ЛИПОИДТЫ НЕФРОЗ


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ

Ұлттық Медицина Университеті.

Кафедра: Патологиялық анатомия.

Орындаған:Жаймырзаева Г. Ә.

Топ:07-001.

Қабылдаған:Серікбай М. Қ

Slide 2

Жоспар.

I. Кіріспе.

а) Нефрозды синдром.

II. Негізгі бөлім.

Этиологиясы;

Патогенезі;

Паталогиялық анатомиясы:а) микроскопиялық

көрінісі,

б) макроскопиялық

көрінісі.

III. Қорытынды.

Slide 3

Нефротикалық синдром.

НС жоғары протеинуриямен, диспротеинемиямен, гипопротеинемиямен, гиперлипидемиямен және ісінумен көрінеді.

Біріншілік НС үш аурумен көрінеді:

Липоидты нефроз,

Мембранозды нефропатия,

Фокальді сегментарлы гиалиноз.

Ал, екіншілік НС гломерулонефрит, амилоидоз секілді аурулармен көінеді.

Slide 4

Липоидты нефроз.

Сирек кездесетін ауру болып табылады. Көбінесе созылмалы нефритпен немесе амилоидты нефрозбен бірге кездеседі.

Slide 5

Этиологиясы.

Липоидты нефроздың этиологиясы :

созылмалы инфекциялардың жиірек

сифилистің; туберкулездің;

ал кейде ошақты инфекциялардың әсерінен

дамиды;

ал кейде этиологиясы белгісіз.

Липодты нефроз көбінесе әртүрлі инфекциялардың нәтижесінде болатын интоксикациядан жасөспірімдер мен балаларда кездеседі.

Slide 6

Патогенезі.

Аурудың патогенезі бүйректің өзектеріндегі және шумақтарындағы дистрофиялық өзгерістердің нәтижесінде дамиды. Осы патологиялық процестердің нәтижесінде липоидты, ақуызды, су-тұз алмасуының екіншілік бұзылыстары дамиды.

Ал кейбір мәліметтер бойынша липоидты нефрозда біріншілік бұзылыстыр эндокринді бездердегі, атап айтар болсақ қалқанша безі мен бүйрек үсті безінде зат алмасудың бұзылыстары нәтижесінде дамиды. Ал бүйрек екінші болып ақуызды зәрге өткізу арқылы, бұзылады.

Қазіргі мәліметтерге сүйене отырып, липоидты нефроз қантты диабеттің, дәлірек айтсақ, бүйрек тен қант зәрге өту арқылы дамиды деген мәлімет дұрыс емес

Slide 7

Паталогиялық анатомиясы: Макроскопиялық көрінісі.

Липоидты нефроздың бүйрек жеткіліксіздігі дамығандағы көрінісі: бүйрек кішірейген, беті тегіс, бүйрек тіні сұр түсті, кескенде сары дақтар байқауға болады.

Бүйрек жеткіліксііздігі дамымағанда :көлемі ұлғайған, ашық түсті -«ақ бүйрек», беті тегіс, кесіп қарағанда ісінген.

Қыртысты заты айқын ұлғайған, ашық -сұр түсті, алқызыл ( кейде қызыл) милы затынан анық бөлініп тұрады.

Slide 8

Микроскопиялық көрінісі.

Өзекшелердегі дистрофиялық өзгерістер -олар кеңейген, эпителий ісінген, дәнді және вакуольді дистрофия, өзекшелердің саңылауында гиалинді, дәнді, табиғаты липоид болатын субстанциялармен қатар жиі холинэстерлер, эпителиальді және балауыз тәрізді цилиндрлер бар. Шумақтарында қатты өзгерістер дамымайды, бірақ та кейбір жерлерінде гиалинді және нейтральді май туындылары көрінеді. Сонымен бірге, Шумлянск-Боумен эпителиінің капсуласында дистрофиялық және пролиферативті өзгерістер дамиды.

Slide 9

Ошақты сегментарлы гиалиноз

Slide 10

Этиологиясы.

ОСГ этиологиясы бойынша біріншілік және екіншілік болып

бөлінеді.

Біріншілік ОСГ себебі белгісіз. Алайда, кқптеген зерттеулер қорытындысы бойынша, оның тұқымқуалайтыны анықталды. Көбінесе HLA жүйесінің DR4 және А28 [8, 18, 27] локустарында орналасатыны анықталды.

Екіншілік ОСГ келесі түрлерге:

Біріншілік ОСГ-ға (IgA-нефропатия, Альпорт синдромы, мембранозды нефропатия) қосарланып жүретін;

Бүйрек паренхимасыны масссының азаюымен көрінетін (рефлюкс-нефропатия, бүйрек дисплазиясы, біржақты бүйрек агенезиясы, реноваскулярлы аурулар) ;

ВИЧ-инфекциямен, героин қабылдаумен байланысты көрінетін ОСГ.

Slide 11

Микроскопиялық көрінісі:

I кезең - гистологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша келесі белгілер анықталған:шумақтардың көп бөлігінің көлемі ұлғайған. Әсіресе юкстамедуллярлы шумақтар зақымдалған. Кейбір шумақтардың мезангиінің кеңейгені анықталған. Негізінен патологиялық үрдіс жеке шумақтарда, (фокальный характер), және де онда тамырлы шоғырда сегментарлы склероз бен әлсіз ошақты мезангиальді жасушалардың пролиферациясы көрінеді. Склероздану үрдісі мен қатар гиалин тәрізді масса мен саңылаудың гомогенді эозинофильді массамен окклюзиясы байқалады. . компонент (ТИК) әлсіз байқалады немесе жоғалып кетеді: иректелген түтікшелердің ақуызды, жиі гиалин-тамшылы дистрофиясы, строманың ошақты ісінуі, кейбір жағдайларда строманың ошақты склерозы мен ошақты лимогистиоцитарлы инфильтрация байқалады.

Slide 12

Фокальді сегментарлы гломерулосклероздың/гиалиноздың электронно-микроскопиялық көрінісі : гломерулярлы базальді мембранада (ГБМ подоциттердің кіші аяқшаларының жоғалуы(НП) ) . х15000

Сонымен бірге электронды микроскоппен зерттегенде подоциттердің кіші аяқшаларының жоғалуы(НП) цитоплазманың вакуольденуі мен липидтенуі, эндотелиальді жасушалардың арка тәрізді құрылым түзуі, гломерулярлы базальді мембрананыің lamina rara intema есебінен қалыңдауы, капиллярлардың коллапсы.

Бұл кезеңнің көрінісі - шумақтардың әлсіз фибропластикалық трансформациясы мен әлсіз ТИК.

Slide 13

Микроскопиялық көрінісі.

II кезең- юкстрамедуллярлы шумақтар мен бірге медуллярлы шумақтардың да бұзылысымен сипатталады. Бұзылыс екі сегменттен де көп аумақты алып жатады. Склерозданған және гиалинденген сегменттер капсуламен тығыз жанасып жататындықтан, капсула қалыңдаған. Иректелген түтікшелердің эпителиінің ақуызды( гиалин-тамшылы, гидропиялы дистрофиясы) және майлы дистрофиясы, түтікшелердің субатрофиясы, атрофиясы, стромасы ісінген, үлкен ошақты склероз, сонымен қатар “көпіршікті” жасушалар көрінеді. Артеиола қабырғасы қалыңдаған, склерозданған, гиалинденген. Сонымен бұл кезеңнің көрінісі болып-шумақтардың айқын фибропластикалық трансформация сы мен ТИК.

Макроскопиялық көрінісі:липоидты нефрозға ұқсас.

Slide 14

ФокАльді сегментарлы гломерулосклероз/гиалиноз II кезең. ОшАҚТЫ ЛИМФОГИСТИОЦИТАРЛЫ ИНФИЛЬТРАЦИЯ. ГЕМАТОКСИЛИН -ЭОЗИН. х400

ФОКАЛЬДІ СЕГМЕТАРЛЫ ГЛОМЕРУЛОСКЛЕРОЗ/ГИАЛИНОЗ II КЕЗЕҢ. СТРОМАДАҒЫ «КӨПІРШІКТІ » ЖАСУШАЛАР. ГЕМАТОКСИЛИН -ЭОЗИН. X400.

Slide 15

Мембранозды нефропатия.

МН ересектер арасында НС негізгі себебі болып келеді. МН 85% жағдайда біріншілік ауру болса, ал 15% -екіншілік ауру болып табылады.

Slide 16

Патогенез.

МН белгісіз иммунды кешеннің циркуляциясы жүретін гломерулярлы фильтрдің зақымдалуынан туындайды.

Slide 17

Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық көрінісі:

Жарықты микроскоп астында гломерулярлы капилляр диффузды қалыңдайды. Себебі, тығыз депозиттің есебінен болады. Олар базальді мембрана мен эпителиальді клетканың арасында орналасады. Шипиктер (гломерулярлы базальді мембрана затының жиналуы) күміс метаминімен бояғанда көрінеді. Кейіннен осы шипиктердің көптеп жиналуынан иммунды депозиттерді сіңіріп, күбез тәрізді пішінге ие болады.

Slide 18

Иммунофлюресцентті микроскоп астында дәнді депозиттер ішінде иммуноглобулиндер мен бірге комплемент те кездеседі. Идиопатикалық МН кезінде иммунды комплекстің депозиттері негізгі гломерулярлы базальді мембранада таралса, ал екіншілік МН кезінде гломерулярлы базальді мембрана мен бірге мезангияда да таралады. Подоциттерде жіне мезангилердегі протеазалардың әсерленуінен


Ұқсас жұмыстар
Зәрдегі эритроциттер
Нефроздық синдром
Нефрит белгілері
Бүйректердің қабынуы
Шемен
Инфаркты циркуляторлық некроз
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы
БӨЖ ТРОМБОЗ
Веноздық гиперемия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz