Күріш дақылының шаруашылықтық маңызы


Slide 1

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Күріш дақылының шаруашылықтық маңызы

2. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері

3. Күріштің өсіру технологиясы

4. Күріш шаруашылығының тәуелсіздік жылдарындағы ғылми

жетістіктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 2

Жер шарындағы егіншілік кәсібінде егісінің көлемі жағынан күріш бидайдан кейін екінші орын, ал жалпы өнімі жағынан бірінші орын алады. Ол әсіресе Қытайда, Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Бирма және Азияның басқа елдерінде көбірек егіледі. Жер шарындағы егістің көлемі 150 млн. га жуық.

ТМД мемлекеттерінде күріш егумен Ресей, Украина, Орта Азия республикалары және Қазақстанның 4 облысы шұғылданады. Күріштің ТМД-дағы егіс мөлшері 700 мың. га алып жатыр. Ресейде күрішті көп егетін өлке Краснодар. Бұл өңірде барлық алатын күріштің 35% өнімін жасайды. Бұл өңірде жылына 2, 5-2, 7 млн. т күріш жиналады. ТМД бойынша күріш өнімділігі 80 жылдарда 42 центнер болды. Краснодар өлкесінде күріштің бір гектарынан орташа 50центнер өнім жиналады. Ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтардан 70-80 ц өнімалынды, осындай жоғарғы көрсеткішке Өзбекстан күрішшілері де жетіп отыр (70 ц /га) .

Қазақстанда күріштің көлемі 1991 жылы 118 мың га болды. Негізінен күріш республикада 3 облыста өсіріледі: Қызылорда облысы 82 мың. га, ОҚО облысы 50 мың. га, Алматы 17 мың. га. 2009 жылы республика бойынша орташа көрсеткіш 44, 2 ц.

Slide 3

Күріш тұқымы өзінің өсіп өнуі үшін тиісті жылылық пен судың қажетті мөлшерде болуын талап етеді. Күріш дәндері өзінің салмағына шағып есептегенде 25-30% ылғал, яғни су сіңіргеннен кейін өне бастайды. Дән ауаның жылылығы 28-300С шамасында болса, ылғалды өзіне көбірек тартады да, тез өнеді. Күріш дәндері басқа дақылдардың дәніне қарағанда оттегінің көптігіне қарамай өніп шыға береді, ол өзінің бүршіктеп өнуіне оттегін қажет етпейді. Әрине, оттегін кейін жапырақ шығатын мезгілден бастап қажет етеді. Егер осы мерзімде оттегі керекті мөлшерде болмаса, онда тамыр байлау дәуірі кешеуілдеп, ал оның орнына жоғары өсетін жапырақ жасырыншысы өсіп, ауадан тыныс алуға жарық іздейді. Тыныс алу жағдайы жасалған дәндердің жапырақ шығару және тамыр байлау процестері онан әрі жүре бастайды. Дәннің бүршіктеп шығуы мен тамыр байлауына кеміне 13-150С жылылық керек, ал осындай жылылық 120С төмендеп кетсе, онда дәннің бүршіктеп өсу дәуірі тоқтайды. Атыздағы су деңгейлерінің аз немесе көп болуы, егістік жердің тегістігімен оның сортаңдығына байланысты. Әрине, күріш атыздарына әдепкі су салғанда деңгейі 7-10см шамасында ұсталып, кейін дәндер бүршіктеп өсе бастағанда оның деңгейі шалшық су мөлшеріндей етіп түсіріледі.

Slide 4

1912 жылы Киккива, 1928 жылы Като мен Маруяма күріш түрлерінің морфологиялық және биологиялық қасиеттеріне қарап, оның екі түрге бөлінетіндігін анықтаған:

1. Жапондық-бұл түрге жататын күріш көбінесе Жапонияда және Кореяда егіледі.

2. Үндістандық -бұл Үндістанда және Үндіқытай елдерінде өсіріледі.

Үндістандық түрге жататын күріштің ерекшеліктері дәні ұзынша сопақ, ұзындығының еніне арақатынасы 3, 0:1:3, 5:1 көпшілігі қылтықсыз немесе қысқа қылтықты, күріштің жапырағы мен гүлінің қауызында өте жіңішке және қысқа түктері бар, жапырақтары жалпақ, түсі бозғылт көк.

Жапондық түріне жататын күріштің дәндері жалпақ, дәнінің ұзындығының еніне қатынасы 1, 4:1, 2, 9:1 болып келеді, күріштің бұл түрлері көбінесе қылтықты және қылтықсыз болып кездеседі.

Аудандастырылған сорттары: Кубань-3, Краснодарский 424, Уз Рос 7-13, Алакольский, Казахстан 3, Маржан, Авангард, Лиман, Солнечный, Пак- Ли. Күріш үшін ең жақсы алғы дақыл жоңышқа болып есептеледі. Сонымен қатар, күріш ауыспалы егістігіне екпе немесе таза пар енгізген дұрыс, одан кейін күрішті екі жыл егуге болады. Республикада негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. 12-танап жоңышқа, 3-4-танап күріш, 5-танап таза пар немесе сүрлемдік жүгері, 6-7-танап күріш.

Slide 5

Күріш өндіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі-атыз. Оның көлемі 2-3га. Су ағып кетпес үшін танапты айнала биіктігі 30-35см топырақ үйіндісімен қоршайды. Атыздың ені 20м, ұзындығы 700-1500м су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі. Әр отырғызу ұзына бойына бас арыққа қарама-қарсы тереңдігіең кем дегенде 0, 7м қашыртқы арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды шығаруға арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып жабатын қақтағы бар құбырлы жоспарлар арқылы ағып барады.

Ору қыркүйек, қазан айларында жүреді. Күріштің дәні қамырланған кезінде атыздарға су құю тоқтатылады, жер құрғайды. Күріш бөлектеніп орылады. Шашақтағы дәндері 85-90% толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін комбаиндармен жиналып, бастырылады.

Slide 6

Күріш егісі ылғал суда тұруына байланысты оған минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізу аса тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану жердің мелиорациялық жағдайына, топырақтың құнарлығына, алынатын өнімінің мөлшеріне тікелей байланысты. Күріш азотты көп қажет етеді. Оған аса зәру шағы түптену мен генеративтік органдарының құралу кезеңі. Азот тапшы болса, күріш баяу өсіп, нашар түптенеді және шашақтары шала дәндейді. Р күрішке көктеп шыққан уақытта қажет. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктегі белок алмасуы бұзылады, тамырлардың өсуі тежеледі. Калийді күріш өсу кезеңінің екінші жартысында көбірек пайдаланады. Күріштің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін арттыруға жәрдемдеседі. Органикалық тыңайтқыштар (көң) бір гектар жерге 20-30 тонна көң шашу керек. Үстеп қоректендіру ұшақпен жүргізіледі. Мөлшері: N=3ц, Р-5ц (суперфосфат) беру керек.

Slide 7

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына сәйкес респубада ғылымның дамуы мен ғылыми-техникалық прогрессті басқарудың жаңа көзқарастары қалыптаса бастады.

Қазақстанда тәуелсіздікке дейін қазақстандық селекцияның төрт сорты аудандастырылған, оның ішінде үш сорт институтта шығарылды: КзРОС 358 Алтынбеков А. А., Байзақов А. Б., Құрамысов А. Ә., Бәкірұлы Қ., Жәдігерова Н. ) : республикамыздан шет аймақтарға кеңінен танымал, Қызылорда обылысында 1987 жылдан бастап аудандастырылған күріштің Маржан сорты Құрамысов А. Ә., Бәкірұлы Қ., Верещагин Г. А., Әлімбетов Қ. Ә. ) ; Қызылорда облысының оңтүстік аймағында 1992 жылы аудандастырылған АШ-16 сорты Шәкиев Ә. А. ) . Алайда күріш егісінің негізгі көлемін Бүкіл одақтық күріш нститутының Кубань 3, Краснодарский 424 сорттары құрады.

Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығында күріш шаруашылығы саласының негізгі жетістіктері

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Күріштің дән байлауы
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару
Жүрек айнуы
Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс,) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері
Алма жеміс
СУАРУ ТӘСІЛДЕРІ
Түркістан облысының жер ресурстары
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
КҮРІШ ӨСІМДІГІ
Астық дәнді дақылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz