Ауыру сезімінің патофизиологиясы
Презентация қосу
С.Ж Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Ауыру сезімінің патофизиологиясы
Ауру сезімінің
патофизиологиясы
Ауыру деп мидың жоғарғы бөліктері
мен ауыру сезімінің арнайы жүйесінің
қатысуымен дамитын жанға жайсыз
ауру сезімді айтады.Ол ағзалар мен
тіндерді бүліндіретін әсерлер тудырады
немесе сыртқы орта ықпалдарынан
дамыған бүліністер мен дерттер туралы
организмге дабыл береді.
Ауыруды сезіну жүйесін
ноцицепциялық жүйе деп
атайды.Ауыру физиологиялық және
патологиялық болып ажыратылады.
Әдетте ауыру сезімінің
физиологиялық қорғаныстық маңызы
бар. Ауыру туындататын
тітіркендіргіштерден (ыстық
температура,жарақат т.б) адам немесе
жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады.
Патологиялық ауыру ноцицепциялық
және антиноцицепциялық жүйелердің
өзара қатынасы өзгеруден дамиды.Ол
жүрек –қантамырлары жүйесінде, ішкі
ағзаларда, жүйкелік, эндокриндік және
иммундық жүйелерде
микроциркуляцияның бұзылыстарына,
дистрофия дамуына, жанның
күйзелуіне т.б құбылыстар әкеледі.
Шеткері тіндердің бүліністерінен
дамитын ауыру сезімі және оның даму
жолдары.
Ноцицепциялық жүйенің қабылдағыш,
өткізгіш және орталық бөліктерін
ажыратады.
Қабылдағыш бөлігі. Ауру туындататын
тітіркендіргіштерді теріде, шырышты
қабықтарда, бұлшықеттерде, буындарда,
сүйектердің сыртқы қабықтарында,
саусақтардың ұштарында, ішкі ағзаларда
орналасқан арнайы қабылдағыштар
қабылдайды.Бұларды ноцицепторлар деп
атайды.
Олар механоноцицепторлар,
термононоцицепторлар және
хемоноцицепторлар бөлінеді.Бұл
қабылдағыштар ағзада неғұрлым көп
болса, соғұрлым онда ауыру сезімі
қатты болады.
Механоноцицепторлар механикалық
әсерлерден қоздырылады және жүйке
аяқшалары мембраналарының натрий
иондарына өткізгіштігін
жоғарлатып,деполяризация
туындатады.Осыдан сезімтал жүйке
талшықтарында әрекет ету потенциялы
пайда болады.
Хемононоцицепторлар химиялық заттардың
әсерлерінен қозады.Бұл химиялық заттарға Н֗,К
иондары, ацетилхолин, брадикинин, гистамин,
серотанин, сомостатин,АТФ, аденозин, т.б. жатады.
Оларды аурудың медиаторлары деп атайды. Бұл
заттардың көпшілігі тіндердің бүліністерінен
дамыған қабынудың нәтижесінде пайда болады.
Оларға хемоноцицепторлардың сезімталдығы
ПГЕ¹,ПГЕ²,ПГF² түрлес простагландиндердің
әсерлерінен қатты көтеріледі.Сондықттан
простагландиндердің түзілуін шектейтін дәрі-
дәрмектер (аспирин,амидопирин, анальгин
т.с,с)ауыру сезімін азайтады.
:
Өткізгіш бөлігі.Ауру сезімін қабылдағыштардан
серпінді өткізетін арнайы жүйке талшықтары болады.
Бұл талшықтар екі түрлі болады:
-біріншісі, миелин қабағы бар бар жуан (1-4мкм)-А
талшықтары, серпіндерді секундына 5-30 метр
жылдамдықпен өткізеді; бұл талшықтардың
аяқшалары ауыр механикалық, температуралық
ықпалдардан қозады және орныққан қатты ауыру
сезімін туындатады;
-екіншісі, миелин қабығы жоқ, жіңішке (жуандығы 1мкм-
ден аз)
-С талшықтары, серпіндерді секундына 0,4-2 метр
жылдамдықпен жеткізеді. Бұл талшықтардың
аяқшалары бүлінген тіндерде пайда болған химиялық
заттармен және күшті механикалық, температуралық
ықпалдармен қоздырылады.Бұл кезде жақсы
орнықпаған, біртіндеп күшейген, күйдіріп ауыратын
сезім байқалады.
Орталық бөлігі.Адамда ауру сезімі мида
қалыптасады.Ноцицепторлардың ауру
туындататын серпіндер жұлынға түсіп,одан
жұлын таламус жолымен сопақша және ортанғы
ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл
ядролардан серпіндер мидың қыртысына
тарайды,онда серпіндердің
талдануы,ажыратылуы болып,ауыру сезіледі.
Сонымен бірге, ноцицепторлардан сопақша ми
мен ортанғы ми деңгейлерінде торлы
құрылымға, таламустың ядроларына, мидың
сыртқы қыртысына ,көмкере(лимбикалық)
жүйенің нейрондарына тарайды.Осыдан ауыру
туындататын серпіндердің әсерлерінен ауыру
сезімімен қатар, қорқыныш,үрей т.б. Эмоциялық
сезімдер пайда болады.
Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде
ноцицепторлардан шыққан серпіндердің
біразы олардың қимылдық нейрондарына
ауысып, аяқ- қолды бүгетін бұлшыұеттердің
жиырылуына әкеледі.Сонымен ауыру
туындататын тітіркендіргіштенге жауап
ретінде адам мен жануарлар олардан тез аяқ-
қолын тартып алады.
Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің
біршамасы жұлын мен сопақша ми
деңгейлерінде дербес жүйкелік жүйелердің
туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде
дербес жүйкелік рефлестер(мәселен, қан
тамырларының жиырылуы, беттің бозаруы,
көз қарашығының кеңеуі т.б.) дамиды.
Антиноцицепциялық жүйе.
Ауру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық
жүйе бар. Ол жұлында және мидың барлық
бөліктерінде орналасқан және патологиялық ауыру
сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға
бағытталған.Оның әсері әлсірегенде тіпті болар
болмас ауыру туындататын ықпал қатты ауыру
сезімін туындатады.көптеген ауыру сезімін азайтатын
дәрі- дәрмектер(анальгетиктер), ноцицепциялық
нейрондардың түйіспелері арқылы қозу үрдісінің
өтуімен бөгеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің
белсенділігін көтереді.
Антиноцицепциялық жүйенің әсері эндогендік
жүйкелік пептидтер мен медиаторлардың қатысуымен
дамиды.Олардың ішінде апиындық жүйкелік
пептидтердің маңызы өте зор.
Ауру сезімінің түрлері
- Эпикритикалық (ауыру сезімі белгілі жероге
орныққан),
- протопатиялық (жайылған)
- ағзалық (вицеральдық).
Құбыжық ауыру – аяқ немесе қолы кесіліп
тасталған адамдарда байқалады. Бұл кезде
организмде жоқ дене мүшелері бар сияқты
сезіліп, олардың орнында қатты ауыру сезімі
пайда болады.
Каузалгия-дененің ірі жүйке тамырлары
бүлінуден, жанға қатты бататын, қақсап
ауыратын сезім.Каузалгия жиі жүйкенің толық
кесілмеуінен, бірақ бұл кезде жуан миелендік
талшықтардың көпшілігі бүлінуінен дамиды.
Апиндық рецепторлардың болуы организмнің өзінде
морфинге сәйкес эндогендік заттардың өндірілетінін
көрсетеді.1975 жылы осындай заттардың мида
(гипоталамус пен гипофизде) өндірілетіні
анықталды.Бұл заттар эндорфиндер (эндогендік
морфин) деп аталады.Олар олигопептидтер.
Бүгінгі күні эндогендік апиындық жүйенің
әсерленуі,ОЖЖ-де ғана болып қоймай, миелені бар
және миелені жоқ жүйке талшықтарының шеткері
рецепторларының мембраналарында да болатыны
анықталды.Осыдан бұл рецепторлар эндорфиндер
мен энкефалиндермен әрекеттесуінен ауыру сезімі
азаяды.
Егер адамда апиындық
рецепторлар,олигопептидтермен
байланыстырылмай, басқа заттармен (налоксон)
алдын ала бөгеліп қалса, онда ауыру сезімталдығы
ұатты күшейеді.
Ауру сезімінің бұзылыстарының түрлері.
Ауру сезімталдығының бірнеше түрлерін
ажыратады:
-гипералгезия (лат. Гипер- көтерінкі,жоғары, algon-
ауыру) ауыру сезімталдығының артуы.Бұл кезде,
бүліндіргіш ықпалдардың болмауына қарамай, өз
бетінше өатты ауыру сезімі пайда болады;
-гипалгия немесе гипалгезия- ауыру сезімінің мүлде
болмауы. Мұндай жағдайдың негізінде ауыру
сезімталдығының өткізгіштері мен орталықтарының
толық дамымауы жатады.Кейде ауыру туындататын
рецепторлардың,жұлынның артқы мүйізі
жасушаларының немесе гипоталамустың толық
дамымауы ауыру сезімінің болмауына әкеледі.Ауру
сезімінің болмауы бала тісі шыға бастағанда
байқалады. Аналгезия балалар 5-12 жасқа келгенде
азаяды, кейде 20 жасқа келгенде жоғалады.
Патологиялық ауыру сезімін емдеу.
Ауыру сезімін емдеу үшін ең алдымен оны туындатқан
себепкер ықпалға қарсы әсер ету қажет.Оны патогенездік
емдеудің негізінде ауыру туындататын, ноцицепциялық,
жүйенің белсенділігін арттыру жатады.
Қатты әсерленген ноцицепциялық нейрондардың
белсенділігін төмендету үшін және күшейген дерттік қозу
ошағын болдырмау үшін қояншық ауруына қарсы
қолданылатын дәрі-дәрмектер пайдаланады. Осы
мақсатта қолданылатын карбамазипин қатарындағы
дәрі- дәрмектер (тегретол,финлепсин) үштармақ
жүйкелердің невралгиясында т.с.с. Жедел дамитын
ұстамалы ауыру сезімдерінде өтн нәтижелі әсер етеді.
Сонымен бірге антиноцицепциялық жүйенің
белсенділігін арттыру қажет. Ол үшін наркоз
туындататын анальгетиктер
қолданылады;моноаминергиялықантиноцепциялық
жүйені күшейту үшін антидепрессанттар мен
транквилизаторлар пайдаланылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz