Шеміршекті балықтар



Шеміршекті балықтар

Жоспары:
Шеміршекті балықтарға сипаттама
Өкілдері, классы
Акуланың сырты құрылысы
Асқорту мүшесі
Тыныс алу мүшесі
Қанайналым мүшесі
Нерв системасы
Зәр шығару мүшесі
Түрлері

Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері жиі кездеседі. Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 - 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс - клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады немесе ұрықтанған жұмыртқа салады. Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.





Қаңқасы


Асқорыту мүшелері.
Асқорыту мүшелері. Акуланың ауыз тесігі бетінде қуатты
тістері бар жоғарғы және төменгі жақтармен көмкерілген. Ауыз
қуысы желбезек саңылаулары бар жұтқыншаққа жалғасады. Сондай-
ақ жұтқыншаққа желбезек саңылауының рудименті (қалдығы) ретінде
бүріккіште ашылады.
Жұтқыншақ түбінен басталатын қысқа өңеш,
сәл иілген қарынға ашылады. Қарыннан қысқа ашішек басталады.
Ашішектің иіріміндегі шажырқай арасында ұйқы безі орналасады.
Тоқішек біраз көлемді, оның ішінде қалташықтары (спиральды
клапан) бар.
Акуланың бауыры үлкен, онда өт қапшығы болады. Өт
жолы ашішекке ашылады. Сондай-ақ осы ішекке ұйқы безінің ағыны
кіреді. Ішек трактасы клоака қуысымен шектеледі, соңғысының тесігі
тысқа ашылады.


Асқорыту мүшесін салыстыру
Шеміршекті балықтардың асқорыту жүйесінің
дөңгелекауыздылармен салыстырғанда құрылысы мен қызметінің күрделенгендігі және бөлімдерге жақсы жетілгендігімен ерекшеленеді. Қарынның артқы жағында көкбауыр орналасқан

Тынысалу мүшесі

Қанайналу жүйесі


Нерв системасы

Жүйке жүйесі бас және арқа миларынан тұрады. Бас миы
салыстырмалы түрде үлкен. Ол бес бөлімнен тұрады: алдыңғы,
аралық, ортаңғы, мишық және сопақша милар. Барлық бөлімдерде
жақсы жетілген. Ми заттары алдыңғы мидың түбінде, жанында және үстінде болады. Мишығы үлкейген. Шеміршекті балықтардың бас миынан сезім және басқа мүшелерді иннервациялайтын он жұп
аймақтық жүйкелер тарайды


Сезім мүшелері
Шеміршекті балықтарда иіс қапшығы жұп, ол
жұқа тері арқылы екіге бөлінген. Иісті өте жақса сéзеді. Мысалы
акула судағы қанның иісін шамамен 500м-ден сезеді екен. Акуланың
жұп көзі нағыз балыққа тән құрылысқа ие болған. Қасаң қабығы тегіс,
қарашығы дөңгелек, қабағы жоқ. Көптеген шеміршекті балықтардың
торлы қабағында бақал пішінді жасушалардың болмауына
байланысты түсті жақсы ажыратпайды. Есту мүшесі ішкі құлақ
немесе жарғақты лабиринт түрінде. Ол үш жарты шеңбер пішінді
өзектердің бір-біріне перпендикуляр орналасуынан тұрады. Су
ағысының бағытын және басқада жағдайларды денесінің екі жанында
орналасқан бүйір сызығы арқылы сезеді.

Зәр шығару мүшесі


Көбею мүшесі
Көптеген шеміршекті балықтардың аналығында жұмыртқа безі жұп болады. Ал жұп жұмыртқа жолы (мюллеров өзегі) жұмыртқа безімен тікелей жалғаспайды. Жұмыртқа жолының шұңқыры дене қуысында болады. Жұмыртқа жолының бойында қабық безі және жатыр орналасқан. Аналықтарында жұмыртқа жолы мен несеп жолы (вольфов өзегі) өз алдына бөлек, бір-бірімен қатысы
жоқ.
Ал бүйректің алдыңғы ұшы несеп
бөлу қызметін атқармайды, ол тұқым қосалқысы ретінде сақталады.
Вольфов өзегінің төменгі жағы кеңейіп тұқым қапшығын құрайды.
Вольфов өзектері зәр-жыныс қойнауына (синус) кіреді, ол клоака
қуысына ашылады
Жұп тұқым безі жіңішке өзекшелер арқылы бүйректің алдыңғы бөлімімен байланысады. Ол өзекшелер бүйрек затының арасымен өтіп вольфов өзегімен жалғасады. Сондықтан вольфов өзег ішеміршекті балықтардың орталықтарында тұқым жолдарыныңқызметін атқарады.


Плащты акулалар отряды- Chlamydoselachiformes. Оның бір
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz