Капуста зиянкестері мен аурулары, олармен күрес шаралары


Slide 1

Жоспар

Кіріспе бөлім

1. Негізгі бөлім

1) Капустаның халық шаруашылығындағы маңызды.

2) Ақ қауданды капуста өсіріп өндіру агротехникасы.

3) Ақ қауданды капуста сорттары.

4) Капуста зиянкестері мен аурулары, олармен күрес шаралары.

Қорытынды бөлім.

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 2

Кіріспе

Адам қорегіне пайдаланатын көкөніс дақылдарының ішінде капустаның алатын үлесі едәуір. Ол егіс көлемі және жалпы түсімі бойынша бірінші орында тұр. Қазақстанда көкөніс дақылдарын кеңінен өсіріп-өндіріп отыр. Мұнда капуста өндіру жер көлемі бойынша жоғары болып отыр.

Капуста өсіруде өзық технологияларды енгізіп өнімді арттыру жағын қарастыру шарт. Сапалы тауар алу үшін ауру зиянкестермен күресуді уақтылы жүргізу, агротехникалық шараларды дұрыс және мерзімді орындау аса маңызды.

Капустаның қоректік құрамы жоғары болғандықтан халық тұрмысында оны жоғары бағалайды. Шаруашлылықта нарық айналысында өз орнын тауып отыр.

Slide 3

Капуста емдік касиетте тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан, Біздің елдегі ескілікті емдік кітаптарында, сонымен қатар Батыс Еуропа және Азия елдерінде қырыққабатпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, және т. б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Капустаның емдік қасиеттерін ғылымда қазір дәлелдеп отыр, ал Ресей медицина академиясының қоректендіру институты бір адамға жылына 34 кг капустаны жеуге ұсынады. Капустаның шырыны өте пайдалы.

Елімізде тараған капуста түрлеріне ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, гүлді, брокколи, кольраби, жапырақты, қытай капусталары біріктірілген. Сондай-ақ мал азықтық және сәндік капусталары да өсіріледі.

Ең кеңірек таралғаны - ақ қауданды капуста. Ол Солтүстік Қазақстанда көкөніс егістігінің 50%-тен астам жеріне егіледі. Бұл жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, ашытқан және маринадталынған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сорттары жыл бойы жас күйінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Slide 4

Ерте пісетін капустаны жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең жақсы алғы дақылдар -- қияр, тамыржеміетілер, қызанақ, ерте пісетін картоп.

Сүдігерді жыртқан кезде гектарына 40-50 т орташа шірігеп көңді немесе 15-20т жақсы шіріген қарашірікті және 4-5 цсупер-фосфатты енгізеді. Топырақта калий жетіспегенде суперфосфат-пен бірге 1, 2-1, 5 ц хлорлы калий енгізеді. Қөктемде культивацияның алдынан гектарына 3, 0-3, 5 ц амиакселитрасын енгізеді.

Ерте көктемде танапқа тырма жібереді, содан кейін культивациямен бірге тырмалап, топырақты шығыршықты таптағыштармен тығыздайды.

Slide 5

Ерте пісетін капустаны тек көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге мамырдың бірінші онкүндігінде, солтүстігінде-мамырдың орта кезінде отырғызады. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кешеуілдетеді, бұл ерте пісетін қырыққабат технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді. Қыш құмырада және құмырасыз өсірген көшеттерді «Беларусь» немесе ДТ-75 тракторларына тіркелген СКНБ-4А немесе СКН-6А машиналарымен отырғызады. Қолмен отырғызғанда (кішірек алаңдарда) танапты алдын ала қашау табанды культиватормен, танаптың ұзын бойына 13-14 см тереңдікке қарықтар жыртады. Қөшет отырғызар алдында дайындалған учаскенің гектарына 200-250 м5 су жіберіп суарады.

Қазіргі кезде ерте пісетін капустаны төмендегі тәсілмен-отырғызады: қатараралығы - 70 см, қатардағы аралық 30 см. Бір гектарға 47, 6 мың өсімдік отырғызады.

Алдын ала дайындалған саңылауларға отырғызу -- тиімді әдіс: КРН-4, 2 культиваторының табанының орнына қоректендіру пышақтарын қойып тереңдігі 18-20 см, бірінен-бірі 70 см қа-шықтықта саңылаулар жасалынады. Саңылаулар қарық тәрізді болады, тереңдігі 7-8 см, ені 10-12 см. Содан соң учаскені суарады - 150-180 м3 га. Көшетті суарудан 1-2 сағат өткен соң отырғызады.

Slide 6

Қопсытқан кезде капустаны қосымша қоректендіреді: бірінші рет көшет отырғызғаннан 10-15 тәулік өткен соң, екіншісін жапырақтар күшті өсер кезде, үшіншісін қаудан қалыптасар алдында. Бірінші қоректендіргенде гектарына 1ц аммиак селитрасын, 2ц суперфосфатты және 0, 3ц хлорлы калийді, екінші және үшінші реттерде 2 ц аммиак селитрасын, 2 ц суперфосфатты және 0, 5 ц хлорлы калийді енгізеді.

