Компьютерлік білім



Тақырыбы:Жалпы орта білім беруде компьютерлік сауаттылыкка үйретудин мақсатка сайлығы мен тиімділігі. Компьютерлік білім.
Орындаған: Инф-18-1 Амангельдинов Диас
Тексерген: Абилова. Р. Т

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай, « . . . жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған. «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты: - есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру; - оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашығымен таныстыру. Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген.

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті
Мектепегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу кұралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихка «Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп пәні бағдарламасыньщ «машиналық» нүскасы ретінде енді

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компьютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпаратпіық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқушыларда: • практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларьга; • қойылған есептердің формалды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін кұру икемділігін; • негізгі алгоритмдік кұрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық моделъдері бойынша оларды шешу алгоритмін кұру үшін қолдану шеберлігін; • ЭЕМ-нің құрылғылары мен жүмыс істеуі туралы түсінік және кұрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін бағдарлама құрудьщ қарапайым дағдыларын; • практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс. Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы окушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндеті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпарапипық мәдениетке (АқМ) тәрбиелеу болып табылады

Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауатгылылыктың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компонентгерінен құрылғандығын білдіреді. Сондыктан «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалык модельдеу әдістерін колдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезендерін карастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашкы мәліметгерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оньщ мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымьшың бұл бөлімі өте кызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясьш бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз

Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік - компыотерлік сауапылық компоненті бүрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі замангы ақпараттық жуйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді. Бүл кезеңде мектептің информатика курсының мазмүндыәдістемелік саласы ретінде акпараттык техно логиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жүмыс істейтініміз белгілі. Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады: АлгМ-*КС->АкМ->?

Ақпараттық мәдениет дегеніміз не ?
Дәл казіргі уақытта педагогиканың алдында тұрған міндет - оқушыға әлемнің ақпараттық бейнесін түсіндіру. Ақпараттық бейне дегеніміз не? «Ол окушыга өзін қоршаган ақпараттық сферада баедар алуга мүмкіндік беретін ақпараттық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтыгы; аңпсіраттық агымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмүнын сапалы түрде талдай білу, қоріиаган ортага бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалыц, экологиялық қүрылымын жетілдіру» - деп түсіндіреді Н. Ф. Талызина1. Әрине, бұл міндеггі жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.


Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері

М а қ с а т
Сауаттылықты
сапалы
дамыту
Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу
Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану
Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру

Мұғалім
нің сынып
тағы атқаратын жұмысы
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін -өрістетудегі негізгі тұлға -МҰҒАЛІМ
Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін
ешқашан өзгермейтін темірқазықтар - БІЛІМ мен ЕҢБЕК
Н. Ә. Назарбаев
Оқыту
дың тиімді тәсіл
дері
Оқушы жұмысының оң нәтижесі

,

Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері:
Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар кұру

Компьютерлік сауаттылық түсінігі, компонеттері
Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынды [2, 32] . Жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылды . Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген: • ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде бағдарлама, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалау негіздері; • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары; • ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі әлементтерінің жұмыс істеу принциптері; • өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы. Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық (КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АлгМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды».

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz