Тамырдың соғуын анықтау


Slide 1

Жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту.

Жүрек пен қан тарайтын тамырлардың ауруынан жиі өліп кетеді, сондықтан осындай сырқаттарды күтуде мейіркеш ролі өте зор әрі жауапты.

Тамырдың соғуын анықтау: Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамыр соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасымен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арнасы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларын эластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты тамыр соғуының жиілігі минутына 60-тен 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жасына, жынысына, ден температурасына жіне қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады.

Slide 2

Тамыр соғуының жалпы іздейтін жері - кәрі жілік артериясы. Тамырдың соғуын самай, сондай-ақ ұйқы мен ұршық артерияларынан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі - сипау, әдетте білектің алақан жағындағы 1саусақтың негізін сипап табады. Бұлшықет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қолы еркін жатуы керек. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтайды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда I саусақты шынтақ жағында, ал II, III және IV - кәрі жілік, тікелей кәрі жілік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамырдың жұмсақ та шымыр соғуы сезілсе, ол қалыпты болмағаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып тұрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жіліктің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысуға болмайды, себебі қысымнан тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін.

Slide 3

Тамырдың жиі соғуы - тахикардия деп, сирек соғуы - брадикардия деп аталады. Тахикардия кезінде де, брадикардия кезінде де түрліше асқынулар болмауы үшін сырқатты мұқият қадағалау қажет. Тамырдың соғуын санау 30 секундтан кем болмауы тиіс, бұдан алынған санды 2-ге көбейтеді. Тамырдың ретсіз соғуы кезінде 1 минут бойы саналады.

Slide 4

Қан қысымын анықтау.

Қан қысымы - жүректің жиырылып, босаған кездеріндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да жүрек-қан тамыры жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары кенерелерінің созылмалығына байланысты. Қан қысымы систола, диастола және пульсті қысымдар болып бөлінеді. Систола қысымы - тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген сүттегі қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін-ақ пайда болады. Диастола қысымы - жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады. Систола және диастола қысымдарының саны арасындағы айырма пульс қысымы деп аталады. Қан қысымын өлшеу - жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс.

Slide 5

Қан қысымын өлшеу үшін әртүрлі приборлар қолданылады. Сынап сфигмоманометр манометрден, манжеттен, алмұрт тәрізді баллоннанжәне прибордың бөліктерін өзара қосатын түтіктер жүйесінен тұрады. Прибордың қақпағына орнатылған манометр - төменгі шеті 15-20 мл сынап құюға арналған шыны резервуарлар дәнекерлеп ұстатқан шыны түтік. Манометрге милиметрлік бөліктері бар шкала қосылған. Шыны түтіктегі сынаптың деңгейі 0-ге қойылған. Манжет дегеніміз ені 12-14см, ұзындығы 30-50см толы резеңке қап. Қапқа қалың матадан құндақ кигізілген, ол резеіке қапқа ауа үрлегенде созылмай, тек адамның иығын басынқырап тұруға арналған.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Косметикалық операция кезде ауырсындырмау жасау және оның техникалары туралы
МЕЙІРБИКЕЛІК ПРАКТИКАНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ
ЖҮРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАР
Операция кезінде болатын қан ағу түрлері, қан тоқтату
Жүректің бəсең атимпаниялық дыбысы журектің өкпелер жауып тұратын жерін перкуссиялағанда шығатын дыбыс
Буаз малдың жағдайын бақылау
Ингаляциялық наркоздық заттар, олардың ветеринариядағы маңызы
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz