Кения Республикасы: географиясы, демографиясы, табиғи ресурстары және экономикасы

КЕНИЯ
КЕНИЯ
Кения Республикасы(ағылш. Репұбліц оф Кеня) - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 582, 6 мың км². Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиандінінің католик және протестанттармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Кения - Британ достастығынакіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған президент басқарады (1978 жылдан Даниэль арап Мои) . Жоғары заң шығарушы орган - бір палаталы Ұлттық жиналыс. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға және астаналық округке бөлінеді. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Саванналықөсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде - тропиктік ормандар, таубасында шалғынды өсімдіктер өседі.
Тәуелсіздік күні: 12 желтоқсан 1963 жыл
Елордасы: Найроби
Үкімет түрі:президенттік республика
Ресми түрлері: ағылшын, суахили
Жер көлемі - 582, 6 мың км².
Халқы - 28, 8 млн. адам
Ақша бірлігі - Кения шиллингі.
ХАЛҚЫ
Халқы 28, 8 млн. адам (1999) . Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя(14%), луо (13%), календжин (11%), камба(11%), т. б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады.
ДІНІ
Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиандінінің католик және протестанттармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Христиандар - 82, 5 %, мусульмандар - 11, 1 %, аборигендер - 1, 7 %, басқалары - 2, 2 %, атеистер - 2, 5 %
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ
Кения Шығыц Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Жері қызыл, латериттік, шалғынды қара-сұр топырақты келеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде - тропиктікормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі. Кен байлықтары: көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметаллкентастары. Климаты субэкваторлық: қаңтардағы орташа температура 14 - 24С; шілдеде 12 - 25С, жылдық жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден (солтүстік-шығыс) 2000 мм-ге (батыс) дейін. Өзендері шағын келеді. Ірілері Тана мен Галана Үнді мұхитына құяды. Көлдері - Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магеди, т. б.
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАР, ҚОРЫҚТАР
Жерінде Амбосели, Мара, Марсабит, Агонгқорықтары және Меунт-Кения, Найроби, Цаво, т. б. ұлттық саябақтар орналасқан. Оларда піл, керік, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйеқұс, т. б. бар. Өзендерінде қолтырауын, бегемоттаркездеседі.
ЭКОНОМИКАСЫ
Кения экономикасы нашар дамыған ел. Халқының 80%-ы ауыл шаруашылығында, 7%-ы - өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Елдегі жұмыссыздар саны - 16%. Елдің жылдық ұлттық өнімі - 9, 3 млрд. АҚШ долл-ы шамасында. Шетке: шай, кофе, мұнай өнімдері, жеміс-жидектер шығарады. Елге сырттан: шикі мұнай, машиналар, өнеркәсіп тауарлары, химия өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Уганда, Ұлыбритания, Танзания, Германия, Жапония, Біріккен араб әмірлігі, т. б.