Қызылорда облысының балық өңдейтін зауыты


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Түгіскенова Жайдарлы

Тексерген: Куджибаева Г.

Балық шаруашылығының су ресурстарына қойатын талабы.

2012жыл

Slide 2 Slide 3

Қызылорда облысының балық өңдейтін зауыты

Slide 4

Жылына 6 мың тонна балық өңдейтін зауыт Қызылорда облысының Арал қаласынан бой көтерген. Зауыттың түгелдерлік кәсіпорындары Еуроодақтың балық өнімдерін іске асыру жолында бүгінгі заманғы барлық міндеттемелер мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай.

Сондай-ақ өндіріс орнына арнайы мұздатқыш қоймалары бар балық өңдеу кешені, тұздау мен қақтау камералары, балықтарды арнайы сұрыптау үшін балық қабылдау мен жуу цехтары және дайын өнімді қаптау бөлімдері кіреді.

Бүгінгі заманғы балық қабылдаумен қамтамасыз ету және өнімнің таза, салқын қалыпта сақталуын ұйымдастыру мақсатында Тастүбек, Ақбасты, Бүгін және Қаратерең поселкелері жағалауларында жүгіртпе тоңазытқыштармен жарақталған арнайы балық қабылдау бекеттері ашылды. Мұнымен қатар балықтың бірден аулана салысымен одан арғы өңдеу жұмыстарының жеңілдігі үшін балық аулау флоттарына дейін көлік жанармай бекеттері орналастырылып және балық аулауға қажетті барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған.

Ал шығарылым түрлері көксерке, сазан, жайын, шортан, дөңмаңдай камбала, сазан, табан, жайын, ақмаңдай, аққайран белдемшелері мен қатырмалалары, мұхит майшабақтары, арқанбалық (аз тұздалған, маринадталған, кептірілген) сияқты өнімдерді қамтиды.

Slide 5 Slide 6

Өндіріс қуаты:

Зауыт жылына 6000 тонна балық өнімдерін өндіреді:

балықты мұздату - тәулігіне 10 тонна балықтың таза ету мен арқа еті - тәулігіне 5, 0 тонна мұздатылған дайын балық өнімдері 600 тонна ысталған балық өнімдерін сақтау тәулігіне 10 тонна өңдеуге арналған балықтарды жинау - тәулігіне 10 тонна балық тұздау - 15 тонна балық фаршы - тәулігіне 1 тонна қақталған балық өнімдерін өндіру - тәулігіне 1, 5 тонна

Slide 7

Қазіргі кезде Қызылорда облысы көлемінде халықаралық балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына Кіші Арал теңізі жалпы көлемі 320, 0 мың гектар және Сырдария өзені болып есептеледі.

Сонымен қатар жергілікті маңызы аумағы 41, 0 гектар 155 көл есепке алынған. Осы су айдындарын сумен қамтамасыз ететін жалғыз Сырдария өзені болып есептеледі.

Балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына Сырдария өзенінің аяғында орналасқан бірнеше көлдер есептеледі. Дегенмен қазіргі Сырдария суының жетіспеуіне байланысты жердің көлемі екі есеге дейін азайды. Өткен жылы Шардара су қоймасынан төмен қарай судың аз келуіне байланысты кейбір көлдер балық шаруашылығы маңыздылығын жоғалтқан.

Slide 8

Басқарма және балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтымен бірлесіп жергілікті балық шаруашылығы маңызын жоғалтқан 54 көлді анықтап, облыс әкімінің қаулысымен есептен шығарылды.

Slide 9

Облыс көлеміндегі көлдермен, өзендерде балықтың 27 түрі өседі.

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан су айдындарына балық қорын және басқа да су жануарларын қорғау, аулауды реттеу және молайту жұмыстарына бақылау жасау Арал- Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясына міндеттелген.

Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы көлдерінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен балық және аулау лимиті 2650, 87 тонна болып бекітілген.

Арал теңізінде қаяз балығының популяциясын көбейту жұмыстарына облыстық бюджеттен 7000 мың теңге бөлініп, 10 мың дана қаяз шабағы өсіріліп, Қамбаш көліне жіберілді, 6000 мың теңгеге 100, 0 мың бас екі жаздық дөңмаңдай, тұқы, ақ амур балық түрлері өсірілді.

Облыс көлемінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында техника-экономикалық жобаға және 2020 жылға дейін бағдарлама жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 25, 0 млн. теңге бөлінді.

Slide 10

Облыс көлеміндегі көлдермен, өзендерде балықтың 27 түрі өседі. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан су айдындарына балық қорын және басқа да су жануарларын қорғау, аулауды реттеу және молайту жұмыстарына бақылау жасау Арал- Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясына міндеттелген. Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы көлдерінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен балық және аулау лимиті 2650, 87 тонна болып бекітілген

Slide 11

Қызылорда облысы аумағында халықаралық маңызы бар Кіші Арал теңізі көлемі 300, 0 мың га, балық шаруашылығына маңызы бар 158 көл, жалпы көлемі 41, 075 мың га және Сырдария өзені-ұзындығы 820 км орналасқан. Бассейннің су тоғандарының негізгі су көзі - Сырдария өзені. Су тоғандары мен ағын суларда балықтың 25-ке жуық түрлері өмір сүреді. Бүгінгі күні Қызылорда облысы аумағындағы 158 балық шаруашылығына маңызы бар көлдің 128 көлі конкурс арқылы 128 табиғат пайдаланушыға облыс әкімінің қаулысымен ұзақ мерзімге (10 жылға) бекітіліп берілген. Кіші Арал теңізі 10 учаскеге бөлініп, конкурс арқылы 7 табиғат пайдаланушыға облыс әкімінің қаулысымен ұзақ мерзімге (10 жылға) бекітілген. Су айдындарын ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру арқылы балық қорын молайту, ихтиологиялық мониторингі және браконерлікке қарсы күрес жұмыстарын ұтымды, сапалы жүргізуге мүмкіншіліктеріміз арта түсуде.

Slide 12

Үкімет қаулысымен Арал-Сырдария бассейнінің Қызылорда облысы бойынша 2009 жылға 2650, 87 тонна балық аулау лимиті бекітіліп, 2009 жылдың 9 айында 2255, 74 тоннасы табиғат пайдаланушылармен ауланды. Балық аулау рұқсатының төлем ақысынан республика бюджетіне 13470, 8 мың теңге қаржы түсірілді. Балық қорларының өсімін молайту жұмыстарының тұрақты жүргізілуі нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су тоғандарында бағалы балық түрлерінің (тұқы, дөңмаңдай, ақ амур) қоры қалыптасты. Қазіргі уақытта РМҚК «Қамыстыбас балық питомнигі» екі балық өсіру питомнигіннен құралған:

1. Арал ауданының орталығынан 120 шақырымдағы Қосжар ауылдық округінде орналасқан Қосжар балық өсіру питомнигі

2. Арал ауданы орталығынан 220 шақырымдағы Тастақ селосында орналасқан Тастақ балық өсіру питомнигі.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Балық зауыттары
Тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп
Қазақстандағы газ өңдейтін зауыт қайда
Тараз қаласы
Зырян қорғасын комбинаты
Газ өңдеу өнеркәсібі
Қазақстанның ірі қалалары
Екіншідүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден
Ірі химия өнеркәсіптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz