Лидер менеджер



Тақырыбы:Ұйым Тиімді Басқару Ұйым Ортасы
Орындаған: Инф-18-1 тобының студенті Амангельдинов Диас
Тексерген: Касымова. Н. К

Жоспар:
1. Ұйым түсiнiгi
2. Ұйымның түрлерi
3. Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
4. Қазіргі заманғы менеджер үлгісі

Ұйым туралы түсінік.
Ұйым дегеніміз - қызметтері саналы түрде ортақ
мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы.
Ұйым дегеніміз жалпы мақсатқа немесе мақсатқа жету үшін топ мүшелерінің ұйымдасқан іс-әрекеттері болып табылады.
Ұйымды адамдарға жеке өздері жасай алмағандарын ұйымдасқын түрде жүзеге асыруға мүмкүндік беретін, мақстақа жету тәсілі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның болуы үшін кем дегенде екі мүшесінің болуы керек және олардың бір мақсатқа бағытталуы тиіс.

Топтар ұйым болып саналуы үшін міндетті талаптарға сай болуы тиіс:

Ұйым -деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.

Кез келген ұйының құрылуы негізгі үш кезеңнен тұрады:

Ұйымның екі түрі бар:
1. Ресми ұйымдар
2. Бейресми ұйымдар.
Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.
Бейресми ұйымдар - әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

Бейресми ұйымдарға адамдардың топтасуының себептері:
1. қатысушылық немесе достық сезім
2. өзара көмек
3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.
Бейресми ұйымдар сипаттамасы: әлеуметтік бақылау;
өзгерістерге қарсы тұру.
Ұйымдар ұйымдастырушылық құқықтық формаларына байланысты екіге бөлінеді:
А) комерциялық ұйымдар
Б) комерциялық емес ұйымдар

Комерциялық ұйымдар- пайда табу мақсатында құрылған ұйымдар.

Барлық ұйымдар бiр-бiрiнен түрлi аспектiлер бойынша ерекшеленедi. Сонымен бiрге барлық ұйымдар үшiн жалпы сипаттамалар бар: 1) ресурстар - кез келген ұйымның мақсаты оның тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жету үшiн пайдаланылатын ресурстарды түрлендiру болып табылады. Негiзгi ресурстар - адамдар, негiзгi және айналым құралдары, технология және ақпарат; 2) сыртқы ортаға тәуелділік - бiрде-бiр ұйым сыртқы ортадан бөлек әрекет ете алмайды. Бұл ұйымның қызметiне тәуелсiз қоршаған ортада пайда болатын, оған қалай да болса ықпал ететiн жағдайлар мен факторлар - экономикалық жағдайлар, тұтынушылар, бәсекелестер, заңдылық, қоғамдағы құндылық жүйесі және т. б. ; 3) еңбектің бөлінуі: - көлденеңiнен - барлық жұмысты құрағыш элементтерге бөлу; - тігiнен - әрекеттерді үйлестіру жөніндегі жұмысты әрекеттерден бөлу. Еңбектi ғылыми негiзде ұйымдастыру басты мақсаты қызметкерлердiң жекелеген жұмыс, операция мен рәсiмдер түрлерiн орындауға мамандануы болып табылатын оны бөлудiң сәйкес нысандарын объективтi түрде талап етедi. Жұмыс еңбек процесiне қатысушылар арасында кәсiби белгi бойынша бөлiнедi. Бiлiктiлiк қаншалықты толық әрi терең ескерiлгендiгiне еңбек тиiмдiлiгi, орындаушылардың жеке еңбек үлесi тәуелдi болады.
Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу

бұл еңбек қызметiнiң сапалық және сандық саралануы мен мамандануы. Негiзiнен бұл барлық жұмысты құрағыш компоненттерге бөлу, яғни жалпы өндiрiстiк процестi бөлшектерге бөлу, болып табылады. Әдетте, еңбек көлденеңiнен функционалдық, тауарлы-салалық және бiлiктiлiк белгiлер бойынша бөлiнедi. Еңбектi функционалдық бөлу ең алдымен қызметкерлердiң қызмет түрлерi бойынша мамандануынан көрiнедi. Бұл жағдайда жекелеген қызметтер оқшауланады және оларды орындау үшiн сәйкес қызметкерлер бөлiнедi. Еңбектi тауарлы-салалық белгi бойынша бөлу нақты еңбек операциялары мен рәсiмдерiн орындауда мамандану және шектеумен байланысты. Еңбектi бiлiктiлiк бөлу еңбек қызметiнiң түрлерiн анықтаған кезде жұмыстың күрделiлiгi мен оны орындау үшiн қажет бiлiктiлiкке сүйенетiндiгiне негiзделедi. Мұндай жағдайда бiлiктiлiгi мейлiнше төмен қызметкер орындай алатын жұмысты бiлiктiлiгi жоғары бiрде-бiр қызметкер орындамауы тиiс қағида бұзылмауы керек. Бұл қағиданы бұзу жұмыстардың құнын арттырады және адам ресурстарын босқа шығындауға әкеледi. Басқарушылық еңбекті бөлу түрінің бірі де көлденең сипатта болады: жекелеген бөлімшелерге нақты басшы тағайындалады. Ұйым табысқа жетуі үшін көлденеңiнен бөлінген басқару жұмысы да, өндірістік жұмыстарды орындау үшін еңбекті көлденеңiнен бөлу жағдайында сияқты үйлестірілген болуы қажет. Кейбір басшылар өзге басшылардың жұмыстарын үйлестіруі тиіс, олар өз кезегінде өзге басшылардың жұмысын үйлестіреді, сөйтіп ең төменгі деңгейдегі басшы басқарушы қызметшілерге жатпайтын адамдардың жұмысын үйлестіреді. Осылайша еңбекті тігінен бөлу басқару деңгейлерін құрайды
Еңбектi көлденеңiнен бөлу

Заманауи менеджердiң қызметi Менеджердiң атқаратын функциялары Менеджер - кәсiби білім алған жетекшi. "Жетекшi" сөзі бiлдiредi. Бұл мәндер iс жүзiнде жаратылмайтын тексерушi сөз бүгiнде жақсы бейнеленген. Әрбiр ұйым үшiн адам барлық бөлiмшелердiң үстiнде қадағалауға негiзiнен сәйкес келетiн орындау толық сорылған мамандандырылған есептерге ғана емес алуға керек. Бұл жауапкершiлiктiң түрi - қадағаласын - жетекшiнiң жұмысының мәнiн құрауға табандатқанған.

Басқару :


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz