Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Презентация қосу
Пән: Фтизиатрия
Тақырыбы: Жуктілік және Туберкулез
Жүктілік және Туберкулез
Жоспар
1. Мәселенің дәрігерлер үшін маңыздылығы
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Баладағы БЦЖ вакцинасының маңызы
2. Жұғу жолы
3. Ықпал етуші факторлар
4. Патогенезі
5. Диагностикасы және емі
6. Асқынуы
Жүктілікті үзудің көрсеткіштері
7. Қорытынды
Жұғу мүмкіншілігі
Туберкулезбен ауырған аналардан бала аман сау
болып туылады. Тек кейбір жағдайларда ғана іштегі
инфекция жұғуы мүмкін. Көбінесе нәрестелер туғаннан
кейін анасынан ТМБ жұқтырады. Сол себепті жаңа
туған нәрестені емшекпен емізуге тек ТМБ бөлмейтін,
белсенділігі жоқ туберкулезбен ауыратын аналарға
рұқсат етіледі.
Вакцинаның маңызы
Туберкулезбен ауыратын аналардан туылған нәрестеге
басқа балалар сияқты БЦЖ вакцинасы енгізіледі.Бірақ,
анасы туберкулездің активті ашық түрімен ауырса 3 ай
бойы анасынан бөлектеліп химиопрфилактика
жасалынады. Содан, Манту сынамасы теріс болғаннын
өзінде, вакцинациядан кейін нәрестені анасынан бөлек
2 ай ұстайды, өйткені осы уақыт аралығында
туберкулезге қарсы иммунитет қалыптасады.
Вакцинациядан кейін баланы шешесінен бөлек ұстауға
мүмкіндік болмаса немесе нәрестеде вакцинация
жасауға қарсы көрсеткіштер болса, оларға химмиялық
алдын алу жүргізіледі.
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік-
дәрігерлер үшін өзекті мәселе.
Әйелдер туберкулездің барлық
түрімен ауырады. Көбінесе,
шектелген түрі басым болады,
фиброзды-каверноды түрі
сирек кездеседі. Қазіргі кезде
мұндай науқастар саны
төмендеген, себебі әйелдер
кеңесінде қауіп-қатер тобына
жататын жүктілер арасында
кеңінен туберкулезге қарсы
шаралар жүргізіледі.
Жұғу жолы
Туберкулезі бар анадан сау бала
тууы әбден мүмкін.
Ал туберкулезбен нәрестенің
құрсақішілік зақымдануы
M.Tuberculosis кіндік венасы,
плацента, амниотикалық
сұйықтықты жұтуы
нәтижесінде болады.
Ықпал етуші факторлар
Жүктілік кезінде
туберкулездің туындауына
ықпал етуші факторлар:
Әлеуметтік-тұрмыстық
факторлар
Үй жайы
Отбасылық қарым-қатынас
Темекі шегу
Алкоголь қабылдау
Патогенезі
Жүктілік және босану эндокринді жүйенің, иммунитет ағзаларының
қызметін, зат алмасу барысын өзгеріске ұшыратады. Іштегі
нәрестенің зат алмасу өнімдерінің бөлінуі ана ағзасына қосымша
жүктеме береді, сондықтан туберкулезге шалдығуға мүмкіндік
туады.Туберкулездің дамуы эндогенді инфекцияның активті түрге
көшуінде байланысты болады, жас әйелдер арасында ТМБ жұқпаған
контингент көптеп саналады, сол себептен оларда туберкулез ауруы
ТМБ алғаш рет жұғу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Жүктілікке
дейін пайда болған туберкулезбен салыстарғанда, жүктілік кезінде
және босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болған туберкулездің ағымы
ауыр түрде өтеді. Туберкулез жүктіліктің кез-келген кезеңінде пайда
бола алады, бірақ ол жүктіліктің бірінші жартысында жиі кездеседі.
Туберкулез үрдісінің үдеуі босанғаннан кейінгі кезеңде, алғашқы алты
айда жиі кездеседі
Клиникалық белгілері
Жүктіліктің бірінші триместрінде пайда
болған өкпе туберкулезінің өзіне тән
ерекше белгілері болмайды, оны жүктілік
токсикозымен шатастырып алуымыз
әбден мүмкін, ол туберкулез диагнозын
қоюды қиындатады.
Науқаста:
Әлсіздік
Нашар күй
Тәбеттің төмендеуі
Арықтау көрінеді.
Жүктіліктің екінші жартысында жайылған
инфильтратты немесе казеозды
ыдыраулы үрдіытердің дамуына
қарамастан науқастың жағдайында
елеулі өзгерістер байқалмайды.
Диагностика
Туберкулезбен ауыратын жүктілерде міндетті түрде
қақырықтың батериологиялық, бактериоскопиялық,
ортаға себу зерттеу әдістері жасалынады. Қақырық аз
мөлшерде болғанда ықпалдаушы ингаляциялар
қолданылады. Рентгенологиялық зерттеу шектеулі дозада
жасалуы тиіс. Рентгеноскопия және флюрографияны
қолдануға тиым салынады. Сондай-ақ төмен дозалы
сандық компьютерлік рентгенография жасауға болады(КТ
емес). Рентгенолог сәулені тура кеуде қуысына бағыттап,
құрсақ қуысын, жамбас бөлімдерін резеңкелі
қорғасындалған алжапқышпен дұрыстап жабуы тиіс.
Асқынуы
Өкпе туберкулезбен ауыратын
жүкті әйел → қанда оттегінің
жетіспеушілігі → гипоксия →
өкпе жүректік жетіспеушілік
→ фетоплацентарлы
жетіспеушілік → мерзімінен
бұрын босану.
Туберкулездігі интоксикация
бұл процесстерді үдетеді.
Жүктілікті үзуге көрсеткіштер
Осы уақытқа дейін туберкулезбен ауыратын
науқастарда медициналық көрсеткіштер
бойынша жасанды түрде жүктілікті үзу
міндетті болатын. Қазіргі таңдағы жаңа
диагностикалық әдістерге, алдын алу
шараларына, туберкулезді емдеудегі жаңа
комплексті емдеу әдістері (антибиотиктер,
химиопрепараттар, жасанды пневмоторокс,
өкпеге және өкпе қуысына операция) ана мен
нәрестенің денсаулығын қадағалауға мүмкіндік
береді.Сондай-ақ жүктілікті үзу әйел
денсаулығын жақсартпаған, керісінше,
туберкулез өрши түскен.
Емі
Жүкті әйелдер, бала емізетін аналар туберкулез ауруханасында немесе
санаторийларда емделеді. Препараттар керекті мөлшерде
белгіленеді. Дәрілерді таңдау кезінде кейбір препараттардың
диспепсиялық бұзылыстар түрінде жанама әсері пайда болуы
екендігін ескеру қажет.
Қатері біршама төмен препараттар:
Изониазид
Улы әсері бар препараттар(іштегі нәрестеде түрлі кемістіктер пайда
болуына байланысты жүктілерге мүлдем қолданылмайды):
Стрептомицин
Канамицин
Этамбутол
Этионамид
Рифампицин
Қорытынды
Қорыта келе, туберкулезбен ауыратын болашақ ананың немесе
нәрестелі ананың болашақта сауығып кетуі тек дәрігерлердің ғана
еншісінде емес, сонымен қатар аналардың маңызды рөлін
умытпайық
Сондықтан
Сонда ғана
“болшақ
сіз қалаған
ана” сіздің
сәбидің
ұқыптылығ
сау болуы
ыныз сіздің
күмәнсіз
балаңызды
ң сау
болуының
кепілі
Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz