Алғы сөз
Презентация қосу
БАУЫРЖАН
МОМЫШҰЛЫ
(1910- 1982 ж.ж.)
БАУЫРЖАН ДА
БАУЫРЖАН ДА ТУАР,
ТУАР,
ҚАСЫМ ДА
ҚАСЫМ ДА ӨМІРГЕ
ӨМІРГЕ
КЕЛЕР
КЕЛЕР
Бірақ бұл
Бірақ бұл басқа
басқа ғасырда
ғасырда
болар
болар
алға
алға
Құрастырушы: Тараз
Құрастырушы: Тараз техника
техникажәне
және бизнес
бизнесколледжінің
колледжініңбілімгері
білімгері
ИланбековаАйгерім
Иланбекова Айгерім
Алғы сөз
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бұл электрондық оқулық- қазақ халқының бір
туар батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, республикамыздың мемлекеттік
білім беру саясатындағы ізденістер болашақ ұрпаққа жүйелі білім беру ісінде елеулі міндеттер
жүктеп отыр.. Сондықтан да біз халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен
шығармашылығы туралы әр кез есте сақтап жүруіміз керек. Барлығымыз білетіндей қазақ
халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы ел басындағы ірі
тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Бауыржан Момышұлының қаһарман командир ретіндегі
атақ даңқы, әсіресе фашистер КСРО астанасы- Москваны басып алу барлық қарулы күштерінің
негізгі тобын шұғыл шоғырландырып, Волоколам, Старая Русса-Холм бағыттарында жанталаса
ұмтылған кезеңде 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың алғашқы айларында бүкіл елімізге әйгілі
болды.
Батыр шықты қазақ деген қауымның,
Қорықпайтын боранменен дауылдан.
Францияда тулса, болар еді, Бонопарт,
Қазақстанда туылып,
Болып қалған Бауыржан!
Аты аңызға айналған жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлының әдебиетке келу
жолы мен жазушылық өнерінің өзіндік ерекшелігі бар қайталанбас қаламгер ретінде танылып
кеткенін әлдеқашан . Жазушылық қаламынан туған шығармаларды тұтастай алғанда Ұлы Отан
соғысындағы жауынгер тұлғасының қалыптасу процесі мен соғыстағы адам психологиясын ашуға
бағытталып қазақ әдебиетінде жауынгерлік мемуарлық жанрдың табиғатына сай ту ұстаушы
өзіндік стильдік ерекшелігі бар, соны құбылысқа айналып отыр.
МАЗМҰНЫ
1 . Өмірбаяны
2 . Өлеңдері
3 . Мақал-мәтел және нақыл сөздері
4 .Ұшқан ұясы
5 . Солдат әні
6. Бауыржан Момышұлының батасы
Өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың
даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау
мекені.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз
уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге
шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын
алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы
мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына
шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан
даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы
маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының
құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық
дивизияны басқарады.
Туған жер
Туған жерім Мыңбұлақ,арнаулы ақсай,
Ішсем суы татиды шекер-балдай.
Қызғалдақ,қалың егіс,көк жоңышқа,
Сенен артық,жер,шіркін,өтер қандай!
Көкорай шалғын,кең өлкем жерін
дәнді,
Жазың салқын,жайлауың малға жайлы,
Сағынып алыс жерден келгенімде,
Көзім тойып көріңе мейірім қанды.
Сен туғанда қуанды жұрт шалқыды,
Ана жаны «ұлым»деді,балқыды,
«Ер болсын»деп бата беріп аталар,
Айтқан соны әнмен жыр да аңқыды.
Сен өлгенде жыласын жұрт,зарлап ел,
Төгілсін жас тамшыласын,болып сел,
Қайтыс болды дүниеден бір сарбаз
Деп боздасын күңіреніп қара жер.
(1940 жыл)
Ана тілін ардақта
Көшеде бояу ерін сылқылдаған,
Былдырап орысшалап жырқылдаған,
Ұмытып ана тілін,салт-санасын,
Не қалды тілімізде жыртылмаған.
Отбасы түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте қазақ сөзі аз,шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық,
Ойпырмай сандырақ па,бұл не былжыр!
Ержеткендер сөлейді орысшалап,
Кім отыр сөз құрлысын қынап-сынап,
«Мамасы» мен «папасы»шүршіт болып,
Күйдірді-ау,шүршітшілеп,бала жылап.
(15.2.1944 жыл)
Баукеңнің бір қақпайлары
Уа,жалған,сен бе жалған,мен бе жалған,
Жалғандықты затымызда қайдан қалған?
Серкедей таяқ жеген серттен қайтып,
Өзіме өзім нанбай көңілім қалған.
Ғылымнан надан артпас ұққанменен,
Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.
Бұрынғы қалпымнан аса алмаппын,
Кейбіреуден ерте өрлеп шыққанменен.
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар секскен мен жүздігімді,
Тарихтың түпкірінен сөз келгенде.
Сарнатқан қыл қобызды Қорқыт бабам,
Жаһаннан бір тиянақ таба алмаған.
Түкіріп жүзі қара сұм өмірге
Тайсалмай суық көрге өзі-ақ барған.
Жоқшылық ер жігітке намыс емес,
Жоқ болсан өз туғанын таныс емес.
Суық үй,дәмсіз тамақ,салақ қатын-
Үшеуі кедейліктен алыс емес.
Шерлі ақын қазағын деп еңіреп өткен,
Жанына елдің зарын арқау еткен.
Қайысып бірақ сынбай көп жағдайда
Ерлікпен шыбын жаның құрбан еткен.
Өмірінде жетпіс жасқа ақын жеткен,
Көп жылдары айдаумен түрмеде өткен,
«Өлмеймін,менікі де өлмейді»деп,
Салы айдап Енесейде суға кеткен.
Мақал-мәтелдің сөз өнерінде алатын орны ерекше
Кірпішсіз сарай сала алмайсың.
Ұшқынсыз от тұтанбас
Мейірім болмаса сүйе де алмайсың
Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес
Әскерсіз- қолбасшы қауқарсыз, басшысыз- әскер әлсіз
Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет
Намысты нанға сатпа
Өмір үшін өлгенше күрес;
Салақтықта сақтық жоқ
Отанда опасызға орын жоқ;
Шегініп серке болғанша, секіріп теке бол
Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»
атты кітабында жазушы басқа кітаптарға
қарағанда, ерекше мән беретіні байқалды.
Әйтеуір жазушы атаулының бір шығармасы
тонның ішкі бауындай жақын тартып, бауыр
басатын әдеті бар емес пе? Мұның басты
себебі «Ұшқан ұя» повесін Бауыржан
Момышұлы мемуарлық жанрдағы шығарма
ретінде жазғаны мен ол әулетті проза
деңгейіне көтерілген нағыз көркем туынды
болуында жатса керек. Өйткені, нақтылы өмір
шындығынан ғана екшеп, іріктеп алынған
оқиғалар мен адамдар тағдырын өз қалауынша
өзгерте суреттеуге мемуарлық жанр табиғаты
ырық бере бермесе де нақтылы дара кейіпкерді
нағыз типтендіру дәрежесіне көтере алған. Бұл
ерекшелік оқырман сезімін өзіне баурап
шығармадағы өмір шындығы мен өзін
ұмыттыра араластырып, ыстығына күйдіріп,
суығына тоңдырып өзі араласып жүргендей
сезіндіру тек ғана жұлдызы жоғары
туындылардың қолынан ғана келетін қасиет.
«Ұшқан ұя» дәл осы қасиетке ие кітап.
Солдат әні
Қай жерде отыр екен бота көзім,
Жайнатып мөлдіреген қара көзін.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Жеңіспен аман қайтар келсе кез
Сағынғанда сені,
Ойлаймысың мені?
Мөлдіреген көзің,
Балдан тәтті сөзің.
Айналайын,
Сәулетайым,
Сәулем,
Сәулем,
Сәулем,
Ғашық жарым,
Қалқатайым.
Шат болып қуанышпен келер едім,
Келбетті, айдай жүзің көрер едім,
Мәңгілік адал ниет жан-жарымды
Армансыз құшақ жайып өтер едім
Бауыржан Момышұлының батасы
Тілегім қабыл ет, иманымызды кәміл ет,
тозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта,
парақор соттан сақта, кірлі су мен жуыстан
сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек
батылдан сақта, көк долы қатыннан сақта,
колхозды жеген бастықтан сақта, адамды
қадірлемес есерден сақта, нанды басқан
кесірден мақта, кірген келіннен, мезгілсіз
келген өлімнен сақта.
Иә, Алла Тағала! Өмір берсен жайлы ғып
бергін. Дәулет берсен сайлы ғып бергін.
Еңбегіміз өрісті болсын. Қаңбағымыз астыққа
толсын, көсегеміз көгере түсіп, мың қырған мал
өріске толсын. Әйел берсен әдепті, жаңға
тыныш, жайлы ғып бергін. Келін берсен келісті
ғып бер. Ағаш берсен жемісті ғып бер. Иә, Алла
Тағалам! Жомар толсан осы айтқанның
барлығын үйіп-төгіп бір-ақ бер. Аллауәкбәр!
Қазақ халқының бір туар батыры Бауыржан
Момышұлының өмірінен үзінді .........
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz