Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар



Бекіре балығының қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы
Тексерген: Сұлтанғазиева Г.
Орындаған: Ақылбай А.


Бекірелер шеміршекті ганоидтыларға жатады, бұлардың ежелгі шығу тегі бірнеше 10 миллион жыдарға созылады. Қазіргі бекірелерді екі тұқымдасқа жатқызады: бекірелер және ескектұмсықтылар. Бекірелер тұқымдасы солтүстік жарты шардың тұщы су балықтары 4 туыстан және 23 түрден тұрады. Қортпалар, бекірелер, тасбекірелері, жалған тасбекірелері.

Қортпалар бекірелерден кейін (12-18 жыл) көбеюге қатысады. Уылдырығын көктем және жазда Еділ, Жайық және Каспий су алабының басқа да өзендерінің жоғарғы ағысына шашады. Бекірелердің туысына балтық, сібір, кәдімгі бекірелер, шоқыр мен сүйрік жатады.
Бекірелердің ең ірісі- қортпа, Азов, Каспий теңізінде өмір сүреді. Ұзындығы 5-6 м салмағы 1, 5т дейін болған.
Бекірелердің көпшілігі Каспий теңізінің су алабында тіршілік етеді. Өсуі де, дамуы да бәсең. Көптеген түрлері жасында жыныстық жетіледі, 100 жылға дейін өмір сүреді.

Каспий теңізі - ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және хим. жолмен ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім - Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы - балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген.

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7, 5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Жайық-Касспий бассейніне бекіре тұқымдас балығының 7 миллионнан астам шабағы жіберілді Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК 038 «Балық ресурстарын молайту» бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында, Жайық-Касспий бассейніне бекіре тұқымдас балығының 7 миллионнан астам шабағы жіберілді. 1998 жылдан пайдалануға берілген осы зауыт Қазақстандағы бекіре тұқымдасын жасанды жағдайда өсіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Шабақтарды жіберу шарасын жүзеге асыру барысында жыл сайын арнайы комиссия қатысады, оның құрамына балық шаруашылығы ғылымының, облыстық әкімиатының, экология және су биоресурстарын қорғау инспекциясының өкілдері кіреді. Осы жылы облыстық маслихаттың депутаттары және «Нұр-Отан» ХДП өкілдері шақырылды. 2009 жылдың 7 тамызында өткен қорытынды шығарылым кезінде Ресей Федерациясынан келген балық шаруашылығы ғылымының өкілі, халықаралық сарапшы қатысып, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК-нан жіберілген жас шабақтардың сапасы мен санына оң бағасын берді. Мамандардың бағалауы бойынша, Жайық-Каспий бассейінде бекіре тұқымдастарының саны табиғат ресурстарын қарқынды пайдалану барысында күрт төмендеген. Сол себептен көне дәуірден келе жатқан бұл балықтарды жасанды өсіру, Жайық-Касспий басейінінде популяция биоәртүрлігін және санын сақтап қалудың бірден-бір дұрыс шешім екендігін атап өтті. Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығында ғана емес тұтастай республика бойынша болашағы бар объектілерінің бірі ескектұмсықты, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК-да тәжірибелі түрде өсіру және молайту жұмыстары құпталған.

Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.
Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.
Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.
Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.


Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: 1. Физикалық ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер. 2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. 3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. 4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т. б.

Адамның қолымен жасалған зиянды әрекеттердің салдарынан соңғы кездері табиғи апаттар көбейіп, жер бетінің экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Бір кездері әр үйдің дастарханынан табылатын бекіре тұқымдас балық пен оның уылдырығының бүгінде көзден бұл-бұл ұшуы да - экологияның кесірі. Дәмді еті мен уылдырығы аса жоғары бағаланатын балықтың бұл түрі неге азайып кетті?

Негізгі бекіренің азайып кету себептері

Арал шипі немесе бекіре
Еті өте бағалы балық. Оның етінің тәттілігі мен пайдалылығы жөнінен онымен теңесе алатын дүниежүзінде балық аз. Судың тұздалуына байланысты құрып кетуге жақын. Сондықтан, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген. Халықтың «қызыл балық» деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар. Бұлардың қара уылдырықтары қазіргі кезде алтыннан кем бағаланбайды десем, артық айтқандық болмас. Біздің қазіргі көбіміздің жеп жүрген консервідегі “қара уылдырығымыз” бекіренің ішінен шыққан уылдырық емес, соған ұқсас жасанды уылдырық.
Бекіреде қабыршақ болмайды. Денесін ұзына бойлай ромб тәріздес бес қатар сүйекті пластинкалар - шытыра орналасқан. Сүйегі жоқ, шеміршекті балықтарға жатады. Оның ұзындығы екі метрге, салмағы 45-65 килограмға дейін жетеді. Бекіре - балықтардың ішінде ерте кезден келе жатқан, алғашқы пайда болған балықтардың бірі.
Соңғы уақыттары көптеген елдерде осы балықтың азайып кетпеуі және көбеюіне зор көңіл бөлінуде.
2005 жылы Президентіміз Н. Назарбаевтың облысымызға келген сапарында Қамыстыбас көліне бірнеше бекірелер жіберді. Келешекте осы аса құнды балық көбейіп, халық игілігіне асатынына сеніммен қарауға болады.

Атырау облысы бұл мәселені шешудің кілтін тапқан сияқты. Олар қызыл балықты өсіру көлемін көбейту мәселесін республика үкіметінің деңгейінде шешуге күш салып жатыр. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитеті Атырау балық зауытын жаңалау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстарын ұйымдастыруда. Жобада кәсіпорын қуатын бекіре тұқымдас балықтардың 12 млн шабағына дейін ұлғайтып, балықтың осы түрінің аналықтарын жыл бойы ұстау қарастырылған. Атыраудағы балық өсіру зауыты жыл сайын қызыл балықтың 7 млн шабағын шығарады.
Зауыттың қуатын арттыру жобасы 2010 - 2011 жылдары толық жүзеге асырылады. Әрине, балық өсіру мәселесіне байланысты жұмыстар Маңғыстауда да мүлдем тоқтап тұр деп айтуға болмас. Өңірдің балық саласын дамыту жұмыстары баяу да болса қолға алынған. Соның нәтижесінде сонау жылдары балық шаруашылығын дамыту туралы 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама жасақталып, саланы дамытуға республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржы қаралып, өзге қаржы көздерінен инвестиция салу жоспарланған болатын.

Балық аулау - Атырау облысы үшін дәстүрлі сала және өңір экономикасының негізін құрайды деуге болады. Жергілікті жерде балық ресурстарының жағдайына үлкен маңыз беріліп отыр. Себебі, еліміздегі балықтың 60% осы жерде ауланып, өңделеді. Осы саланың кәсіпорындары 70 мыңнан астам халқы бар жағалаудағы ауылдар үшін негізгі жұмыс беруші болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда балық шаруашылығына қатысты көптеген мәселелер өзінің шешімін күтіп тұр. Әсіресе, бұл бекіре тұқымдас балықтар қорын сақтауға және оны көбейтуге қатысты өрбиді. Ащы шындық мынадай: дәмді жеңсік ас, теңдессіз тағам болып табылатын бекіре тұқымдас балықтар қоры соңғы 20 жылда күрт азайды, қазір құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Кезінде облыс халқын асыраған, елімізді әлемге әйгілі еткен балық шаруашылығының қазіргі күйі құлдырау деңгейіне жетті. Осыған дейін тонналап аулағаннан басқа, балықты сақтау, көбейту, қорын өсіру туралы мәселе ешкімді толғантқан емес. Судағы маржан сарқылмайтын тай қазандай көрінгендіктен, ысырапшылдыққа жол берілген. Енді сол ысырапшылдықтың зардабын шегудеміз.


Бекіре балығын сақтау жолдары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz