Жедел гломерулонефрит




Презентация қосу
C.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ
Ұлттық Медицина Университет

Тақырыбы:“Гломерулонефриттер”

Гломерулонефриттер
Бүйректің созылмалы
шамасыздығына және содан
болатын өлімнің ең жиі себебі-
гломерулонефриттер.Бұл ауруға
көбіне жас адамдар
шалдығады.Ол көбіне жасырын
дамып ,үнсіз меңдейтін
аурулардың бірі.Науқастардың
70%-да гломерулонефрит
кездейсоқ тексерілгенде
анықталады.
Гломерулонефрит - (лат. glomerulus -
шумақ) – деп бүйрек
өзекшелерінің,артериолаларының,дәнеке
р тіндерінің дистрофиялық,склероздық
өзгерістерімен қатар,нефрон
шумақтарының басым бүліністерімен
көрінетін екі бүйрекке біркелкі жайылған
иммундық-қабынулық дерт.
Этиологиясы:
Инфекциялық аурулар(баспа
бадамша бездерінің
созылмалы қабыну аурулары
(тонзилиттер),жоғары тыныс
жолдарының аурулары.
терінің іріңді қабынулары
(пиодермиттер)
Иммундыкомплексті жүйелі
аурулар (жүйелі қызыл
жегі,түінді
периартериит,ревматоидтық
артрит)
Экзогенді немесе эндогенді
антигендердің әсерінен (қанның
сарысуы,өсімдік
тозаңы,жәндіктердің
улары,тағамдық
аллергендер,дәрілік және
химиялық заттар)
Патогенезі:
Иммундыкомплексті механизм- иммундық комплекстер
шумақтың ішіне түйіршіктеліп жиналады:эпителийлік
жасушалар астына,базальдік мембрана
арасына,эндотелий астына және мезангиялық
матриксте.Бүйрек биоптатының
иммундыфлюоресценциялық микроскопиясында
иммундық комплекстер жиналуының үш түрін айырады:
”жұлдызды аспан” көрінісі-IgG және C3 комплементтің
шумақтық капиллярлар қабырғасының бойында ұсақ
түйіршіктер тәрізді жиналуы;
“Мезангиялық” шөгінділер- IgG және C3 комплементтің
мезангийде түйіршіктер жиналуы;
IgG және C3 комплементтің шумақтық капиллярлар
қабырғасының бойында тізбектеліп жиналуы;
Гломерулонефриттің дамуында шумақтық капиллярлар
эндотелийдің түрлі себептерден өзгеруі.Қалыптыда
эндотелийдің беті теріс зарядты сиалопротеинмен
қапталған.Қанның қалыпты белоктары да теріс
зарядты.шумақтық фильтрден өткізілмейді. теріс
зарядтардың тебісуінен қанның белоктары шумақтық
фильтрден өткізілмейді.
• Антиденелік механизм-шумақтардың базальдік
мембранасының белоктарына арнайы
антиденелердің түзілүі. Гломерулонефриттің бұл
түрінде антиденелер капиллярлардың базальдік
мембранасының бойында тегіс жиек тәрізді
жиналады.
Комплементтер синтезінің немесе
активациясының кемістегіне байланысты
механизм.
Жасушалық иммунитеттің бұзылу механизмі-
сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер
шумақтарға қабыну жасушаларының жиналуына
септігін тигізеді және оларды активациялайды.
Бүйрек тамырларындағы жергілікті коагуляция
механизмінің күшеюі.Гломерулонефрит
дамығанда бүйрек тамырларында қан ұю жүйесі
активацияланады.Содан бүйректе локальді
қанның тамыр іші шашыраңқы ұю синдромы
қалыптасады.
Жіктемесі:

Жедел гломерулонефрит
Жеделдеу
(қатерлі,экстракапиллярлық,тез
өрістеуші)
Созылмалы гломерулонефрит:
Латентті;
Гипертониялық;
Нефротикалық;
Аралас;
Гематуриялық;
Гломерулонефриттің
морфологиялық сипаттамасы:
1. Интракапиллярлық гломерулонефрит және оның
морфологиялық көріністері:
Иммундық комплекстердің немесе анти-ГБМ
антиденелердің жиналуынан базальдік мембранасының
жыртылып тесілуі,өткізгіштігінің артуы;
Мезангиялық жасушалардың көбеюі
Эндотелийлік жасушалардың көбеюі

Капиллярлардың өзектері фибриндік тромбтармен
бітелуі,қабырғасының жыртылуы.
1. Экстракапиллярлық гломерулонефрит және оның
морфологиялық көріністері:
Капиллярлар ілиектерінің арасындағы және ілмектер мен
капсула қабырғасының арасындағы жабысқақтар;
Капсуланың қуысында жасушалардың көбеюі және
олардың капиллярлық ілмектерді
қоршап,жартыайшаларды түзуі.

Ұқсас жұмыстар
Ісіну синдромы
Созылмалы гломерулонефрит
Бүйректің патофизиологиясы
Созылмалы бүйрек қабынуы
Цистит,пиелонефрит,гломерулонефрит,бүйрек ауруларындағы мамандандырылған мейірбикелік көмек
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Дәрігерге қаралу уақыты
Вегенер гранулематозы
Бүйрек құрылысы
Пәндер