Биік таулы
Презентация қосу
Марқакөл қорығы
Орындаған : Мақұлбекова Г
Курс: I
Топ: Аг-101
Қабылдаған:Сұлтанғазиева Г
- Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы.
- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367
га, оның 26917 га-сын
құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық
үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды
алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу
тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл
жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал
өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың
азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы-
орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі,
Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында
Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа
Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық
усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл
мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км
болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
Әкімшілік орналасуы
- Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы.
- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның
26917 га-сын
құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш
бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га,
ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік
беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен
Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың
азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап-
20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок
өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында
орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы
орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл
мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын
үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
Табиғи жағдайы
Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты,
гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы):
Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай
тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның
шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен
және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі
үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне
тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат
кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи
қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл- Алтайдың ірі су
қоймасы. Көл созылған сопақша формалы, солтүстік шығыстан
оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын бассейнінің
көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы- 106 км, ені- 6-19 км,
ауданы- 455 кв. км, жағалауының ұзындығы- 106 км, көлдің
орташа тереңдігі- 14,3 метр, максималды тереңдігі- 24-27 метр.
Көлдің шарасында 6,5 кубометр су жиналған.
Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері, олар – Солтүстік
Сібір таулары үшін қалыпты болып саналатын биік таулы ауданның балқарағайлы,
самырсынды және шыршалы ландшафтары; Марқакөлге ғана тән майқан, хариус,
талмабалық, теңгебалық түршелерінің жергілікті бірегей балықтар әлемі, құрамына
біздің республикамызда, тіпті дүние жүзінде сирек кездесетін және құрып бара
жатқан түрлердің көптеген қатары кіретін бай және сан алуан құстар мен сүт
қоректілер.
Марқакөл көлінің пайда болуы альпілік тектоникалық циклдің ширек ғасырлық
кезеңіндегі мұз дәуірімен байланыстырылады. Ол дәуірде жоғары көтерілулер мен
жарылулардың нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық ойпаттардың өзіндік
жүйелері пайда болды. Олар кейіннен мұз қатулардың әсеріне ұшырады. Мұның
іздерін Күршім жотасының су айырықтарынан анық байқауға болады. Марқакөл
көлінің қазаншұңқырына орташа таудың бөлшектенген, сүйір шыңды, тік беткейлі
тау бедері тән. Тау беткейлері терең өзен алаптарымен кесіп өтілген. Күршім тау
жоталарына таңқаларлық тау жұрнақтарынан құралған жартасты шыңдар мен тау
айдарлары тән. Көптеген таулардың ұшар бастары ірі сусыма тас сынықтарымен
жабылған, олар тастан құралған «өзендермен»- курумниктермен тау беткейінен
төмен қарай түседі. Жотаның солтүстік- шығыс бөлігі ірі үзік- үзік шатқалдармен,
каньондармен бөлінген. Ал бұлардың ортасында төменде таңғажайып әдемі
көкпеңбек альпі көлі жатыр.
Азу тау мен Сорвенковский белок жоталары үшін су айырықтарының бастары
тегістелген, күмбез тәрізді жоталы тау бедері тән. Су айырықтар кей жерлерде бөлек-
бөлек жартастары бар, кейде маңайы шашылған шойтастар мен плиталарға толы
тегістелген жер не жазық сипатты болып келеді. Мұнда альпі щалғындығы мен тау
тундрасы анағұрлым байсалды көрінеді, ал қалың ергежейлі қайыңдар мен талдардың
орнын аршалар басқан. Тау жоталарының баурайы төменде тау өзендері мен бұлақтары
ағып жатқан терең тайга бөлшектерінен тұрады және анағұрлым тік.
Көлдің жағалауы батыста, солтүстікте және солтүстік- шығыста ені 1-2 км көл айдынын
құраса, ал оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Азу тау жотасы көлге кіріге
жанасатындықтан анағұрлым жіңішке болып келеді.Тау жоталарынан көлге келіп түсетін
салалардан пайда болған мүйіске ұқсас жерлер осы өлкеге тән көрініс.
Азу тау мен Сорвенковский белок жоталары үшін су айырықтарының бастары тегістелген,
күмбез тәрізді жоталы тау бедері тән. Су айырықтар кей жерлерде бөлек- бөлек
жартастары бар, кейде маңайы шашылған шойтастар мен плиталарға толы тегістелген жер
не жазық сипатты болып келеді. Мұнда альпі щалғындығы мен тау тундрасы анағұрлым
байсалды көрінеді, ал қалың ергежейлі қайыңдар мен талдардың орнын аршалар басқан.
Тау жоталарының баурайы төменде тау өзендері мен бұлақтары ағып жатқан терең тайга
бөлшектерінен тұрады және анағұрлым тік.
Көлдің жағалауы батыста, солтүстікте және солтүстік- шығыста ені 1-2 км көл айдынын
құраса, ал оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Азу тау жотасы көлге кіріге
жанасатындықтан анағұрлым жіңішке болып келеді.Тау жоталарынан көлге келіп түсетін
салалардан пайда болған мүйіске ұқсас жерлер осы өлкеге тән көрініс.
Климаты континенталды, қары қалың, қысы қатал, ал жазы қоңыржай жылы
болады. Марқакөл- Қазақстанның ең суық ауданы: ең төменгі температурасы – 55
градусқа дейін төмендейді (Орловка ауылының маңайы). Бұл жерде Оңтүстік
Алтайдағы жылдық ең төменгі орташа температура тіркелген (-4.1 градус), қаңтарда
орташа температура 25.9 градус болғанда, шілде айының ең төменгі орташа
температурасы 14.1 градус. Жазда температура 29 градусқа дейін көтерілсе, қыста
-40-44 градусқа, кейдк – 53 градусқа дейін төмендейді. Күндік орташа температура 0
градустан жоғары деңгейде 162 күн, ал 0 градустан төмен деңгейде 203 күн тұрады.
Аязсыз кезең- 60-70 күн. Урунхай ауа- райын болжау жөніндегі постың деректері
бойынша көпжылдық орташа температура 0 градустан жоғары деңгейге ауысатын
күн- 5 мамыр. Жылдық жауын- шашын мөлшері 321- ден 731- ге дейін ауытқиды.
Айлық абсолютті ең жоғарғы жауын- шашын мөлшері 110-120- ға дейін жетуі мүмкін.
Жылдың суық кезінде (15 қазаннан 5 мамырға дейін) 230-266 мм жауын- шашын
жауады. Алғашқы қар қазан айының бірінші онкүндігінде байқалады. Тұрақты қар
жамылғысы қараша айының бірінші онкүндігінде, ал кей жылдары қазанның
аяғында қалыптасады. Қардың орташа қалыңдығы 40-70 см, ал кей жылдары 150
см- ге жетеді. Қар 160- 170 күн жатады. Өзен жағалауларында қар әдетте мамыр
айының бірінші онкүндігінде, тауда- мамыр айының аяғында- маусым айының
басында кетеді. Қар мамыр айының екінші онкүндігіне дейін жаууы, кейде тіпті
тамыз және қыркүйек айларында басталуы мүмкін.
Жел көбіне оңтүстік шығыстан соғады. Бір жылда соғатын қатты жылдар мен
дауылдардың саны 6- дан 12- ге дейін. Ең қатты жел- жергілікті шүмек желі. Ол кейде көктемде
және жазда Марқакөл көлінің бетінде толқындарының биіктігі 1-2 метр болатын дауыл
тудырады. Келесі бір жел- жергілікті жерде тихушка деп аталады. Ол оңтүстіктен соғады, көл
бетіне қобалжу тудырады, жергілікті ырым бойынша- бұл ауа- райының өзгеретінін білдіреді.
Анда- санда темірбек және маральник атты қатты дауылды желдер соғады. Кешкі және түнгі
солтүстік желі- урынхай желі жыл бойы солтүстікке қарай үнемі соғып тұрады.
Жағалауы аз тілімделген, ирек сызықты, кей жерлерінде аздап шығып тұрған мүйістері мен
кішкентай бұғаздары бар. Жағалауы көбіне лайлы, батбақты, сонымен қатар малта тасты,
қойтас тасты және құмды. Жағасында қалың талдар, шоқ қайыңдар, шыршалар өседі, кей
жерлері батпақ және жанаса жайласқан шалғынды кеңістік болып келеді. Марқакөл көлінің
түсі өзінің әртүрлілігімен және әдемілігімен таң қалдырады: ашық күндері көл көк немесе
көгілдір, ауа- райының өзгеруіне байланысты қара сұр немесе күміс реңдес түске енеді. Көл
шарайнасы күні бойы әлденеше рет өзгереді. Көлдің суы ультратұщы, өте жұмсақ, аздаған
қышқыл, кальций тобының гидрокарбонат класына жатады. Қыста көл қатады. Мұз құрсауы
қазан айының екінші онкүндігінде пайда болады, мұз қататын орташа уақыт- 20 қараша.
Қалжыр өзенінің бастауы қыста қатпайды, ал қыс жылы болғанда Марқакөл көліне құятын
кейбір тау өзендерінің арнасы қатпай қалады. Мұздың қалыңдығы 60-120 см-ге жетеді. Көл
мұздан мамыр айының бірінші онкүндігінде ашыла бастайды, ал толығымен мамыр айының
аяғында ашылады. Көлге 95 ағын сулар келіп құяды, ал Қара Ертістің негізгі саласы болып
саналатын жалғыз Қалжыр өзені (ұзындығы 128 км) ағып шығады. Көлге құятын өзендердің
ішіндегі ірілері- Тополевка- 23 км, Төменгі Еловка- 9,5 км, Матабай- 7,5 км, Жирен- Байтал- 7,5
км және басқа да анағұрлым жіңішке арналы (2-3 метр) және онша терең емес (1-3 метр) және
қарқынды жылдам ағысы бар кішкентай өзендер құяды. Әдетте бұл тау өзендерінің жоғарғы
ағысында сарқырамалар болады.
Марқакөл ойпатының топырақ қабаты тік белдеулікпен сипатталады. Шалғынды-
далалы белдемде шалғынды- шымтопырақты сілтісіздендірілген және орманды- шалғынды
топырақ (шығыс жағалау), сондай- ақ қаныққан қара топырақ тәріздес шалғынды орман
топырағы көп. Жағалауда шалғынды- батпақты және жайылма сулы- шалғынды топырақ
араласқан әртүрлі батпақты топырақтар көп кездеседі.Жер бетіне жақын жатқан жер асты
сулары учаскелерінде батпақты шымтезекті- қопалы топырақ қалыптасады. Таулы- орманды
белдемде таулы- орманды, әлсіз және жабық күлгінденген таулы-шымтопырақты, шалғынды
оңтүстік және қара топырақ тәріздес таулы- орманды топырақ қалыптасады. Таулы- шалғынды
белдемде альпілік шымтезекті, күлгінденген, толық қанықпаған (оңтүстік беткей бойынша)
таулы- шалғынды субальпілік топырақ жақсы қалыптасқан. Таулы- тундралы белдемде таулы-
тундралы күлгінденген және әлсіз және ірі қарашірік топырақ басым болып келеді.
Қорықта жота баурайларын алып жатқан, кейде көл жағалауына дейін түсетін балқарағайлы
және самырсынды ормандар қалыпты жағдай. Ормандар үшін аңық байқалатын экспозиялық
орайластық тән. Тайга ормандары тәрізді анағұрлым қалың ормандар солтүстік және батыс
беткейлерде, сиректеулері- шығыс, аздары- оңтүстік беткейлерде орналасқан. Ормандар жеміс
бұталарының көптігімен, қалың биік шөптерімен және бұзылмаған табиғи қалпымен таң
қалдырады. Жота беткейлерінің су айырықтарында шөптерге бай субальпілік шалғын жақсы
дамыған. Шөптердің ішінде көптеген марал тамырлары- сафлор тәрізді левзей, сондай- ақ
Алтай тұрғындары арасында аса жоғары бағаланатын халықта қызыл тамыр аталатын тиынтақ
көп кездеседі. Өзендер мен бұлақтардың тасты арналарында өзінің қасиеті жағынан
қиыршығыстық женьшеньге (тамырдәрі) ұқсас атақты алтын тамыр- қызғылт семізот кездеседі.
Таулы тундрада тал мен қайыңнан өсіп шыққан таңқаларлық «ергежейлі ормандар» кең
таралған.
Қарлы шыңдарда жаз уақытында да қыс тынысын сезуге болады, ал тау
етегінде көктем патшалығында болып, алғашқы тау жауқазының гүл ашуына куә
болуға болады. Осы жерден көз тартарлық Алтай тауларынын панорамасын және
Алтай тауларының тәңірі- Мұзтау тауын көруге болады.
- өсімдіктер әлемі, сирек және аса бағалы түрлер:
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы
және орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және
биік таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік
далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга
ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар
қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді.
Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22
түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып
келеді.
Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады. Мезофит тобы
көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі психрофиттердің санының көп
болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде гидрофиттер мен гигрофиттердің
болуы ірі су қоймасының ашылуымен байланысты. Петрофиттер жартастың
жалаңаштануымен, а ксерофиты және мезофиты- оңтүстік далалы беткейлермен
ұштастырылады.
Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің жергілікті түрі
жоқ. Бірақ мұнда алтай рауғашы, алтай уқорғасыны, қызғылт семізот- алтынтамыр,
қазоты сияқты алтайлық жергілікті түрлер өседі.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі
байқалады:
1. Шалғынды дала
2. Таулы- тайгалы
3. Субальпілік
4. Биік таулы
5. Егіндік
Шалғынды дала белдемі- теңіз деңгейінен 1450-1600 метр биіктікте, жиматарғақ,
түлкіқұйрық, шалғындық атқонақ, құрғақ айрауық және басқа астық тұқымдас әртүрлі
шөптері бар көлдің жағалау жолағымен ұштасады. Шөп жамылғыларында жіңішке
жапырақты күреңот, Лобель тамырдәрісі, көкшіл сұр қоянбұршақ, тілік балдырған,
кәдімгі маралоты және басқа өсімдіктер кездеседі. Шөптің биіктігі 0,5- 1 метр. Қалың
бұталарды татар үшқаты, орташа тобылғы, тікенекті итмұрын құрайды. Оңтүстік
беткейлерде кәдімгі бетеге, шалғындық атқонақ, дала қоңырбасы, будан бөзкілем,
коптамырлы сарғалдақ және басқа өсімдіктердің бетегелі- шалғынды топтары
таралған. Таулы беткейлерде тошала, сібір бөріқарақаты, жуалар- қыржуа, желілік
және қызғалдақ тәрізді, алтай рауғашы өседі. Көктемде оңтүстік беткейлерде дала
шұғылығы, алтай шырышы, ашық құндызшөп және ала күлтелі қызғалдақ гүлдейді.
Қорық аумағында көптеген бағалы түрлер: марал тамыры, алтынтамыр,
тиынтақ, дала шұғылығы, кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық, жұқа
жапырақты бадан, алтын шоқсары, кәдімгі киікоты, шілтер жапырақты
шайқурай, қара жидек, итбүлдірген (қызылжидек), итмұрын және басқа да
өсімдік түрлері өседі. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар
дүниесі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе қазіргі кезде де аз
зерттелігендердің қатарында қалып отырған омыртқасыздар әлемі сан алуан.
Қорықта сирек кездесетін әдемі көбелектер- аполондар және махаондар, сондай- ақ
алқызыл көбелек, ақкөбелек, ошаған көбелегі, қалақай көбелегі, қарала көбелек,
көккөбелек, перламутрлы көбелектер және басқалары кездеседі.
Омыртқасыздардың су фаунасы әжептәуір зерттелген: қалқыма су организмдерінің
60 түрі, су түбі организмдерінің- 136 түрі, тұщы су малюскаларының- 11түрі
ұсынылады. Қос мекенділердің ішінен сүйіртұмсық бақа, анда- санда кәдімгі
құрбақа кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі сұржылан көп. Дымқыл
шоқ қайыңды, шыршалы ормандарда және мүкті майқарағайлы ормандарда тірі
туатын кесіртке, далалы тау беткейлерінде сұр кесіртке кездеседі.
Қорықтың құрылымы мен штаты,
бағыныштылығы:
- Әкімшілік,
ғылым және қорғау бөлімі. Қорық
қызметкерлерінің саны соңғы уақытта үнемі өзгеруде.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетіне бағынады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz