Қызметтік хат




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Жоспар


Кіріспе

1. Қызметтік хат
2. Қызметтік хаттың түрлері
3. Жолдамахат

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру
сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға
қатысты іскери мәселелер баяндалады.
Қызмет етпей, ол оқырманның назарын баурап алуы
керек, сіздің жеке басыңыздың қасиеттеріне
тоқталып, оқырманды сіздің түйіндемені мұқият оқып
шығуға ынталандыруы керек
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір
лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы.
Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді
шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады.
Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру
сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға
қатысты іскери мәселелер баяндалады
.

Қызметтік хаттың түрлері
Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын
жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша
карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан
жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды
Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі
айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс
мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс
мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын
қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей
байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады:
қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке ұсыну жөнінде
басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық
екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы
сақталып жазылады. Бұл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол
қояды.
.
Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады:
мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін
сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме
қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара
қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі
құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа
шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің
жауапты қызметкері де қол қояды.
.
Циркуляр хат. Ведомствалық жағынан бағынышты
барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар
негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның
немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы
мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген
ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме
басшысы қол қояды. Хатты жазып отырғада онда келтірілетін
фактілер мен айтылатын мәселенің маңызы, мазмұнына ғана
емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да
назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік
нормадан ауытқымаған жөн.
Жолдама хатты құрастыру жөніндегі нұсқаулықтар

Жұмыс іздейтін кезде қолыңызда жолдама хаттар мен ұсыныс
хаттар болғаны өте жақсы. Жақсы құрастырылған хат сізге деген
қызығушылықты арттыра түседі және жұмыс берушімен кейінгі
жеке қарым-қатынасқа бастапқы нүкте болатын еді. Жолдама хат
сіздің түйіндеменің жарнамасы болуы керек, оны қайта мазмұндап
бермейді
•компанияның немесе бөлімнің мүддесін байланыстыратын сөз
тіркестерін жазыңыз.
•Жұмыс берушінің «мен сізбен неге кездесуім керек?»,- деген
сұрағына жауап беріңіз. Өзіңіздің құндылығыңызды түсіндіріп
беріңіз.
•Жазу үлгісі тура, сенімді болуы керек және негізгі үш тармақты
қамтуы керек:
Қызығушылығыңыз бен мақсатыңызды көрсетіңіз;
Жұмыс беруші үшін нақты сіздің не істей алатыныңызға
баса назар аударта түйіндемені аша түсіңіз.
Сұхбаттасуды сұраңыз және Сізге кездесу тағайындау үшін
телефон соғатыныңызды айтыңыз;
Өзіңіздің ойыңызды баяндай отырып, өзіңіздің жетістіктеріңізді,
біліктілігіңізге және келешектегі құндылықтарыңызға басты
назар аударыңыз.
Қорытынды
Жұмысқа деген қызығушылығыңызды дәлелдей біліңіз. Көбісі бұндай хат
туралы бірінші рет естіп отырған шығар. Кадр қызметкерлері де бұл туралы біле
бермейтін көрінеді. Сондықтан түйіндемені жолдама хатпен бірге жіберген кезде
сіз адресатты таң қалдыра білу және оның есінде қалу мүмкіндігіңізді арттыра
түсесіз. Сондай-ақ уақыты өте тығыз басшы үшін кандидат туралы қысқаша
ақпараттарды оқып шығып, қызығушылығы туындаған жағдайда ғана
түйіндемесін оқыған ыңғайлы болады.




Пайдаланылған әдебиеттер

1.www.google.kz
2 .Дүйсембекова Л Алматы 2007ж
3.Дүйсембекова Л Алматы 2010ж

Ұқсас жұмыстар
ҰСЫНЫС ХАТ
Ресми хаттар
Ұсыныс хаттар
Адрес жапсырмасы берік
Құжаттың мәтіні
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР
Қарым қатынасты басқару
Құжат түрлері және оларды жіктеу
Сот балистикалық сараптамасы. Жекелеген қару түрлері
Хаттар
Пәндер