Футбол ойының техникасы


Slide 1

Курстық жұмыс

Футбол ойыны техникасы мен тактикасы

Slide 2

Футбол

Футбол - (ағылш. foot - аяқ, ball - доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Slide 3

Тарихы

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

Slide 4

Футбол ойының жүйесі

Аулада футбол ойнап жүрген балалардың ойнына жанкүйерлер болып жүргенде, балалар қорғанысты ұмытып, қақпашыны жалғыз қалдырып шабуылда жүргенін талай көресін. Ал допты жоғалтып алғанда бәрі жапа-тармағай, ағысып, бір-біріне соқтығысып кейін қайтады. Әрине, доппен бұлай ойнау қате және де ойыншылар бұдан қанағат алады деп айту қателік. Жарыстарда және басқа да футболдық шараларда жақсы ойнау команда ішіндегі міндеттерді бөлу керек: біреулерді шабуылда болып анықталған жүйеде ойнау керек.

Slide 5

Футбол ережесі

Футбол ережелері - футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB - International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.

Slide 6

Футбол тактикасы

Тактика - дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы. Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды. Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек.

Slide 7

Қақпашы

Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Оның қимылынан команданың жетістігі байқалады. Ойынға кірген кезде қақпашы басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек, содан кейін өз орнына тұруы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншылары бақылауға мүмкіндіктері мол. Үздік қақпашылар қорғаушыларға жиі ақыл-кеңес береді. Өйткені қақпашылар ойыншылардың артында және бүкіл алаңды жақсы көріп тұрғаны айдан анық.

Slide 8

Футбол ойындағы техниканың рөлі

Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.

Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. ол техниканың және тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырылмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі. Техникасы жақсы дамыған комадалардың жеңілуі де жиі кездеседі. өйткені тактикасы өте төмен.

Slide 9

Футбол ойының техникасы

Ойын іс-әрекеттерінің сипатына қарай, футбол техникасын алаңдағы ойыншылардың техникасы және қақпашының ойын техникасы деп қарастырады. Жалпы алғанда, футбол техникасы күрделі де, сан-қырлы әрекеттерден тұрады.

Техникалық әдіс-тәсілдер келесі реттілікпен үйретіледі: тәсілдермен жалпы таныстыру; тәсілдерді қарапайым, жеңілдетілген жағдайда үйрету; тәсілді күрделі, қиындатылған дағдайда үйрету; тәсілдерді бекіту.

Slide 10

Қозғалыс техникасы

Қозғалыс техникасы келесі тәсілдер тобын қамтиды: жүгіру, секіру, тоқтау, бұрылыстар. Ойын барысында қозғалыс техникасының тәсілдері түрлі үйлестірілімде жүргізіледі. Мысалы, ойында ойыншылардың қозғалу жылдамдықтары кеңінен ерекшеленеді: баяу жүрістен бастапқы ұмтылысқа дейін максималды жылдамдықпен, т. б.

Футболшылардың қозғалыстарының ерекшелігі олардың түрлі жүгіру тәсілдерін секірулер, тоқтаулар мен бұрылыстармен үйлестіре білуінде.

Slide 11

Футболдағы жүгіру

Жүгіру - футболдағы қозғалыстың негізгі әдісі. Жүгірудің көмегімен допқа иелік етпеген футболшылар түрлі қозғалыстар жүргізеді. Сонымен қатар жүгіру допты баөылау технкасының негізгі бөлігіне жатады.

Slide 12

Секіру

Секірулер - оларды тоқтау мен бұрылыстардың кейбір тәсілдерін орындау үшін қолданады. Секірулер жекелеген соққы әдістерінің, допты кеудемен, аяқпен және баспен тоқтатудың, кейбір финттердің техникаларының негізгі бөлігіне жатады. Ойын барысында секірулер алға, жан-жаққа, жоғары және олармен аралас бағыттарға қолданылады. Барлық секірулерге итеріліс, ұшу мен жерге түсу фазалары тән. Секірудің екі тәсілі бар: бір аяқпен және екі аяқпен итерілу арқылы.

Slide 13

Жаттығу әдісі

1. Үйренуші қорғану қалпын қабылдайды және мұғалімнің белгісі бойынша аяқ ұшына көтеріліп, бастапқы қалыпқа қайта келеді.

2. Қорғану қалпын қабылдап, алға-артқа, оңға-солға жүру, содан соң дәл солай түрлі бағыттармен баяу қозғалу.


Ұқсас жұмыстар
Футбол ойынының тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФУТБОЛДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Футбол қақпасы
Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер
АЛҒАШҚЫ КЛУБ
Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы
Ж.Пиаже 1921-1922 жж.  Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы
Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде
Футбол ойыны
Футбол ойынының ережесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz