Қазір Ақсу - Жабағылы қорығы




Презентация қосу
Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас
Алатауының (Батыс Тянь-Шань)
солтүстік батыс бөлігін және Өгем
жотасын алып жатқан, 1926 жылы
құрылған Қазақстанның тұңғыш
қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден
4200 м биіктікке дейінгі аралықта
орналасқан таулы аймақты алып
жатыр. Құрамында Қаратаудағы
“Қарабастау” (126 га) және “Әулие”
(100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы
75,09 мың га (1997 ж). Қорық
оңтүстікте және оңтүстік-шығысында
көршілес Қырғызстан және Өзбекстан
территорияларымен шекаралас жатыр.
Қорықтың атауы осы қорықтың
аумағында орналасқан екі өзеннің
(Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан.
Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы
Юнеско жасаған дүние жүзінің
қорықтар тізіміне енген. Қорық
бірнеше биіктік белдеуде жатыр.
Тау өңірінде бидайық, түрлі
шөптер, боз жусан, жоғарысында
селдір арша орманы, субальпі
және альпі шалғыны өседі. Одан
жоғарысын мұздықтар мен көп
жылдық қар жапқан. Ақсу-
Жабағылы қорығының жерін Ақсу
өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-
дей) жарып өтеді.
Қорықтың климаты континентті, жыл
мезгілдерінің әр қайсысында жауын-
шашын мөлшері әр түрлі түседі.
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің
(950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і
- күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында
жауады. Жылдық орташа
температура +5,6 °С. Ең суық ай -
қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл
шілде айы (+17,2°С).
Қорықтағы өсімдіктер дүниесі әр
алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58,
жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400
(дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша,
сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ,
сарыағаш, шәйқурай, талас у
қорғасыны; тех. өсімдіктерден
арша, рауғаш, итқұмық, таран;
жеміс-жидектерден: жабайы алма,
шетен, шие, қарақат, бүлдірген;
жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа,
кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық,
көде, сондай-ақ эндемик
өсімдіктерден: майысқыш қияқ,
талас қайыңы, ақшыл сары
жоңышқа, қаратамыр, томағашөп,
қандыгүл; реликті өсімдіктерден:
жалған масақша, Минквиц
Ақсу -Жабағылы – Орта Азиямен
Қазақстандағы ежелгі қорық.
2006 жылы оған 80 жыл толды.
Қорық құру мәселесін көтерген
белгілі гидробиолог А. Л.
Бродский болатын, ол 1920
жылы бірінші рет Жабағылы
және Ақсу өзендерінің жоғарғы
жағында болды. Екі жылдан
кейін осы жерді Ташкент
университетінің бір топ
профессорлары – Д. Н. Кашкаров,
Е. П. Коровин, М. В. Культиасов,
М. Г. Попов, Н. А. Димо
зерттеулер жүргізді. Олар
жердің қорық ретінде
1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі
шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу
басталды, бір жылдан кейін оның
шекарасын көрсететін белгілер қойылды.
1926 жылы маусымда Қазақ
Республикасының Кеңес халық комитеті
Ақсу – Жабағылы қорығының құрылғаны
жайлы арнайы қаулы (хаттама № 25 )
қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей
Федерациясының Кеңес халық комитеті
шешімімен бекітілді. Сонымен Ақсу –
Жабағылы өз мерейтойын үш жыл
қатарынан тойлауына болады.
Қорықтың қалыптасуы және бекінуі
Борис Петрович Тризна ( 1867-1938 )
жұмыстарына байланысты, ол Ақсу –
Жабағылы қалыптасуының ең қиын
алғашқы онжылдығында басқарды. Осы
кезде маңызды ғылыми
зерттеулер жүргізілді, қызметкерлер
саны мен қорық территориясы көлемі
алғашқы 30 мың га 1937 жылы 69 825
гектарға ұлғайды. Келесі 50 жыл
аралығында оның көлемі мен
шекарасында шамалы ғана өзгерістер
болды
Тек соңғы онжылдықта Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес
қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы
жағын және Майдантал өзені аңғарының
бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу –
Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол
Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан
шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік
Қазақстан мен Жамбыл облыстарында
орналасқан.
Сонымен қатар қорықта екі
палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау
тауында орналасқан. Сол уақытта Шымкент
мұражайының директоры болып жұмыс
істеген Б. П. Тризнаның белсенділігінің
арқасында 1924 жылы мамырда көлемі 126
Қарабастау Кеңес Одағы бірінші
палеонтологиялық қорық болды.
Көлемі 100 га Әулие жері тек 1973 жылы
ғана қорық болып жарияланды. Осы
жерлерде қорғалатын юра дәуірінің
жануарлар мен өсімдіктер қалдығы -
әлемдік ғылымның бірегей асыл қазынасы.

Ақсу – Жабағылының негізгі
территориясы Талас Алатауы жотасының
батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100 –
4200 м биіктіктегі Угам жотасының қиыр
солтүстік – шығыс тарамын алып жатыр.
Мұндағы тау жыныстарының басымы –
төменгі карбон мен жоғарғы девон
ізбестері. Ізбес сілемдері палеозойдағы
ежелгі теңіз жануарларының көпшілігін –
трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар,
губкаларды қатқан күйінде сақтаған.
Ежелгі тау жыныстары плиоцен мен
төрттік дәуірдің қырық құрау қоспалары
мен, сонымен қатар қазіргі аллювиальды
және басқа да шығу тегі әртүрлі
борпылдақ жыныстармен жабылған. Атпа
жыныстар – сиениттер мен граниттер жер
бетіне жиі шығып жатады.
Олардың ізбестермен қосылысы мәрмәр
түзеді. Қорықтағы тау жоталары қатты
бөлінген. Олар шығыстан батысқа бойлай
созылған және бедерлері ұқсас болып
келеді. Солтүстік баурайлары әдетте жазық,
кең тегіс сатылы бедерлер, тау адырлары
қар және мұздақтармен көмкерілген.
Оңтүстік баурайлары – тік, құрғақ және
жартасты. Олардан жиі жіңішке үшкір
жоталар кетеді, сөйтіп, сайда күрделі
иірімдер түзеді.Орталық бөлігінде қалың
мұзды жота Бұғылытөр көзге айқын түсіп
тұрады. Осы мұздықтарының ішіндегі ең
ірісінің көлемі шамамен 1 шаршы
шақырым. Қорықтың басқа мұздықтары
( олар 50-ден астам ) оның мөлшерінен
аспайды.
Мұндағы тау жыныстарының басымы – төменгі
карбон мен жоғарғы девон ізбестері. Ізбес
сілемдері палеозойдағы ежелгі теңіз
жануарларының көпшілігін – трилобиттер,
маржандар, бауыраяқтылар, губкаларды қатқан
күйінде сақтаған. Ежелгі тау жыныстары плиоцен
мен төрттік дәуірдің қырық құрау қоспалары мен,
сонымен қатар қазіргі аллювиальды және басқа да
шығу тегі әртүрлі борпылдақ жыныстармен
жабылған. Атпа жыныстар – сиениттер мен
граниттер жер бетіне жиі шығып жатады. Маржан
сайындағы сұр жартастардың жұмбақ сілемдері
дерлік түгел 250 милион жыл бұрын палеозой
дәуірінде осы территорияны алып жатқан үлкен
теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың
(маржандар, губкалар, малюскалар) тасқа айналған
қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде біздің ата – бабаларымыз да
өз іздерін қалдырды. Қара
шөгінді тау мен жарқырыған ромб
тәрізді қар мұздығынан тұратын, үлкен
амфитеатрмен қоршалған, әсем де
қатаң жерде Қасқабұлақ сайы
шұңқырында атақты тас галереясы бар.
Қара темірлі – магенецті
қабықпен қапталған жалпақ тастар
бетінде үшкір қару ұшымен салынған
ежелгі адамдар суреттері жақсы
көрінеді. Мұнда екі мыңнан астам
суреттер бар. Тас көркем суретінің
таңғаларлық жазуларының орындалу
мәнері мен алуан түрлі сюжеттері
қайран қалдырады.
. Көбіне жабайы аңдар – ешкі, арқар, марал
суреттері
кездеседі. Жиі салт адамның атта немесе
түйеде отырғаны, садағы мен найзасы
бар аңшы, күресу, билеу, әртүрлі салт
жораларын жасау және тіпті дарға асу
суреттері көрсетіледі.
Осы суреттердің жасы жайлы әлі күнге дейін
бір пікірге келмей жатыр. Зерттеушілердің көбі
оларды сақ кезеңіне, яғни біздің дәуірімізге
дейінгі V – IV ғасырға жатқызады. Басқалары
Қасқабұлақтағы « сурет галереясы » тас
дәуірінен бастап, біздің дәуіріміздің орт а
ғасырларына дейінгі көптеген ұрпақтардың
қолымен жасалған деп есептеледі.
•Қорық ауа райы континентальды,
ылғалдылық жыл маусымы бойынша біркелкі
түседі. Жалпы түсетін жауын – шашынның
( таудың орта белдеуінде 950 мм) 30 %-ы
қыста, 40 % -ы күзде және не бары 10 % -ы
жазда т үседі. Ауаның жылдық орташа
температурасы + 5,6 0С, ең суық айда
( қаңтарда ) – орташа – 5,4 0С, ең ыстық айда
( шілдеде ) + 17,20С. Құрғақшылық кезеңнің
орташа ұзақтығы – 70 күн, аязсыз – 142күн,
қар жабыны бар кезең – 160 күн.
Ақсу – Жабағылының биологиялық
алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден
әртүрлі мамандықтағы ғалымдардың
назарын өзіне еліктірген болатын.
Бұл қорық ғылыми зерттеулердің
ұзақтығы мен нәтижелігі жағынан тек
Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес
Одағының барлық қорықтарының ішінде
алдынғы орынға ие. Мыңға жуық ғылыми
және ғылыми - көпшілік мақалалар,
сонымен қатар « Еңбектер » 8 рет
шығарылды, ондаған кітаптар мен
моногрфиялар, әсерлі көркем
фотоальбомдар, буклеттер және 4 ғылыми
– көпшілік кинофильм бүкіл әлемге
таралды. Соңғы жылдары Батыс Тянь –
Шань био әртүрлілігін қорғау жөніндегі
Халықаралық жабаның іске асуы
нәтижесінде, Ақсу-Жабағылы өзенінің
территориясын еңейтіп, материялдық –
Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Жамбек Жалғасбек
ПО-107K.

Ұқсас жұмыстар
Ақсу Жабағылы қорығы
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Ақсу - Жабағалы қорығы
Қазақстанның қорықтары
Қорықтың аты
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Ақсу-Жабағылы қорығы туралы
Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары
Абайдың табиғат лирикасы
Пәндер