Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі
Презентация қосу
Тақырыбы:іс-әрекет және оның түрлері
Орындаған:Инф-18-1 тобының студенті
Амангельдинов Диас
Тексерген: Сұлтанбекова.А.Қ
Жоспар:
1.Психологиядағы іс-әрекет ұғымы
2.Іс-әрекеттің құрылымы
3.Іс-әрекеттің түрлері
4.Іс-әрекет теориясы.
Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді
қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен
субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.
Іс-әрекет – адамның әлеуметтік ортада мақсатқа
бағытталған белсенділігі.
Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың
төмен формалардан айырмашылығы – белсенділікте.
Адамның белсенділігі өте көп қырлы.
А.Н. Леонтьев: «Бала психикасы дамуының
тікелей анықталуы - ішкі және сыртқы іс-әрекетінің
дамуы». Сондықтан іс-әрекет, А.Н. Леонтьев
бойынша, өмір бірлігі болып саналады.
С.Л. Рубинштейн 1933 жылы сана мен іс-әрекетті
алғаш байланыстырды, сана мен іс-әрекет бірлігінің
принципін біріктіріп: психикалық бейнеленуі, сана
іс-әрекеттің белсенділігімен байланысты, одан
шығады, сонда тіршілік етеді, онымен анықталады.
Осы принципке сәйкес, сана іс-әрекеттен
туындайды.
Іс-әрекеттің құрылымы: А.Н. Леонтьев
анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша
көрсетуге болады:
Қажеттіліктер – ағзаның бір нәрсеге керекті
кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын
субъективті құбылыс болып табылады. Барлық
қажеттіліктерді екі негізгі топқа бөлуге болады:
биологиялық (виталды)
ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізіне
жататын)
Биологиялық қажеттіліктер бұл организмнің
өмірлік қажеттіліктері, адам денесінің қалыпты
функционалдығына барлық алғашқы қажеттіліктер,
денсаулық, физикалық даму, табиғатпен қарым-
қатнас, тамақтану қажеттіліктері. Егер адам немесе
жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе,
онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.
Ақпараттық қажеттіліктер танымдық және
әлеуметтікке жататын, биологиялық қажеттіліктерге
қарағанда толық болып табылады.
Адам өзінде қандай қажеттілік туындағанын
саналы түрде түсінсе, сонда ғана түрткі (мотив) пайда
болады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады.
Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын
анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-
әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен
міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат,
құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі
жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-
келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат,
жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген
мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе
міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты
мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі
адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни
белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика
жүзінде іске асыру керек.
А.Маслоудың ұсынған қажеттіліктің
иерархиялық пирамидасы
Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі
үш түрімен шектеледі.
1. Ойын;
2. Оқу;
3. Еңбек.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде
материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді.
Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық,
сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-
рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б.
Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін
ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын балалардың жетекші
іс-әрекет болып табылады.
Іс-әрекет психологиясы – кеңестік дәуірде
психология ғылымының дамуында үлкен рөл
атқарған психология саласы. Бұл теорияның пайда
болуы мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец,
П.Я.Гальперин және басқалардың есімдерімен
байланысты.
Іс-әрекет пен еңбек адам санасының қалыптасуы
мен психикасының дамуында маңызды рөл атқарады.
Адамның психикалық феноменінің танылуында іс-
әрекет зор маңызға ие. Себебі адам жайлы, яғни оның
тұлғасының ерекшеліктері жайлы сөз болғанда,
негізінен, оның жасаған істерінің нәтижесіне қарай
нәтиже шығарамыз.
Іс-әрекет туралы жалпы түсінік
Іс-әрекет– әлемді және өз-өзін саналы
түрде өзгертетін процесте адамның немесе
топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-
қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам
табиғатты, қоршаған айналаны игеріп,
шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп,
өзін іскер, жасампаз субъект ретінде
қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи
ортаны Іс-әрекет объектісі етеді.
Іс-әрекеттің түрлері
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-
әрекеттің негізгі 4 түрі бар. Олар:
- еңбек
- оқу
- ойын
- қарым-қатынас
Іс-әрекеттің түрлері
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-
әрекеттің негізгі 4 түрі бар. Олар:
- еңбек
- оқу
- ойын
- қарым-қатынас
Іс-әрекеттің құрылымы
Іс-әрекетүш қырлы анықталады,
яғни бір уақытта үш кеңістікте іске
асырылып, көрініс береді, ол: тұлға
(іс-әрекет субъекті), объект (іс-
әрекет пәні) және ішкі праксис
(түрліше белсенді процесстер)
А.Н. Леонтьевтің теориясы
А.Н.
Леонтьевтің іс-әрекет теориясында
көрсетілгендей «іс-әрекет пен әрекет
арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-
әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет
затына (мақсатына) айналуы мүмкін.
Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке
айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-
әрекеттер туындайды, шындыққа деген
жаңа қатынастар пайда болады».
Мұндай айналуды А.Н. Леонтьев
келтірген мысалмен көрсетейік:
бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері шешім табу
мен оны жазу болып табылады. Егер бұл оқушы болса және оның
әрекеттерін мұғалім бағалайтын болса, және де ол оларды
орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың өзі оған
қызықты, онда бұл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда –
оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бұл мектепке дейінгі
жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы,
нәтижесінде баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен
мотивтендірілсе, онда тапсырманы орындау тек әрекет болып
қалады.
Қорытынды
Осылайша, кез-келген, соның
ішінде оқу іс-әрекеті де
әрекеттерден тұрады және де
оларсыз іс-әрекет мүмкін емес, ал
әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс
бола алады. Оқу іс-әрекетін
осылайша қарастыруда тек оған
енетін түрлі оқу әрекеттері ғана
талданады.
Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді
қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен
субъектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі.
Іс-әрекеттің туындау схемасы
арман
қажеттіл
түрткі
ік
Іс-
мақсат
әрекет
нәтиже әрекет
операц
ия
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі.
ойын
оқу Индиви-
дуалды
еңбе
к сюжет топты
тік қ
Ойынн
Іс-әрекеттің ың
түрлері
түрлері
затты
рөлдік
қ
ереже
сі бар
Оқу – іс-әрекеттің негізгі
саласы
Оқу арқылы бала
практикалық әрекетке
дайындайды
Білім меңгеру – ұзақ
уақытты керек ететін
күрделі процесс
Ең
бек
тін әр
і ң м е ке
—ө әні
н
өн д і м
нәт іруд -ті Еңбе
иж е арқ ршілі к
же е
ту ге ауы гінің
. өмі ,оның
с р
бас үруін
ты інің
ша
рт
ы
«Әрекет дұрыс болу үшін -
біздің соған баратын жолымыз
қандай болу керек екенін
анықтап алуға тиіспіз»,-дейді
Әл-Фараби
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі
1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.-
М., 2009.
2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер
курсы. - Алматы, 2008.- 159.
3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы,
2013.
4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы:
"ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz