Қарыз мерзімі



«БанкЦентрКредит»АҚ-ның құрылу тарихы
1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.
Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдар мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғалар мен жеке адамдарға қызмет көрсетеді.
Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен тегін ақша аудару. Банктің бірегей қызметі - «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді.
Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.
1996 жыл, қарашада Банк "Банк ЦентрКредит" ААҚ ретінде қайта тіркелді.
1996жыл, қазан Банк Ақтау қаласындағы теңіз портын қайта өңдеу үшін бөлінген 54 млн. USD мөлшеріндегі ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша өкіл ретінде таңдалды.
1996жыл, маусым Банк Western Union ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша өкілі болды.

1995жыл, мамыр Қазақстандық Интернационалдық банк Chase Manhattan Bank-тен және Қазақстан Республикасы Үкіметінен 100 % акция пакетін сатып алды.
1994жыл, қыркүйек Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша агент ретінде - екі Қазақстандық банктің бірі болып арнайы өкілеттікке ие болды.
1993жыл, қараша Банк Қазақстан Қор Биржасының мүшелігіне кірді.
1991жыл, тамыз Банк Қазақ Акционерлік ЦентрБанк ретінде қайта тіркелді.
1988жыл, қыркүйек КСРО-ның алғашқы кооперативтік банктерінің бірі - Алматылық Орталық кооперативтік банк құрылды.

Банктің миссиясы.
ЦентрКредит Банкі - әмбебап банк, оның негізі мақсаты - Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі шағын және орта бизнесті дамытуға және орта кластың құрылуына ықпал ету. Банктің әрбір қызметкерінің негізгі міндеті - клиенттерімізге кәсіби, сапалы және жылдам қызмет көрсету.

Қазіргі кезде лидерлі банктердің бірі- «ЦентрКредит Банкі» АҚ-мы өз клиенттеріне мынадай несиелеудің түрлерін ұсынады:
1 Жекелеп несиелеу;
2 Шағын бизнесті несиелеу.
Жекелеп несиелеудің бірнеше несие түрлері бар. Мысалы: «Стандарт» ипотекасы, «Экспресс» несиесі, «Личные наличные», автокөлікті несиелеу, «Экстренный» несиесі, кепілге депозит қойылған несиесі, VIP-клиенттерді несиелеу, «Қажет болар», «Пәтер плюс» ипотекалық несиелеу және «Сенім несиесі» сияқты несие түрлері бар. Ал енді олардың әр қайсысына оңаша тоқталайық.

«Стандарт» ипотекасы
Бағдарламаның ерекшелігі:
- өтініш жедел (3 күн ішінде) қаралады.
- клиент банктің арнайы сайты арқылы электронды өтінішін жіберіп, үйден шықпай-ақ несие алуға өтініш бере алады.
- тұрғын үйді несие бойынша шешім қабылдағаннан кейін де таңдауға болады.
- Қазақстанның кез келген қаласынан үй сатып алуға мүмкіндік бар.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу қарызы теңгеде және АҚШ долларында 25 жылға дейін беріледі. Клиенттің келісімімен жылжымайтын мүлікті құру үшін- қарыз сомасы теңгеде және АҚШ долларында 15 жылға берілсе, ал жылжымайтын мүліктің ішіне ремонт жасау үшін берілетін қарыз ұлттық валютада немесе АҚШ долларында 10 жылға беріледі.
- несиелеу кезінде клиент кепіл ретінде алынатын мүлікті қойса, онда қарызгер бастапқы жарнасын төлеуге міндетті. Бастапқы жарна төмендегідей болады:
- тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 30 пайызынан төмен болмауы керек;
- банк қызметкерлері үшін тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 15 пайызынан төмен болмайды.
- мүлік эксплуатациясының мерзімін 50 жыл мерзімінен асырмау қажет. Сонымен бірге кепілге қойылған мүлікке келесідей талаптар қойылады:
- кепіл мүлкі мекеменің барлық бөлмелерін жылытатын электрлік, су, газ сияқты жылу жүйелеріне қосылуы тиіс;

- мүліктің байланыс жүйесімен қамтамасыз етілуі және оның дұрыстығы;
- бастапқы құны 40 пайыз немесе одан көп болса, онда мүлік эксплуатациясы шектелмейді;
- бастапқы құнды қарызгердің жеке шотына аудары дұрыс болады.
Сонымен қатар қарызды бастапқы жарнасыз беруге болады. Егер қосымша өзін қамтамасыз ететін затты қойса. Осыған байланысты қарыз сомасының қатынасы объектілердің өзіндік нарықтық бағасының 70 пайызынан аспау қажет. Сондай-ақ негізгі қарыз сомасының 30 пайызы өтелген болса, онда клиент қосымша қамтамасыз етуден босатылады. Бірақ негізгі кепіл затының кепілдік құны негізгі қарыздың қалған сомасын жабуы керек. Егер кепілге басқа ликвидті қамтамасыз ету заты қойылса, сонымен бірге қарыз сомасы тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша кепілге қойылған заттың нарықтық бағасының 70 пайзынан аспауы қажет. Несиені беру қарызгердің төлем қабілеттілігіне анализ жасау арқылы беріледі.

«Экспресс» несиесі
Қарызгердің төлем қабілеттілігіне байланысты қарыздың максималды сомасы 300 000 теңгеден аспауы қажет, ал банк қызметкерлеріне берілетін несие сомасы орташа айлық жалақысының 1000% құрайды. Сонымен бірге ай сайынғы жарнасының сомасы жалақының 50 %-нан аспауы қажет.
- Қарыз мерзімі: 36 ай
- Қарызды берудің негізгі шарттары болып мыналар:
- төлемге қабілетті гарант жалақысын «БЦК» арқылы алуы немесе «Капитал» ЖЗҚ-ның салымшысы болуы;
- клиенттің 6 айдан кем болмайтын еңбек стажының болуы табылады.
- Қарызды қарастыру мен рәсімдеу үшін қарызгер мен гарант келесідей құжаттарды банкке тапсыру қажет:
- жеке куәлігінің көшермесі;
- СТН
- СИК
- несиені алуға өтініш жазу.
- берілген қарыз бойынша сыйақы мөлшері несиелер бойынша бекітілген сыйақы мөлшеріне сәйкес болуы қажет;
- берілген өтінішті қарастыру 1 күннен аспауы керек;
- филиалдың директоры тәуекелдің жоғарлануына байланысты сыйақы мөлшерін көтеруге құқылы.

«Личные наличные» несиесі
«Личные наличные» несиесі өтініште ешқандай мақсаты көрсетілмеген, кепілсіз жеке тұлғаларға берілетін несие болып табылады.
Қарыз беру шарттары:
қарыз біздің ұлттық валютада беріледі, яғни теңгеде;
несиелеу мерзімі 3 айдан-36 айға дейін;
максималды қарыз сомасы 100 000 теңге;
сыйақы мөлшерлемесін Бас офистің Несиелік Комитеті анықтайды.
Несиені рәсімдеуге қажетті құжаттар:
жеке куәлігі;
СТН;
СИК;
Егерде клиент туралы мәліметтері мекен-жай бюросының мәліметтерімен сәйкес келмеген жағдайда, клиенттен тұрғын үй кітапшасының көшірмесін түпнұсқасымен алып келуін талап ету;
ЖЗҚ АҚ «Капитал» мен шарттасқан, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету туралы келісім-шарттың көшірмесін талап ету.
Банкте ашылған жинақ, ағымдағы есепшоты немесе карт-шоты арқылы еңбекақы алатын клиенттерге жеңілдік берілуі соңғы 6 ай ішінде карт-шотынан, жинақ немесе ағымдағы шотынан есеп менеджерінің қолымен және штампымен куәландырылған көшірмесін талып ету. Сонымен қатар қарызды толық мерзімінен бұрын жабу мүмкіндігі бар. Ал жекелеп мерзімінен бұрын қарызды жабуға мүмкіндік берілмейді. Клиенттің соңғы жұмыс орнындағы үздіксіз еңбек тәжірибесі 6 айдан аз болмауы қажет.

Автокөлікті несиелеу
- Автокөлік үшінші бір тұлғадан немесе автосалоннан алынуы мүмкін;
- толық және жарым-жартылай қарызды төлеу автокөлікті иеленетін адам немесе үшінші бір тұлға төлеуге құқылы;
- кепілдікке жылжымайтын мүлікті қойса, онда қарыз теңгемен 10 жылға беріледі;
- сатып алынатын жаңа шетел автокөліктерін кепілге қоған жағдайда, қарыз теңгеде немесе АҚШ долларында 5 жыл мерзімге беріледі;
- егер клиент сатып алынатын автокөлікті кепілген қойған болса, онда ол өз ақша қаражатынан төлейтін бастапқы жарнасы автокөлік бағасының 30%-дан төмен болмауы қажет. Бастапқы жарнасының төленуі қарызгердің жеке шотының көшірмесімен немесе кепілдік сомасы төленгені туралы келісім-шарттың боуымен расталады;
- қолданған автокөлікті сатып алу қарызы- кепілге қойылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасының 70%-нан аспауы қажет;
- автокөлікті сатып алу қарызы- қарызгердің кірісін растайтын құжаттармен рәсімделеді;
- несиелеудің міндетті талабы болып- сақтандыру табылады;
- қарыздың төменгі сыйақы мөлшерлемесі Бас офистің өкілетті комитетімен анықталады.

