Информатиканы оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Презентация қосу
Тақырыбы: Информатиканы оқытуда
қолданылатын әдіс-тәсілдер
Орындаған: Инф 18-1 тобының студенті Амангельдинов Диас
Тексерген: Абилова.Р.Т
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында
мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны
толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген,
танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара
әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның,
оқыту құралдары және әдістердің мақсатты
ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге
асырылады
В.Г. Крысько [23] оқыту формаларын үш топқа:
жоспарлыоқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан
және т.б.), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар,
консультация беру, конференциялар, үйірмелер,
экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар)
және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру
топтары, репетиторлық) деп бөледі. Қазіргі көптеген
басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік
процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады
Жалпы оқу формалары – жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке
және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді [45]. Жалпы оқу
формалары негізін – оқушылардың өзара және мұғаліммен оқушылар
арасындағы ерекше комуникативті әрекеттестіктері құрайды. Жаппай
оқыту формасы – оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай екпінмен
бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады,
мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. Бұл, ауызекі,
көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде
жүзеге асырғанда қолданылатын, оқуды ұйымдастырудың дәстүрлі
түрі, информатика сабағында өз мәнін жойған жоқ.
А.И. Бочкин айтқандай, компьютердің ықпалы мұғалімнің
көрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау
мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте, мұғалім оқушылардың
жаппай және жеке жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру және
бағдарламалық басқаруымен қатар, олардың компьютерлерін
сәйкес режімдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін)
ауыстырып, сондай-ақ оқушылардың барлық жұмыс
орындарында компьютерлік ортаның бірыңғай жағдайын
орнатады. Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-
әрететтері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын.
Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын,
оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек
сұрамайды) айта кету керек.
Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан айырмашылығы, сынып
оқушыларының арасында лидері бар қарымқатынас ерекшеліктерімен
қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады. Топтық оқыту
формасында – оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге
құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл компьютерлік техниканы
қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық
өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы
болғанда және т.б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу
пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан
құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап,
бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы
арасында жүзеге асады [45]. Белгілі бір кезекпен оқушылардың
жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық
оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы – мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс
жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес
беру және т.б.). Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа
дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды
қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы.
Оқытуды ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту үрдісінің
жеке буынының құрылымы.
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып,
бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады [45]. Белгілі бір
кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы
жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді. Жеке
оқыту формасы – мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа
қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т.б.). Зертханалық
жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды
қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы. Оқытуды
ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының
құрылымы.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән
жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік
сипатты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі
бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің
ұйымдастырылуы [6]. ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты.
Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының
таралымын көбейту мен Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың
жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың
әртүрлі көздерін пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер
жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды.
Мұғалімнің ең маңызды міндеті – оқушылардың өзіндік танымдық
дағдыларын қалыптастыру. Оқытудың сыртқы формалары –
сабақтың белгілі бір түрін – сабақ, дәріс, семинар, саяхат,
практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік және техникалық
шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми
қауымдастықтары және т.б. білдіреді. Олар мақсаттан, мазмұннан,
әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен мұғалім арасындағы
қарым-қатынастардан тұратындықтан, өзара біріктіруші рөлін
атқарады.
Оқытудың қосымша ұйымдастыру формалары, білімдегі кемшіліктердің орнын
толтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны
қанағаттандыру мақсатына арналады [34]. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу формалары
ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға
бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру. Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын
арттыру үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан
тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты тудырған проблема бойынша өз
бетімен игеруге бағытталған нұсқаулар беріледі. Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз
байланысты. Олар ағымды, тақырыптық және жалпылама (мысалы, емтиханға немесе сынаққа
дайындалғанда) болып бөлінеді. Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру
формалары – көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру
(практикум) сабақтары болады. Көрсету (демонстрациялау). Көрсету экранын пайдалана
отырып, мұғалім оқушыларға курстың алуан түрлі оқу элементтерін (интерфейс элементін,
бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және т.б.) көрсетеді. Оқыту барысында
мұғалім ЭЕМ-де жұмыс істесе, оқушылар оның әркеттерін бақылап отырады немесе өз
компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің негізгі дидактикалық
қызметі – оқушыларға жаңа мәліметті жеткізу.
Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі негізгі жұмыс түрі
болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында тиісті
бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді. Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі
мұғалімнің басты рөлі – оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті
желі арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру
Жеке жаттықтыру (практикум) сабағы – күрделілік деңгейі жағынан, өзіндік деңгейі
жағынан әртүрлі тапсырмалармен сипатталатын, жаппай зертханалық жұмыстармен
салыстырғанда анағұрлым қарқынды жұмыс түрі; оқулықтарға, анықтамалық
құралдарға, Интернет ресурстарына сүйену арқылы; мұғалімге неғұрлым күрделі
сұрақтар қою арқылы іске асады. «Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма
және әдіс. Дәріс қашанда жаппай өтеді. Ол көрнекілік және демонстрациялау құралы
ретінде компьютерді пайдалану арқылы өткізіле алады, ол үшін дәріс компьютерлік
сыныпта өтуі керек
Назарларыңызға Рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz