Топырақтың механикалық құрамын далалық тәсілмен анықтау: тәжірибелік сабақ


Slide 1

Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: ТОПЫРАҚТЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ДАЛАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН АНЫҚТАУ.

Мақсаты: жалпы топырақтардың механикалық фракцияларға жіктелуін және Н. А. Качинский бойынша жіктелуін практика жүзінзе көрсету.

Міндеті: топырақтардың механикалық құрамын далалық тәсілмен анықтау.

Жоспары:

Далалық тәсіл.

Жұмысты орындау барысы - үлгілерді дайындау.

Гранулометриялық құрамды анықтау.

Негізгі тұрақты терминдер : бос құм, байланысқан құм, құмайт, жеңіл құмбалшық, балшық.

Пән аралық байланыс: агрономия (далалық тәсіл)

Пән ішіндегі байланыс: №4 ( топырақтың түйіртпектілігі және жалпы физикалық, физика - механикалық қасиеттері.

Дәрісте құрастырылатын көрнекі құралдар : сурет - 1.

Жеке өзіндік жұмыс:топырақты өздігімен ажыратып, жіктеу, өз облысының топырақтарына гранулометриялық сипаттама беру.

Slide 2

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ түйiртпектiлiгi мен түйiрпектiгiне түсiнiк.

2. Түйiртпек (агрегат) түрлерi және олардың басты көрсеткiштерi.

Реферат тақырыптары :

1. Агрономиялық құнды топырақ түйiртпектерiнiң түрлерi, олардың қалыптасу механизмi (үрдiсi) мен жағдайлары.

2. Түйiрпектiң бұзылу себептерi; агрономиялық құнды түйiрпектi түзу шаралары; жасанды түйiрпекқұрау.

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Т. Тазабеков, С. Қалдыбаев, Е. Тазабекова «Топырақтану» Алматы, 2004ж

Т. Тазабеков жетекшілігімен. «Топырақтар географиясы» Алматы, 2000ж

Ковда В. А., Розанов Б. Г. «Почвоведение» Москва, 1988г

Кауричев И. С. «Почвоведение» М., Колос, 1982ж

Тазабеков Т. «Топырақтану түсіндірме сөздігі» Алматы, 1993ж

Қосымша әдебиеттер:

Елешев Р. Е., Елемесов Ж. Е., Мұхамметкаримов К. М. «Топырақтану практикумы» Алматы, 2006ж

Елешев Р. Е., Елемесов Ж. Е., Елюбаев С. «Топырақтану геология негіздерімен» Алматы, 2007ж

Slide 3

Топырақтың механикалық құрамын далалық тәсілмен анықтау.

Бұл тәсілмен анықтау топырақтың байланыстылығы мен иілгіштігіне негізделген. Ұқыпты орындаған кезде механикалық құрамды өте анық анықтауға болады.

Жұмысты орандау.

5 граммдай топырақты алақанға салып уқалап, олардың түйртпектерін жоямыз.

Топырақты сулап оны қамыр күйіне дейін илейміз.

Суланған топырақты алақанымызға дөңгелектеп шар немесе диаметрі 3мм жіп бау жасау арқылы механикалық құрамды анықтаймыз.

Сурет-1 топырақтың механикалық құрамын анықтау.

Slide 4

Бос құм - топырақтан шарикте, жіп бауда жасалмайды.

Байланысқан құм - топырақтан, жіп бау жасалынбайды, әрең шарик жасалынады., бірақ басқанда шашылып кетеді.

Құмайт - топырақтан берік шарик жасауға болады, басқанда шашылмайды. Диаметірі 5-6мм кіретін цилиндр жасалынады, бірақ жіп бау жасауға келмейді.

Жеңіл құмбалшық - топырақтан диаметрі 3мм келетін жіп бау жасалынады, бірақ олар берік емес.

Орташа құмбалшық - топырақтан диаметірі 3мм келетін жіп бау жасалынады, оларды саусаққа орап доға жасап игенде олар сызаттанып кейде бөлініп кетеді.

Ауыр құмбалшық - диамтрі 3мм келетін жіп бауды саусаққа орап сақина жасауға болады, кейде майда сызаттар болуы мүмкін.

Балшық - топырақ ұзын жіңішке жіпке ширатылады., оны саусаққа 2- з рет еркін орауға келеді.

Slide 5

Топырақты саусақ арасында уқалау арқылы, ондағы құмды анықтап, топыраққа қосымша сипаттама беруге болады. Мысалы балшықты топырақта құм кездессе, онда оны құм балшықты деп, ал балшықты топырақта құм кездеспесе шаңды немесе лөсті деп атайды. Егер топырақта қиыршық тас немесе малта тас кездессе, онда оны қиыршық тасты немесе малта тасты деп атайды.


Ұқсас жұмыстар
Топырақтың механикалық құрамы, органикалық бөлігі және құрылымы
Малдардағы эндемиялық ауруларды биогеоценотикалық тәсілмен анықтау
Топырақ құрылымының морфологиясы мен далалық зерттеу әдістері
Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу: сынама алу және зертханалық әдістері
Химиялық қоспалар қосылған бетон құрамын анықтау және олардың тиімділігін бағалау
Топырақтың физикалық қасиеттері: ауа, жылулық режимі, кеуектілік және анықтау әдістері
Қан плазмасының сілтілік қорын, қышқылдық сыйымдылығын және қан сарысуының буферлік құрамын анықтау
Құмкөл кен орнының ІІ кешенінде ұңғымаларды фонтанды тәсілмен пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін анықтау жобасы
Топырақтың морфологиясы және профильдік құрылымы
Терілерді сұрыптау және механикалық ақауларды анықтау әдістері (МЕМСТ талаптары бойынша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz