Құстарды қорғау




Презентация қосу
Жоспар

Кіріспе
Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін
әсері
Жануарларды қорғаудағы «Қызыл кітаптың» маңызы
4.1. Насекомдарды қорғау
4.2. Балықтарды қорғау
4.3. Қосмекенділерді қорғау
4.4. Бауырмен жорғалаушыларды қорғау
4.5. Құстарды қорғау
4.6. Сүтқоректілерді қорғау
5. Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
Кіріспе
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен тығыз
байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен
қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда
да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен
байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, өсімдіктерді
тозаңдандырады (насекомдар, кейбір құстар) және
өсімдіктердің бір ауданнан екінші ауданға таралуына
көмектеседі.
Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар адам
баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы басқа да
шикізаттар береді. Бүгінде дүниежүзі халықтарының
жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның
ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың
жетіспеуі, 3 млн. тоннаға жетеді. Бұл 15 млн. тонна ет
деген сөз. Сондықтан да мал шаруашылығын ғана
дамытып қойымай, сонымен қатар балық және аңшылық
шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы
бар, оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.
Біздің еліміз табиғат байлықтарының бірі-
жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754 мың
шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан
территориясының кең байтақ жазық даласында,
өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-
дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың
көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған
Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі
және сүтқоректілердің 175 түрі өмір сүретіндігі
айтсақ та жеткілікті. Елімізде осындай табиғат
байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының
молайуына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-
құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай
өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр.
Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау
жөнінен балық республикалар ішінен екінші орын
алады.
Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін
әсері
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінінің жойылып
кетуі және екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық.
әрине, адам көптеген түрлердің жойылып кетуіне
себепкер болған бұл процесті де тездетеді. Бұл әсер
бұдан 250 мың жыл бұрын басталған. Европпада осыдан
100 мың жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың,
орман пілінің, алып бұғының, мамонттың құрып кетуіне
тікелей қатынасты.
Қазіргі адамның жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына
40 мыңдай жыл болан. Ол мал өсірумен және егіншілікпен
осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана
бастаған.сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ
пен киімнің көзі тек аңшылық қана болды. Европада
шөппен қоректенетін ең ірі аңдар – мамонттар, алып
бұғылар қырылып біткенен кейін, олармен қоректенетін –
үңгір арыстаны, үңгір аюы да жойылып кетті.
Бұрын Қазақстандла мекендеген жабайы
түйе, жабайы сиыр,жолбарыс, солтүстік
бұғысы, құлан сияқты аңдарды бұл күндері
кездестіру қиын. Оған мынадай деректі
мысал келтіруге болады. Кейінгі екі мың
жыл ішінде жер бетінен жануарлардың 110
түрі жойылып кетті. Енді осы құрып кеткен
жануарларды уақыт өлшемімен
салыстырып, қай кезеңде қалай өткендігін
айта кетейік. 110 түрдің үштен бір (38) ХVІІІ
ғасыр уақыт ішінде құрып кетті, келесі
үштен бірі (36)тек өткен бір ғасырда ғана
жойылып кеткен. Ал қалған үштен бір (36)
соңғы 50 жыл ішінде құрып отыр.
Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір
жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарладың ішінде
көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңызы үшін ауланатындары.
Олардың терісі, еті, майы т.б. шикізаттар үшін аулайды.
Нәтижесінде олардың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып
та кетеді.
Жануарларды есепсіз қалай болса солай аулаудың нәтижесінде
саны күрт азайып кеткенін әңгіме қылғанда Афримиканы мысалға
алады. Африкаға ең бірінші Европалықтар келгенде оңтүстік
Африканың ірі жануарларын атып ала бастаған. Жаңа Зеландияға
жануарлар дүниесі өте аз, сондықтан Европадан, Азиядан,
Австралиядан, Америкадан құстың 31 түрін, сүтқоректілердің 34
түрін, балықтардың бірнеше түрін әкеліп жіберген. Олардың бәрі
де сол жерге жақсы көндігіп кеткен. Адамдар жануарларға
тікелей әсіресе арам шөптер мен ауыл шаруашылығының
зиянкестерімен күресте химиялық заттардан өсетін жануарларды
да жатқызуға болады. Химиялық заттармен жұмыс істегенде
көпшілік жағдайда адамдарға пайдасы көп жануарлар өлімге
ұшырайды. Сол сияқты өндіріс қалдықтарын, улы заттарды ағын
суларға жіберу арқылы бағалы балықтарды су жануарларын
уландырып өлтіру де жатады.
Жануарлар қорғаудағы “Қызыл
кітаптың” маңызы.
Біздің елімізде жануарларды қорғауды
ұйымдастыру негізгі екі бағытта
жүргізіледі. Оның ірі қорықтар
ұйымдастыру да, екінші кәсіптік маңызы
бар жануарларды пайдалану барысында
сақтайтын қорық. Бұл екі бағыт та қажет,
әрі олар бір-бірін толықтырып отырады.
Жануарларды қорғау-ең алдымен олардың
тіршілік ететін жерлерін қорғау деген сөз.
Айгаладағы ортаның өзгеруіне, әсіресе,
жануарлар өте сезімтал келеді жаңа ортада
олардың кейбіреуінің саны бірте-бірте азайып, тіпті
жойылып кетуге дейін барады. Мәселен, сыр және
Іле өзендерінің қамысты қопаларында қырқыншы
жылдарға дейін жолбарыстың мекендегені,
отызыншы жылдарға дейін даламызда құланның
үйір-үйірімен жосып жүргендігі бүгінде аңызға
айналып отыр. Оларды кең-байтақ република
территориясынан кездестіру қиын. Сондықтан да
хайуанаттар жүниесін қорғап, олардың қорын
үнемі молайтып, отыру-табиғат қорғау
саласындағы ең өзекті мәселені бірі. Енді барлық
сирек және жойылып кету қаупіндегі түрлері осы
Одақ жасаған “Қызыл кітапқа” тіркеледі.
Насекомдарды қорғау
Насекомдар еласы буынақтылардың ішінде ең
көп жануарлар тобы. Шын мәнінде
насекомдардың табиғаттағы және адам
өміріндегі маңызы зор. Олардың арасында ауыл,
орман шаруашылықтарының зиянкестері, адам
мен жануарлардың паразиттері бар. Десе де
олардың ішінде зиянкестерді құрайтын пайдалы
түрі көп. әр түрлі азықтық зат беретін (бал,
прополюс, жібек, лак бояулары) және пайдалы
насекомдарды табиғата қорғайды,
лабораториялық жағдайда көбейтеді, арнаулы
омарталарда өсіреді. Омарта мен жібек
шаруашылығы-халық шаруашылығының негізгі
саласының бірі.
Балықтарды қорғау
Дүние жүзінде балықтардың 20 мыңға жуық түрі
бар. ТМД суларында балық түрі 1500-дей деп
саналса, соның 250-300-дейінің кәсіпшілік
маңызы бар. Қазіргі кезде дүние жүзінде жылына
70 млн. тонна балық ауланса, соның 10
проценеті ТМД-ның иесіне тиді.
Есепсіз аулау-бұл құбылыс көпшілік теңіздер мен
ішкі су көздерінде кеңінен таралған. Есепсіз
аулау салдарынан есймеген жас балықтарды
аулап олардың популяциясына әсерін тигізіп,
сандарының өсуіне кедергі жасап, тіпті сол
түрдің құрып кетуіне себепші болды. Балық
шаруашылығының ең басты міндеті есепсіз
аулау мен күрес жүргізу.
Қосмекенділерді қорғау
Қосмекенділер табиғаттың көне дәуірінің
тамаша туындысы. Олар жер бетінде
осыдан 300 мың жыл бұрын шыққан.
Қосмекенділердің құрлыққа шығуын
жануарлар дүниесінің дамуындағы үлкен
бетбұрыс деп қарау керек. Біздің елімізде
олар өте аз кездеседі. ТМД
қосмекенділердің 33 түрі кездессе, оның 12
түрі Қазақстанда таралған, ал қазіргі жер
шарында шамамен 2500 түрі бар. Олардың
ішінде құйрықсыз, құйрықты және аяқсыз
қосмекенділер кездеседі.
Бауырмен жорғалаушыларды қорғау
Қазіргі кезде жер жүзінде бауырмен
жорғалаушылардың шамамен 6000 түрі белгілі.
ТМД-да олардың 125 түрі кездесетін болса, оның
49 түрі Қазақстанда таралған. Денесінің сыртқы
көрінісіне қарай олар: жылан, кесіртке және
тасбақа тәрізділер болып көрінеді. Жыланның жер
жүзінде 2500-дей түрі бар. ТМД-да 56,
Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 4 улы,
қалғаны усыз жыландар. Улы жыландар кәдімгі
сұр жылан, дала сұр жыланы, боз жылан,
қара жылан. Усыз жыландарға: оқ жылан, қара
шұбар жылан, су жыланы, құм жыланы
жатады.
Құстарды қорғау
Құстардың адамның рухани өмірінде алатын орны
зор. Адам құстарды клеткаларда ұстап өзіне
жақындатуға тырысады. Отанын есте сақтау үшін
басқа елде жүргенде өзімен бірге ала кетеді.
Алайда адамдар ең алдымен құстардың
шаруашылық және практикалық маңызына мән
береді. Құстар ауыл және орман шаруашылығы
үшін зиянды жәндіктер мен кеміргіштерді жеп
соны елеулі дәрежеде азайтады.
Адамдардың құстарды пайдаланған ең көне әдіс
аңшылық. Құс салып аңға шығу ел арасында кең
тараған. әсіресе әуесқойшылық сұңқармен,
қаршалап, бүркіттермен Орта Азияда,
Қазақстанда, Кавказда кейбір Европа жерлерінде
аң аулау күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ .
Сары құтан
өзінің тарлу аймағында саны кеміп бара
жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанда
Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі
ағысында ұялайды, бұрын аздап.
Сырдарияның сағасында мекендейтін
Солтүстік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай.
Өзендер мен көлдердегі қамысты қопаларды
мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін
факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық,
ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін
адамдардың мазалауы. Бұл түрдің ұялайтын
аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру
қажет.
Кіші ақ құтан
Өзінің тарлу аймағына сирек ездесетін түр.
Қазақстанда Еділдің атырауы мен ЖАйықтың
сағасында аралығындағы Каспийдің
солтүстік жағалауында тал мен қамыс қалың
көлдері мен өзендерді, оның тармақтарын
және теңіз жағалауын мекендейді. Кеінгі
жылдары саны азайып кетті. Бұл Солтүстік
Каспий аймағында небәрі 1 мыңнан аспайтын
кіші аққұтан тіршілік етеді. Олардың Еділ
атырауы мен жайық жағасындағы мекенінде
қорықтар ашу қажет.

Сүтқоректілерді қорғау
Сүтқоректілер класының өкілдері адамдар өміріне өте
маңызды. Қазір республикамызда сүтқоректілердің санымен
60-тан астам түрі кәсіптік маңызды ауланып, халық
шаруашылығында айтарлықтай үлес қосуда.
Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар
аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту
мақсатында биотеникалық шараларды жүргізеді: азықтық
және паносы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша
азықтандыру су тасығанда немесе басқа да табиғатың
дүлей апатынан құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру
жануарлардың ауруларымен және паразиттермен күресу.
Осы аталған жұмыстады жүргізуді дұрыс ұйыдастырғанда
ғана аңшылық шараларының жұмысы алға баспақ.
Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, қарақұйрық,
марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік
мақсатта ауланып тиісті қажеттерге жаратылады.
Қазақстанда қабылданған 1981 жылғы 1 тамыз күніне енген
«Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңы
қабылданған.

Үстірт Арқары
Саны мен таралу аймағы шектелген Үстірт пен
Маңғыстаудың таулары мен қырларында
таралған. Қазақстанда жалпы саны 5,5-6,5 мың
бас; санының кемуіне негізгі себептері –
қосақылық және арқарлар мекендейтін жерлерді
шаруашылық жүргізу үшін қарқынды түрде
меңгеру. 1978 жылы бұларды Ашхабат және
Харьковтің хайуанаттар парктерінде ұстаған,
соңғы паркте олар ойдағыдай өсіп-өнеді. Үстрт
қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңғыстау
облысында қорғалатын территориялар жүйесін
құруды реттеу қажет.

Қызылқұм арқары
Қазақстанда жойылып кеткен. XVIII-XIX
ғасырда Сырдария мен Қуаңдария
өзендерінің сағаларының аралығында
мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата
қорығыда қорғалады. Оларды Шымкент
хайуанаттар паркінде өсіру, сонымен қатар
Оңтүстің Қазақстанда оларды кейінен
табиғи ортаға қайта жіберу үшін құмда
өсіретін питомник ұйымдастыру қажет.


Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келді. Қазақстан
конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады-бүкіл
халықтың игілігі.

Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы
қапарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: жануарлар дүниесін
қорғау мен пайдалану туралы. 1981ж. Қазақстан республикасының заңы.

«жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар:
жануарлар дүниесін пайдалану, жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік
есебі және жануарлар дүниесінің қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану
заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік халықаралық шарттар.

Қазақстан «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры-
жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын
басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету мақсатында үй
жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда түз жануарларының тұрлерінің қажет
екендігін тағайындайды.

Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтай үшін
қорғауға жатады. Егер жануарлар ауылшаруашылығында зиянын тигізбесе немесе х/д-на
әсер тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған.

Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады,
соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдалануы қажет. Саны сирап бара
жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды
аулауға тиым салынған.

Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды броконерлер деп, оларға қарсы
күрес жүргізеді, тіпті оларды сақтап үй-мүлкін мемлекет есебіне алады (конфискация).
Аңдардың барлығын делік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде
ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді.

Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Құстардың көктемгі тіршілігі
Қызыл кітап және биологиялық алуан түрліліктіқорғаудағы ролі
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Бастауыш мектепте дүниетану танымжорықтарын ұйымдастыру
Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим
Қорғалжың қорығы - Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық
Тауықтарды торға тасымалдау
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық бірлестігі
Пәндер