Орташа және кеш пісетін капуста жүйелі түрде суаруды қажет етеді. Қаудан байланғанша капустаны 8-10 тәуліктен кейін суарады, ал пісіп жетілген кезінде әрбір 10-12 тәулік сайын. Суландыру аралықтарында ұзақ үзілістер болмағаны дұрыс. Ол қаудандардың толуын тежейді, өнімді кемітеді және ең бастысы қаудандардың көптеп жарылуына әкеп соғады да, бұл тауарлық өнімнің децгейін күрт төмендетеді. Өнімді жинауға 2 жұма қалғанда суландыруды тоқтатады. Жалпы өсу-даму кезеңінде 10-12 рет суарылады.

Slide 7

Таңдап жинағанда және кішірек алаңдарда капустаны қолмен жинайды. Қаудандарды пышақпен немесе өткір күрекпен кесіп алады. Тұздауға жұмсалатын қаудандарды тазалаған соң, сыртында оны тығыз қаусырған жасыл жапырақтары және ұзындығы 1-2 см өзегі болуы керек. Ұзақ уақыт сақталатын қаудандарда 2-3 жасыл жапырақтарын және 2-3 см жететін өзегін қалдырады.

Ақ қауданды капустаның үлгі-қалыпты қаудандары жаңа піскен тығыз, бұзылмаған, жарылмаған, таза, ал салмағы 0, 8 кг-нан кем болмауы керек. Өнімді тасымалдағанда көліктің өтуіне ыңғайлы болу үшін 5-6 қатардан жиналған капусталарды атжалдарға салады. Тасуға ПОУ-2 әмбебап көкөніс платформасын ДТ-20 немесе, ДТ-24 тракторларына тіркеп немесе аспалы ПНСШ-12 қолданады. Капустаны тасуға үлгі қалыпты жәшікті немесе контейнерді пайдаланады. Үлкен егіс алаңдарында, жаппай өнім жинағанда, капуста жинайтын МСК-1 комбайнын МТЗ 52/82 тракторларына тіркеп қолданады. Комбайын біркатарлы, оған бір тракторист және екі жұмыскер қызмет жасайды. Комбайнмен жинау еңбек шығынын қолмен жинағанмен салыстырғанда 3 есе азайтады, тікелей шығындарды 35% кемітеді. Бір гектардың жылдық экономикалық тиімділігі 1, 1-1, 5 мың сом болады.

Slide 8

Ақ қауданды капуста сорттары

Өсу-даму кезеңінің ұзақтығына қарай капустаның сорттары 6 топқа бөлінеді, бірақ Солтустік Қазақстанның көкөніс шаруашылығында сорттардың 3 тобын ажыратады: ерте (95-120 тәулік), орташа (130-145), кеш пісетін (150-170 тәулік) . Ерте пісетін капуста қарқынды өсуімен, дамуымен және қауданының жедел қалыптасуымен ерекшелеңеді. Жас күйінде пайдалануға өсіріледі. Сорттары: Точка (Гном), Грибовский 147 бірінші нөмірі.

Орташа және әсіресе кеш пісетіп сорттары ірі жапырақтарынан үлкен дегелек қалыптастырады. Қаудандары ірі, жақсы сақталады, ашытуға қолданылады. Орташа пісетін сорттары: Слава грибовская 231, Слава 1305; кеш пісетіндері: Лебяжинская местная, Подарок, Столичная, Русиновка, Қырыққабат адам азығында үлкен мәнге ие, өйткені оның құрамында ағзаға қажетті көмір суы, минералды тұздар, азотты және басқада заттар бар.

Slide 9

Капуста күйесі: а-Имаго; б-жұлдызқұрт

Капуста күйесі. Барлық жерде де кездеседі. Қанатын жайғанда 14-17 мм болатын кішкентай көбелек. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы бетіне салады. Бір аналык 100 жұмыртқаға дейін салады. 7-10 тәуліктеп соң жұмыртқадан кұрт пайда болады. Алдыменен олар жапырактың жұмсағына тесіп кіреді де онда кыска жолдар жасайды, сосын 2-3 тәуліктен соң сыртқа шығып, мәйегін жеп эпидермисін қалдырады. Нәтижесінде жапырактарда «әйнекшелер» пайда болады- Жаз бойы капуста күйесі 4 ұрпақ береді. Жиын-терін калдықтарында және арам-шөптерде куыршақ түрінде қыстап шығады.

Күресу шаралары. Қаудандар қалыптасқанша 80% хлоро-фоспен немесе 20% метафос эмульеиясымен - гектарына 2 кг препарат және 400-600 л жұмыс сұйығын (0, 3%-тік ерітінді) шығындап өңдеу; энтобактерин-3 және саңырауқұлақтық микробиологиялық препарат боверинді қолдану. ААШИ деректері (М. Ф. Брагина, 1985) бойынша капустаны энтобактерин- 3-тің 1% концентрациясымен немесе сондай концентрациядағы боверинмен өңдегенде екінші тәулікте құрттардың 50% және оныншы тәулікте олардың толығымен жойылуына әкеп соқкан. Тап сондай нәтижеге осы препараттардың біреуінің 0, 5% концентрациясына 0, 01% рогорды немесе антионы косып та жетуге болатын көрінеді.

Slide 10

Түтікті бактериоз:а- залалданған жапырақ.

Б- ауруға шалдыққан сабақ кесіндісі.


Ұқсас жұмыстар
Көкөніс дақылдары
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Өсімдік қорғау
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Айқышгүлді егістік, жемдік, дақылдарының зиянкестері
Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Орман зиянкестері, олармен күресу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz