Ұрықтың даму патофизиологиясы




Презентация қосу
Клиникалық
патофизиология
кафедрасы
Ұрықтың даму
патофизиологиясы
Анасының ішінде бала дамуы оның тегіне
және қоршаған ортамен өзара әсерлеріне
қарай бірнеше құрылымдық және
функциялық өзгерістердің сатыларынан
тұрады. Ұрық анасының организмімен өте
тығыз байланыста болады. Ұрық үшін
анасының организмі қоршаған орта болады
да, онда қажетті оңтайлы жағдайлардың
болмауы бала организмінде қалыптыдан
ауытқулардың пайда болуына, дамымай
қалуына немесе шала дамуына себепкер
болатыны анық.
Сондықтан анасының ішінде бірінші
аптада тіршілігін жоятын ұрықтың
50% 1/3 бөлігі өлім туындататын
гендердің жиналып қалуынан болса,
2/3 бөлігі дамуға қажетті
жағдалардың болмауынан тіршілігін
жоғалтады.
Аталық жасуша мен аналық жасушаның
бірігуінен пайда болатын зиготадан
туылғанға дейінгі ұрық дамуының
қалыптыдан ауытқуларының барлық
түрлері пре- немесе антенаталдық
дерттерге жатады. Бұлардың көріністері
болып организм функцияларының
бұзылыстарына әкелетін туа біткен
ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары
есептеледі. Олар нәрестелердің туылу
кезіндегі шетінеуінің ішінде 10-15%-ын
құрайды.
Даму ақауларынан басқа құрсақ ішінде
дамудың баяулауы байқалады. Оларды
туғаннан кейін бірден байқауға (құрсақ
ішіндегі гипотрафия) немесе мектепке
барар алдында, мектепте оқып жүрген
кездерде анықтауға болады. Мәселен,
баланың миының алкогөлмен,
есірткілермен уланулары оның оқуға
деген қабілетінен байқалады.
Дерттуындатқыш әсерлерге аталық және
аналық жыныстық жасушалар
(гаметалалар), олардың бірігуінен пайда
болатын бластоцистер, жатырдың
қабырғасына жабысатын эмбриондар
және ұрық ұшырайды. Осыған
байланысты құрсақ ішіндегі дерттер
гаметопатиялар, бластопатиялар,
эмбриопатиялар және фетопатиялар деп
ажыратылады.
Гаметопатиялар –
ұрықтануға дейінгі
жыныстық
жасушалардағы
дерттік өзгерістер.
Олар аяқ астынан
түсік тастауға,
тұқым қуалайтын
аурулар дамуына
әкеледі.
Бластопатиялар
Ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта
кезінде зиготалардың бүлінуі. Бұл
кезде дерттуындатқыш әсерлерден
хромосомалардың ажырауы бұзылуы
немесе зиготаның жатыр қабырғасына
енуі (имплантациясы) кешеуілдеуі
мүмкін.
Бірінші жағдайда бластопатия ұрықтың
жалпы дамуы мен оның тұла бойының
қалыптасуының бұзылыстарымен көрінеді.
Осыдан қосымша тұтас организм немесе
оның жекелеген мүшелерінің артық
дамуы, өзара біріккен егіз балалардың
туылуы байқалады. Екінші жағдайда
негізінен нәресте өлі туады.
Эмбриопатиялар
• Ұрықтың жатыр қабырғасына бекңнуінен бастап
(ұрықтанудың 15-тәулігінен кейін) бала жолдасының
қалыптасуына (ұрықтанудан кейінгі 75-тәулік
аралығы) дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму кезеңінің
ерекшелігі болып бала жолдасы мен көпшілік
ағзалардың қалыптасуы есептеледі. Бала жолдасы
немесе “ана-плацента-ұрық” жүйесі қалыптасуының
бұзылуы ұрықтың өліміне немесе эмбрионның
жалпы дамуы кідіруіне және оның тіршілікке
қабілеттілігі төмендеуіне әкеледі. Ағзалардың
қалыптасуы бұзылуы жекелеген ағзаларда (ми,
жүрек, көз) ақаулардың дамуымен көрінеді.
• Фетопатиялар – құрсақ ішінде
дамудың 76-тәулігінен немесе
жүктіліктің 12-аптасынан туылуға
дейінгі ұрық дерттерінің жалпылама
аты. Оларды ерте дамитын
(ұрықтанудан кейінгі 180-тәулікке
дейін) және кеш дамитын (180-
тәуліктен туылуға дейінгі) деп
ажыратады.
Ерте ұрықтық (феталдық) кезеңде ағзалардың
қалыптасуы негізінен аяқталады. Сондықтан
дерттуындатқыш ықпалдар әлі толық
қалыптасып бітпеген (ми, эндокриндік,
жыныстық, жүрек-қантамырлары, иммуындық)
жүйелерге әсер етеді. Осыдан олардың
гипоплазиясы, дисплазиясы, микроцефалия,
гидроцефалия дамиды. Сонымен қатар
ұрықтық құрылымдардың кері дамуы
баяулауынан олар дер кезінде жойылмайды да,
ерекше даму ақаулары қалыптасады. Сонымен
бірге бұл кезеңнің даму ақаулары ағзалардың
бастапқы орындарында тұрып қалуымен
(крипторхизм) немесе ұрықтық (таңдайдағы,
еріндегі, омыртқалардағы, үрпідегі)
саңылаулардың жабылмауымен көрінеді.
• Кеш фетопатиялар белгілі аурулардың
түрлеріне ұқсас болып дамиды және дәнекер
т.б. Тіндердің тым артық өсіп-өніп кетуімен
(фиброэластоз, мидың глиозы, көз
бұршағының бұлыңғырлануы) және туа біткен
(ұрықтың ауруларымен, гепатит, пневмония,
миокардит, тромбоцитопения) дерттердің
дамуымен сипатталады.
Іштегі ұрық дамуының
бұзылыстарына көптеген себепкер
ықпалдар әкеледі:
1. Анасының соматикалық аурулары. Анасында
созылмалы гипоксия болуы ұрыққа оттегінің аз
тасымалдануына әкеліп,іштегі ұрық дамуын
бұзады. Жүкті әйелдерде жүрек қызметінің
жеткіліксіздігі, АГ немесе гипотензия, анемия,
сыртқы тыныс алу ағзаларының немесе бүйрек
аурулары болғанда, іштегі бала мен анасының
арасында бала жолдасы арқылы қанайналым
бұзылады. Іштегі ұрыққа қажетті оттегі мен
қоректік заттар дұрыс мөлшерде жеткізілмейді.
Осыдан іштегі ұрық дұрыс дамымайды.
2. Анасының эндокриндік аурулары да
іштегі баланың дұрыс дамымауына
әкеледі. Мәселен, қантты диабетпен,
гипер немесе гипотиреозбен, бүйрек
үсті бездерінің қызметі
бұзылыстарымен ауыратын әйелдердің
іштеріндегі балаларда әртүрлі
эндокриндік аурулар дамуы мүмкін.
Сонымен бірге бұл балалардың ішкі
ағзаларының дамуы, нервтік-
эндокриндік реттеу механизмдері
бұзылады.
3. Ұзақ мерзім жүктіліктен
уыттанулар, түсік
тастау қаупі, бала
жолдасының 1-к және 2-к
жеткіліксіздіктері т.б.
жүктілік кезіндегі
акушериялық-
гинекологиялық асқынулар
ұрық дамуын баяулатады.
Сонымен бірге баланың
іште теріс жамбасымен
орналасуы ми мен
гипофиздің бүліністеріне,
артынан гипофиздік
ергежейлілік дамуына
әкелуі мүмкін.
4.Сыртқы ортаның дерттуындатқыш
ықпалдары. Физикалық (температура,
радиация), химиялық (өндірістік, тұрмыстық
химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, алкогөл,
никотин, есірткі), биологиялық, әлеуметтік
(жандүниелік күйзелістер, жағымсыз
эмоциялар) ықпалдар анасының организміне
әсер етіп, ұрық дамуына тері әсер етеді.
Қызамықтың, қызылшаның, індетті
паротиттің вирустары, мерездің
қоздырғыштары, АИВ-сы анасының
организмінен сау бала жолдасы арқылы іштегі
балаға өтіп кетеді.
5. Жыныстық жасушалардың
мүкістігі. Қоршаған
ортаның дерттуындатқыш
ықпалдарынан, ата-ананың
организмдеріндегі
бұзылыстардан және
тұқым қуалаушылық
ақаулардан жыныстық
жасушалар әртүрлі
бүліністерге ұшырайды.
Мұндай жасушалар
ұрықтанғанда зигота жиі
тіршілігін жоғалтады
немесе қалыптыдан
ауытқыған ұрық дамиды.
Жаңа туған нәрестелердің
4-6%-да тектік дерттер
анықталады.
6. Ата-анасының жас мөлшеріне қарай
құрсақ ішінде бала дамуы да әртүрлі болады.
Мәселен, 16 жасқа толмаған жас қыздардың
балаларында 22-30 жастағы әйелдердің
балаларына қарағанда тыныс алу жүйесінің
және аяқ-қолдарының даму ақаулары жиірек
кездеседі. 35-тен асқан әйелдерден ОЖЖ
даму ақауларымен, Даун ауруымен,
хромосомалардың 13-ші, 18-ші жұптарының
трисомиясымен т.б. көптеген ақаулармен
ауыратын балалар жиі туады. Әкесінің
жасына байланысты қоянжырықпен,
хондродистрофиямен, жыныстық
хромосомалардың ауытқуларымен ауыратын
балалардың туу байқалады.
Құрсақ ішінде дамитын
дерттердің жалпы патогенезі
Ауру туындататын себепкер ықпалдар
ұрыққа тікелей әсер етуі мүмкін. Мәселен,
радиация, жұқпалар, мутагендер. Сонымен
бірге олар жатыр мен бала жолдасының
арасындағы қанайналымын бұзып әсер етуі
ықтимал.
Бала жолдасы тасымалдық, тыныстық, зат
алмасулық, тосқауылдық және эндокриндік
қызмет атқаруымен қатар, “анасы-бала
жолдасы-ұрық жүйесінде иммундық өзара
қатынастарды реттейді.
Оның тасымалдық қызметінің бұзылуы
нәтижесінде ұрыққа қажетті қоректік заттар
түспейді де, нәрестенің гипотрофиясы байқалады.
Тыныстық қызметі бұзылудан ұрықта және жаңа
туған нәрестелерде оттегінің жеткіліксіздігі болып,
құрсақ ішінде дамудың кешеуілдеуі, гипоксиялық
энцефалопатя дамиды.
Бала жолдасының тосқауылдық қызметі
бұзылудан ұрық организміне әртүрлі уытты заттар,
вирустар мен микробтар, канцерогендер жеңіл өтіп
кетеді.

Ұқсас жұмыстар
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары
Мұрын жанындағы қойнаулар
Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңдері
ТРОМБОЦИТТЕРДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Дамудың қауіпті кезеңдері
Сепсистің дамуы
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Пәндер