Өкпенің жедел қабыну аурулары


Slide 1

Өкпенің жедел қабыну аурулары Балалардағы ерекшелігі

Slide 2

Дәрістің жоспары

1) Өкпенің жедел қабыну аурулары (ӨЖА) . Анықтамасы. Жіктелуі.

2) Бронхопневмониялар. Этиологиясы, патогенезі. Қоздырғышына байланысты әртүрлі пневмониялардың морфологиясы, асқынулары, нәтижесі.

3) Крупозды пневмония. Морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары. Нәтижесі.

4) Балалардағы ерекшелігі

Slide 3

Өкпенің жедел қабыну аурулары дегеніміз - этиологиясы, патогенезі және клинико-морфологиялық көріністері әртүрлі, өкпенің респираторлы бөлігінің жедел қабынумен сипатталатын үрдісті айтамыз

Slide 4

Өкпенің альвеола қуысында экссудаттың жиналуымен жүретін жедел қабыну түрін - пневмониялар деп атаймыз (паренхималық)

Егер жедел қабыну ошағы альвеоланың қабырғасында дамып, альвеола қуысына екінші ретте жиналса, бұл үрдісті - пневмониттер деп атаймыз (интерстициальді)

Slide 5

Этиологиясы

Пневмококтар - Streptococcus pneumoniae

Клебсиелла

Көк іріңді таяқша

Пфейффер таяқшасы

Стрептококтар

Стафилококтар

Ішек таяқшасы

Протей

Гемофильді таяқша

Легионелла

Иерсиния және т. б

Slide 6

Этиологиясы

Вирустар: грипп вирусы, аденовирустар, респираторлы-синситиальді вирустар, парагрипп вирусы, қызылша вирусы;

Микоплазмалар

Саңырауқұлақтар: актиномикоз,, аспергиллез; рекетсиялар (Ку-қызбасы) ; қарапайымдылар (пневмоциста) және аралас флора

Slide 7

Қатер факторлары:

Жоғарғы тыныс жолдарының вирусты инфекциясы

Бронхиальді тармақтардың обструкциясы

Иммунодефицит

Алкоголь

Темекі

Улы заттар және шаң жұту

Жарақат

Өкпе қан айналымының бұзылыстары

Операциядан кейінгі кезең

Массивті инфузионды терапия

Кәрілік

Қатерлі ісіктер

Суықтану

стресс

Slide 8

Өкпе қан тамырларының рак жасушаларымен эмболиясы

Slide 9

Өкпенің геморрагиялық инфаркты

Slide 10

Инфекцияның өкпеге түсу жолдары:

ауа-тамшылы - тыныс алған ауамен

Аспирациялық - мұрын және жұтқыншақ арқылы

Гематогенді - басқа инфекция ошақтарынан

Контагиозды - жақын инфекция ошақтарынан

Slide 11

Жедел пневмониялар: этиологиясына, патогенезіне, клинико-морфологиялық түрлеріне, нозологиясына, үрдістің таралуына, ауырлығына, ағымына байланысты жіктеледі

Slide 12

Патогенезіне қарай: біріншілік

екіншілік

Біріншілік пневмония дегеніміз - науқаста басқа тыныс ағзаларының аурулары болмаған жағдайда өз алдына дамиды

Мысалы: крупозды пневмония, бронхопневмония

аралық пневмония

Slide 13

Екіншілік пневмониялар:

Тыныс алу жүйесінің басқа созылмалы сырқаттарында

Инфекциялық (инфекция ошағы басқа ағзада) сырқаттарда

Соматикалық ауруларда

Аурухана ішілік пневмониялар

Иммунды тапшылық жағдайларында

- Аспирациялық

Гипостаздық

Slide 14

Клинико-морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты: бөліктік (крупозды) бронхопневмония (ошақты) интерстициальді (альвеолит)

Таралуына қарай: ацинарлы, милиарлы, ошақты-жайылмалы, сегментарлы, полисегментарлы, бөліктік, тотальді

Ағымына қарай: ауыр, орташа, жеңіл; жедел және созылыңқы.

Slide 15

Крупозды пневмония - өкпенің жедел инфекциялық-аллергиялық қабынуы

Этиологиясы: 1, 2, 3 типті пневмококтар, клебсиеллалар шақырады

Slide 16

Патогенезі

Өкпенің респираторлы бөлімінде тез дамушы жоғарғы сезімталдықтың дамуымен сипатталады

Slide 17

Морфогенезі, патологиялық анатомиясы

Төрт сатыдан тұрады:

Ісіну сатысы

Қызыл бауырлану сатысы

Сұр бауырлану сатысы

Шешілу сатысы

Slide 18

Ісіну сатысы - аурудың алғашқы күндерінде дамиды.

Макроскопиялық көрінісі - өкпе ісінген, қанға толған. Аускультацияда - майда және ірі колибрлі сырылдар есітіледі

Микроскопиялық көрінісі - альвеола капиллярларының айқын қан толуымен, интерстициальді ісінулермен, альвеола қуыстарында сұйық экссудаттың жиналуымен сипатталады

Slide 19

Ісіну сатысы

Slide 20

Қызыл бауырлану сатысы - аурудың 2-ші тәулігінде дамиды.

Макроскопиялық көрінісі - өкпе үлкейген, ісінген, консистенциясы тығыз, қызыл түсті.

Микроскопиялық көрінісі - экссудат құрамында көп мөлшерде эритроциттер, бірлі жарымды лейкоциттер, макрофагтар және фибрин жіпшелері кездеседі

Slide 21

Сұр бауырлану сатысы - 4 - 6-шы тәулікте дамиды.

Макроскопиялық көрінісі - зақымданған бөліктің көлемі үлкейген, ауыр, тығыз, ауасыз. Кесіп қарағанда өкпе беті түйіршікті. Плевра қалыңдаған, сұр фибрин жіпшелерімен жабылған.

Микроскопиялық көрінісі - альвеола капиллярларының босаңсуы, экссудатта лейкоциттер, макрофактар, фибрин

Slide 22

Сұр бауырлану сатысы

Slide 23

Сұр бауырлану сатысы

Slide 24

Шешілу сатысы - 9-11 тәулікте дамиды. Фибринозды экссудат макрофактардың протеолиттік ферменттері әсерінен ериді. Экссудат өкпенің лимфа дренажы арқылы сорылады және қақырықпен шығарылады. Плеврадағы фибринозды экссудат сорылады.

Slide 25

Асқынулары

Өкпелік:

1) Өкпе карнификациясы - лейкоцит, макрофактардың ферменттік қызметінің нашарлауынан экссудаттың организациясы

2) Жедел абсцесс немесе гангрена дамуы

3) Плевра эмпиемасы

Өкпеден тыс:

Лимфогенді таралуынан - іріңді медиастенит, перикардит

Гематогенді таралуынан - ми абсцессі, іріңді менингит, жедел полипті-жаралы эндокардит, іріңді артрит, перитонит ж. т. б

Slide 26

Өлім себебі: жедел өкпе-жүрек жетіспеуінен немесе іріңді асқынуларынан

Slide 27

Бронхопневмония, немесе ошақты пневмония дегеніміз - өкпе паренхимасында ацинустан сегментке дейінгі көлемде өтетін, бронхиоламен байланысты жедел қабыну ошағы.

Slide 28

Патогенезі

Таралу жолдары:

Ауа-тамшылы жолмен жоғарғы тыныс жолдарынан

Гематогенді

Контактілі

Slide 29

Дамуына байланысты:

Аспирациялық (Мендельсон с-мы, нәрестелік)

Гипостаздық (қанның іркілуі)

Операциядан кейінгі (аутоинфекция)

Аурухана ішілік (оппортунистік инфекция)

Slide 30

Жеке қоздырғыштарға байланысты пневмониялардың морфологиялық ерекшеліктері

Пневмококты пневмония: ең жиі кездесетін түрі. Қабыну ошақтары бронхиоламен байланысата болады және фибринді экссудат түзіледі. Қабыну ошағының шетінде микробты ісінулер және қоздырғыштар табылады

Slide 31

Стафилококты пневмония: сирек кездеседі. Фарингиттен кейінгі асқынуы ретінде дамуы мүмкін. Геморрагиялық және деструктивті бронхитпен, альвеола қабырғаларының некрозымен сипатталады

Асқынуы - жедел абсцесс, іріңді плеврит, пневматоцеле, кисталар, өкпе тінінің фиброзы

Slide 32

Стафилококты пневмония

Slide 33

Стрептококты пневмония: А және В тобындағы гемолиздеуші стрептококтармен шақырылады. Қантты диабет ауруларында жиі кездеседі.

Макроскопиялық көрінісі - төменгі бөліктері зақымданады

Микроскопиялық көрінісі - интерстициальді және альвеола қуысында серозды - лейкоцитарлы экссудат көрінеді.

Асқынулары: жедел абсцестер мен бронхоэктаздар, плеврит

Slide 34

Стрептококты пневмония

Slide 35

Көк іріңді таяқша шақырған пневмония: аурухана ішілік инфекцияға жатады.

Өкпеге кіру жолы: аспирациялық, гемотогенді

Аспирациялық жолмен енгенді - абсцестер және плеврит дамиды.

Қатерлі ісік, жайылған іріңді жаралар кезінде - бронхопневмония айқын коагуляциялық некроздармен және геморрагиялық компаненттермен өтеді.

Slide 36

Ішек таяқшасы шақырған пневмония:

Несеп, асқазан-ішек жолдарының инфекциясы кезінде және хирургиялық шаралардан кейін өкпеге гемотогенді жолмен енеді.

Морфологиясы: екі жақты пневмония дамиды. Геморрагиялық экссудат.

Асқынуы: абсцестер

Slide 37

Саңырауқұлақтармен шақырылған пневмония: жиі Candida тобының саңырауқұлақтарымен шақырылады.

Морфологиясы: көлемі әртүрлі қабыну ошақтары, некрозды қуыстар түзуі мүмкін. Экссудат лейкоциттер мен эозинофилдер саңырауқұлақ жіпшелері кездеседі. Өкпе тінінде фиброз дамуы мүмкін.

Slide 38

Саңырауқұлақты пневмония

Slide 39
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Өкпенің бактериялық жойылуын емдеу
Кеуде мүшелері және сүт бездерінің хирургиялық аурулары
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
Өкпенің инфекциялық аурулары
Жасанды тыныс алдыру
Бронхоэктазды аурудың емі
Аурудың анамнезі
Тыныс жетіспеушілігінің формалары
Қанның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz