Сепсис: этиологиясы, клиникалық-морфологиялық жіктелуі және патоморфологиясы


Slide 1

Сепсис

Құрастырған аға оқытушы Артыкбаева Н. Т.

Slide 2

Жіктелуі.

Этиологиясы бойынша сепсис стрептококкты, стафилококкты, пневмококкты, туберкулезді, мерезді, саңырауқұлақты және т. б. болады.

Slide 3

Клиникалық ағымы бойынша сепсис

кенеттен дамитын,

жедел,

жеделдеу,

созылмалы түрлері болады.

Slide 4

Сепсис кезінде инфекцияның кіру жеріне қарап:

терапевтік,

хирургиялық,

гинекологиялық,

одонтогендік,

отогендік,

кіндіктік,

урогендік және т. б. түрлерін ажыратады.

Slide 5

Клинико-морфологиялық жіктелуі:

Септицемия

Септикопиемия

Cептикалық эндокардит

Хрониосепсис

Slide 6

Септицемия.

Ірінді метастаздар болмайды

Тері мен шырышты қабықтарда - гемолитикалық сарғаю

Теріде петехиялар, сірлі мен шырышты қабықтарда, паренхималық ағзаларда қан құйылу ошақтар - геморрагиялық синдром

Көк бауыр мен лимфа түйіндерде - гиперплазия

Паренхималық ағзаларда - жүректе, бауырда, бүйректе - аралық қабыну.

Slide 7

Септикопиемия

Инфекцияның қақпасында - ірінді қабыну

Ішкі ағзаларда - ірінді метастаздар

Септикалық ошақ табылады - ірінді қабыну ошағы, ошақтың аймағында ірінді лимфангит пен ірінді лимфаденит, ірінді тромбофлебит

Лимфа тініндегі және көк бауырдағы гиперпластикалық үрдістер аз болады.

Slide 8

Ми тініндегі микробтар колониялары

Slide 9

Ірінді энцефалит

Slide 10

Ірінді менингит

Slide 11

Ірінді гепатит

Slide 12

Ірінді гепатит

Slide 13

Ірінді нефрит

Slide 14

Жүрек қан тамырында ірінді-бактериалды эмбол

Slide 15

Микробтар колониялары бар ірінді миокардит

Slide 16

Микробтар колониялары бар ірінді миокардит

Slide 17

Микробтар колониялары бар ірінді миокардит, ірінді перикардит

Slide 18

Миокард абсцесі

Slide 19

Септикалық эндокардит

Қақпақшаларда полипозды-жаралы эндокардит дамиды.

Макроскопиялық көрінісі: қақпақшалардың үстінде полипке ұқсас тромбтық массалар пайда болады, олар ерте әктенеді. Полипозды тромбтық заттар алынғанда, олардың орнында жаралар пайда болады, кейде олар беткей, кейде қақпақшалардың деструкциясына соқтырады

Slide 20

Микроскоппен зерттегенде қақпақшаларда некроз ошақтары, айналасында лимфоциттерден, гистиоциттерден, макрофагтардан тұратын сіңбелер анықталады. Жасушалардың арасында бактериялар колониялары табылады. Некроз аймағында массивты тромбтық массалар көрінеді. Олар организацияға ұшырайды. Грануляциялық тін жетілгенде жүрек қақпақшалардың пішінің өзгертеді, жүрек ақауының пайда болуына соқтырады.

Slide 21

Қолқа қақпақшаларындағы вегетациялар

Slide 22

Митральды қақпақшадағы вегетациялар

Slide 23

Үш жармалы қақпақшадағы вегетациялар

Slide 24

Қақпақшадағы микробтар колониялары

Slide 25

Лукин-Либман дақтары

Slide 26

Көк бауырдың инфаркты

Slide 27

Хрониосепсис

Ұзақ уақыт жазылмайтын септикалық ошақтын болуымен сипатталады. Мысалы, ондай септикалық ошақ кариозды тістерде, бадамша бездерде болады. Ағзалармен тіндерде атрофиялық өзгерістердің болуымен сипатталады. Организмде сему, сусыздану байқалады, көк бауыр кішірейеді, бауырда, миокардта, бұлшық еттерде қоныр атрофия анықталады.


Ұқсас жұмыстар
Балалар хирургиясындағы хирургиялық сепсис: этиологиясы, клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу әдістері
Гломерулонефриттер: этиологиясы, патогенезі, жіктелуі және морфологиялық сипаттамасы
Жедел панкреатит: клиникалық-морфологиялық жіктелуі, патогенезі және емдеу принциптері
Ірі қарада жарақатты перикардиттің патоморфологиясы, этиологиясы және клиникалық-диагностикалық ерекшеліктері
Балалардағы өкпенің жедел қабыну аурулары: пневмониялардың жіктелуі, этиологиясы және клинико-морфологиялық негіздері
Бүйрек амилоидозы: этиологиясы, патоморфологиясы және диагностикасы
Қарасан (Gangrena emphysematosa): этиологиясы, клиникалық белгілері, патоморфологиясы және профилактикасы мен емі
Тілме: этиологиясы, клиникалық жіктелуі, диагностикасы, емі және профилактикасы
Жануарлардағы гастрит: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Полигенді аурулар: анықтамасы, этиологиясы, жіктелуі және клиникалық көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz