реакциялар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Фармакодинамикасы
Ақуыздар мен көмірсудың алмасуына қатысады, мида тотығу-
тотықсыздандыру үдерістерін көтермелейді, тотығу-тотықсыздандыру
потенциалының төмендеуіне кедергі келтіреді, организмнің гипоксияға
төзімділігін арттырады; жүйке және эндокриндік жүйе функционалдық
жағдайын өзгерте отырып, зат алмасуды қалыпты етеді; нейромедиаторлық
амин қышқылы болып табылады, ОЖЖ синапстарында қозудың берілуін
ынталандырады; басқа амин қышқылдары, ацетилхолин, АТФ, мочевинаның
синтезіне қатысады, калий иондарының қажетті концентрациясын тасымалдау
мен ұстап тұруға ықпал етеді, қаңқа бұлшықеттерінің қызметін жақсартады
(миофибрилл компоненттерінің бірі болып табылады); уытсыздандыратын
әсер етеді, аммиакты зиянсыздандыруға және организмнен шығаруға ықпал
етеді; қанда және тіндерде гликолиз көрсеткіштерінің мөлшерін қалыпты етеді,
гепатопротекторлық әсері бар, асқазанның секреторлық функциясын
бәсеңдетеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
эпилепсияда (көбіне баламасымен шағын ұстамаларда)
шизофренияда
психозда (соматогендік, уыттандырғыш, инволюциялық)
жүдеуге ұласатын реактивті жағдайларда
депрессияда
менингит және энцефалит зардаптарында
изоникотин қышқылының гидразидтерін қолдану аясындағы уытты
нейропатияда
бауыр комасында.
Е620
Глутамин қышқылы (тұз
алмастырғыш)
Балалар тағамында
қолдануға рұқсат
етілмейді. Жүрек айнып,
іш өтуді, іштің бұрап
ауруын тудырады.

Ұқсас жұмыстар
Амин қышқылдардың өндіру биотехнологиясы
Оксоқышқылдардың құрылысы
АСПАРАГИН ҚЫШҚЫЛЫ
ДНҚ және РНҚ құрылымы
Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі
РНҚ нуклеотидінің құрамы
Амин қышқылы
БЕЛОКТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОФОРЕЗДІК ҚАСИЕТІ
Майлардың алмасуы
Жай эфирлер
Пәндер