«Экстренный» несиесі
- қарыз теңгеде және АҚШ долларында 10 жыл мерзімге беріледі;
- минималды сыйақы мөлшерлемесі өкілетті комитетпен бекітіледі;
- өкілетті Несиелік Комитетінің шешімімен негізгі қарыздың өтелуі есептелген сыйақы мен ай сайын, аннуитетік есеппен жүргізіледі;
- өтеудің жай графикалық түрін қолдануға мүмкіндік бар;
- кідіртуге болмайтын қарыздың түсінігіне- ешқандай мақсаты көрсетілмеген, қарызгердің өзінің жеке мұқтаждығына байланысты алынатын қарызды жатқызамыз;
ҚР-ның заңдарына және Несие саясатына қайшы келмейтін клиенттің көптеген мақсаттарына байланысты несие ресурстары қолданыла береді.
- Мақсималды сомасы 500 000 АҚШ доллары немесе теңгедегі эквивалентті сомасы;
- Қарыздың барлығы кепілге жылжымайтын мүлікті қойған жағдайда ғана беріледі. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке келесі талаптар қойылады:
- тек цементті немесе тасты фундаменті бар ғимараттардың болуына;
- басқа пәтерлер мен үйлерден кепілге қойылған мүліктің асбөлмесі мен санузелі бөлек болуы қажет;
- кепілге қойылған мүлік ғимараттың барлық бөлмелерін жылытатын электр, су, газ сияқты жылу жүйесінің барлық түріне қосылуына;
- есік, терезелер мен үй шатырының түгел және дұрыс болуына;

- пәтерге сапалы қызметті қамтамасыз ететін барлық байланыс түрлерінің болуы және оның дұрыстығына.
- қарыз сомасы кепілге қойылған мүліктің бағасының 50%-нан аспауы қажет;
- кепілге қойылған жылжымайтын мүлік міндетті түрде Банктің атауымен көрсетілген сақтандыру компаниясында тіркелуі керек.
- сонымен қатар, кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктерге берілетін қарыздары да беріледі:
- қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігін анықтау барысында беріледі,
- несиені рәсімдеу кезінде қарызгер банкке қажетті құжаттарды тапсыруға міндетті:
- қарызды беруге мәлімдеме жасау;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- СТН көшірмесі;
- СИК көшірмесі;
- қарызгердің кірістерін куәландыратын құжаттар.

«Кепілге депозит қойылатын» несиесі
Қойылатын шарттары:
- кепілге депозит қойылған несиелеу- уақытылы, қайтарымды, төлемді және қамсызданған талаптарға байланысты коммерциялық негізінде жүзеге асырылады;
- несиенің максималды сомасы мына формуламен анықталады:
несие сомасы= депозит сомасы- несие бойынша 1-ші 4 айлық сыйақы мөлшер.
Депозит мерзімі сұралған несие мерзімінен аз болған жағдайда депозит мерзімін ұзартуға қажет болады. Бірақ, депозит мерзімі сұралған несиенің мерзімінен аз болмауы қажет. Депозит мерзімі несиелеу мерзімінен 3 жұмыс күнінен аз болмайтын мерзімде болуы тиіс.
- кепілге депозит қойылған қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігі мен несие өтімділігін бағалаусыз-ақ беріледі;
-несиенің сыйақы мөлшерлемесі депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 3%-нан жоғары болуы қажет.
- несиені әзірлеу барысында, алдында ашылған депозиттің талаптарын сақтай отырып, депозит кепіл депозитіне қайта әзірленеді;
- кепілді қоятын адам- қарызгер не болмаса үшінші бір заңды және жеке тұлға болуы мүмкін;
- кепілге депозит қойылатын несиелеу кезінде, қарыздың соңғы мерзімі көрсетілген негізгі қарызды өтеу графигін қолдануға болады.
Қарызды беру тәртібі:
Несие сұранысын қарастыру үшін клиентке мынадай құжаттарды банкке ұсыну қажет:
- кепілге берілетін қарызды беру үшін өтініші;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- СТН көшірмесі;

- депозиттегі ақша қаражатын кепілге қоюға берілетін жұбайының келісімі міндетті түрде болуы қажет, егер сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден көп болса;
- егер, сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден аз болса, онда жұбайының келісімі керек, керек еместігін филиалдың бірінші директоры шешеді.
VIP клиентерді несиелеу
VIP-клиент- ол келесі талаптарға сай келетін жеке тұлға:
- банк үшін басты клиент;
- банк онымен ұзақ мерзімді қарым-қатынаста болуына сенімді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz