Процессордың негізгі параметрлері




Презентация қосу
Процессор (өңдеу; processor (procecssing)) – программаға сәйкес
операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы,
қызметтік бөлігі. Көптеген микробөліктерден құралған компьютердің барлық
есептеулері мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық
микросұлба.
Процессорды компьютердің жүрегі десек те болады. Компьютердің есептеу
жылдамдығы процессорға байланысты.
Микропроцессор немесе орталық процессор – CPU (Central Proseccing
Unit) дербес компьютердің миы болып табылады. Микропроцессор
мәліметтерді есептеуді және өңдеуді орындайды және әдетте компьютердің
ең қымбат микросұлбасы болып табылады. Өндірісте процессорды негізінен
Intel және AMD фирмалары жасап шығарады. Intel-дің екі ядролық
процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың
жиілігі жоғарылаған сайын оның жылу бөлуі де артады. Бұл проблема бір
корпусқа екі процессор орнату арқылы шешілді. Осындай процессорларды
көпядролы деп атайды. Қазіргі кезде процессорлар нарығында Intel
фирмасының процессорлары басымдыққа ие болып тұр. Процессорлар
разрядтылығы, тактілік жиілігі, кеш жадысының көлемімен ерекшеленеді.
Процессордың негізгі параметрлері
Процессордың разрядтылығы. ЭЕМ бір уақытта бірлік ақпаратты
терумен шектеле алады. Бірлік ақпараттың ең кішісін екілік разряд дейді.
ЭЕМ әлемінде бір разряд бит (bit – бөлік) деп аталады. Егер ЭЕМ бір ретте
сегіз разрядты өңдей алса, онда процессор 8 разрядты деп аталады, егер 32
разрядты болса, онда процессор 32 разрядты деп аталады. Процессор
микросұлбаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса, ол соншалықты
ақпаратты тез өңдейді.

Процессордың жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа,
процессордың маңызды қызметтерінің бірі – тактілік жиілік. Ол мегагерцпен
есептеледі. Бір мегагерцте секундына миллион такт болады. 100 МГц
секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактіде процессор қандай
да бір фрагментті есептейді. тактілік жиілік қаншалықты жоғары болса,
процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.
Процессордың жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа, процессордың
маңызды қызметтерінің бірі – тактілік жиілік. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір
мегагерцте секундына миллион такт болады. 100 МГц секундына жүз миллион
такт болып есептеледі. Бір тактіде процессор қандай да бір фрагментті
есептейді. тактілік жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен
мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.
Процессордың кеш жады. Процессор өңдейтін мәліметтерді жедел жадыдан
алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де сақтамайды. Онда мәліметтер
өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады.
Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кештеу технологиясы
қолданылып жүр. Кэш – шағын ұяшықтық жад. Буфердің қызметін атқарады. Егер
бір нәрсе жалпы жадыда өңделсе, оның көшірмесі кеш жадыға түседі. Егер бұл
мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей, буферден алынады.
Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек
мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кеш жадыны тексереді. Кэш жадта жоқ болса,
онда жедел жадыны тексереді. Егер сұралған мәлімет бұнда да жоқ болса, онда
процессор қатқыл HDD дискіге сұраныс жасайды.
\

Орталық процессордың негізгі сипаттары мыналар: тактілік жиілік,
разрядтылық, адрестік кеңістік.
Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.
Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың
тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.
Тактілік жиілік компьютердің жылдамдығын сипаттайды.
Процессордың жұмыс тәртібін (режимін) тактілік жиілік генераторы деп
аталатын микросхема анықтайды. Әр операцияның орындалуы үшін белгілі
мөлшердегі такт саны қажет болады.
Әрине, тактілік жиілік жоғары болған сайын процессор программаларды
жылдам орындайды. Ал компьютердің жалпы жылдамдығы тактілік жиілікке
тікелей тәуелді емес.
Процессордың разрядтылығы бірмезгілде өңделетін информациядағы бит санын
көрсетеді. Өйткені команда бір битке орындалмайды, 8, 16, 32 немесе 64 биттік
топтарды өңдейді. Процессордың разрядтылығы үлкен болған сайын оның бір
жұмыс тактісінде өңдейтін информацияның көлемі де үлкен болады, яғни оның
жұмыс өнімділігі артады.
Процессордың адрестік кеңестігі оның жадыдағы қамтылатын көлемін
анықтайды. Бұл параметр адрестік шинаның разрядтылығымен анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Процессордың тактілік жиілігі кеңарна
Қолданыстық кернеу
"Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойыны
MFLOPS
Процессордың кэш жадысы
AMD Athlon маркалы процессор
Микропроцессорлық жүйенің магистралі
МИКРОПРОЦЕССОР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ЭЕМ-ның орталық және сыртқы құрылғылары, олардың мінездемелері
Жанама адрестеу
Пәндер