Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру




Презентация қосу
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы хирургия кафедрасы

Тексерген: Бекішев Б.М
доцент м.ғ.к
Орындаған: Егизекова Ж.С
Факультет: Жалпы медицина
3-курс 07-055 топ
Алматы-2009
Ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері:
Ұйымдастырудың мақсаты халыққа медициналық
көмек көрсетудің тиімді, басқарылатын, қол жетерлік
жүйесін құру арқылы халық денсаулығын жақсарту
болып табылады.
Ұйымдастыру мақсатқа сәйкес халыққа медициналық
қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, ресурстық
қамтамасыз етуді көбейтуге және облыстың денсаулық
сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін жақсартуға
бағытталған.
Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру
Медициналық ұйымдар жүйесін кезең-кезеңмен
медициналық ұйымдар жүйесінің мемлекеттік
нормативтеріне сәйкес келтіру 2 кезеңмен жүргізіледі.
Бірінші кезеңде облыстың қалалары мен
аудандарының медициналық карталары әзірленді,
олар келесі индикаторларды қамтиды:
аудан және қала тұрғындарының табиғи қозғалысын,
сондай-ақ оларды елді мекендер бойынша орналасу
тығыздығын анықтауға арналған медициналық-
демографиялық көрсеткіштер;
медициналық ұйымдар жүйесінің орналасу және
қолжетімділік көрсеткіштері (емдеу-алдын алу
ұйымдарының саны, олардың ауыл округтерінде
орналасуы, сондай-ақ аудан және қала халқына
стационарлық және амбулаториялық көмектің қол
жетімділігі);
стационарлық көмек көрсетудің сапалық көрсеткіштері-
халықтың ауруханаларға жатқызылу дәрежесі,
стационарлық көмектің деңгейі, төсек-орын қоры және
онымен қамтамасыз етілу;
амбулаториялық көмектің сапалық көрсеткіштері-
медициналық көмек көрсетудің жалпы құрылымындағы
амбулаториялық көмектің үлесін көрсетеді;
халықтың алғашқы науқастанушылығы және өлімі
жағдайының көрсеткіштері (облыстың нақты аудандары
мен қалаларына тән ауру түрлері және олардың
анықталу дәрежесі, өлім көрсеткіші);
халықтың дәрігерлер мен орта медицина
қызметкерлерімен қамтамасыз етілу индикаторлары .
Медициналық картаны дайындау кезінде облыстың
медициналық мекемелерін толық түгендеу жүргізілді
және оларға тұрғындардың қолжетімділігі анықталды.
Жұмыс істеп тұрған емдеу ұйымдары жүйесінің
жағдайына сүйене, медициналық ұйымдары жоқ және
халқы сирек орналасқан елді мекендерді есепке ала
отырып, емдеу мекемелері жүйесін мемлекеттік
нормативтерге кезең-кезеңмен сәйкес келтіру кестесі
дайындалып, Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігіне ұсынылды.
Екінші кезеңде мамандандырылған көмек көрсететін
емдеу мекемелерінің, көп бейінді медициналық
ұйымдардың, балалар және босанатын әйелдерге көмек
көрсету қызметтеріне жататын ұйымдардың қазіргі бар
жүйесін талдау жөнінде жұмыс жалғастырылады және
денсаулық сақтаудың қосымша нысандарына деген
қажеттіхлік анықталатын болады.
Халыққа медициналық көмекті әртүрлі амбулаториялық
емханалар, ауруханалар, санаторлы-курорттық
мекемелер, жедел жәрдем мекемелері, аналарды және
балаларды қорғау ұйымдары және т.б. Орындары
береді. Медициналық көмекті науқас өзінің жергілікті
тұратын жерінде немесе жұмыс орнында алады, ол
аймақтық принцип бойынша салынады.
Амбулаторлық,яғни ауруханалардан тыс көмекті қала
емханаларында, диспансердің емхана бөлімдерінде
береді. Ауылдық жерлерде көмекті фельдшер-
акушерлік бөлімдер, аудан, облыс және республика
ауруханаларының амбулаториялық және емхана
бөлімдері жүргізеді, ал өндірісте медицико-санитарлы
бөлімдер және денсаулық пункттерінде жүзеге
асырады.
Амбулаторлық-емханалық емдеу мекемелері
науқастарға жоспарлы немесе жедел түрде ауруханаға
жатуды қажет етпейтін медициналық көмекті
мамандандырылған хирургиядан, неврологиядан
көрсетеді. Науқасты тексеру және емдеу емханада
жүргізіледі.Қажет болған жағдайда науқасқа үй
жағдайында да аймақтық дәрігер жәрдем көрсетеді.
Амбулаторлық-емхана мекемелері, сонымен қатар,
диспансеризация жүргізеді,яғни белгілі контигенттегі
тұрғындарды белсенді түрде бақылайды. Соңғы кезде
медицина ғылыми зерттеу және дәрігерлердің білімін
жетілдіру институттардың қарамағында науқастарды
зерттейтін және емдейтін жоғары дәрежелі
амбулаторияларда көп салалы ірі ауруханалар негізінде
клиникалар құрған кеңестік-диагностика орталықтары
кеңінен дамып жатыр.
Стационарлық дәрігерлік көмекті жүйелі түрде
бақылауды, өзінің жалпы жағдайына байланысты,
күрделі диагностикалық және емдік шараларды қажет
ететін науқастарға көмек көрсетеді. Аймақтық,
аудандық, қалалық, облыстық және республикалық
ауруханаларда, медико-санитарлық бөлімдерде,
диспансердің стационар бөлімдерінде, әскери
ауруханаларда, медицина институтының оқу және
ғылыми-зерттеу клиникаларында стационарлы емдеу
жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызуды
амбулаториялы-емханалық дәрігер шешеді, ал төтенше
жағдайларда жедел көмек көрсететін дәрігер немесе
аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері шешеді.
Емдеу-сауықтыру мекемелерінің жеке тобын жедел
және шұғыл көмек көрсететін мекемелер, акушерлік-
гинекологиялық көмек көрсететін мекемелер, педиатрия
көмегін көрсететін мекемелер, санаториялар және
санаторлы-сауықтыру мекемелері құрайды. Әртүрлі
емдеу-сауықтыру мекемелерінің құрылысы мен жұмыс
істеу туралы арнайы курстарда оқытылады.
Аурухананың жұмысын ұйымдастыру: бұл науқасты
ауруханаға жатқызу кезінде, олар бірінші стационардың
қабылдау бөліміне түседі.Ол жерде науқас
қабылданады және тіркеуден өтеді.Сонымен қатар,
арнайы медицина құжаттары толтырылады, аурудың
сипатын және ауыртпалығын анықтайтын дәрігерлік
бақылау жүргізіледі. Науқасты қандай бөлімге жіберуді
де осында анықтайды және қажет болған жағдайда
жедел жәрдем көрсетеді, санитарлық тазарту
жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер:

1.“Жалпы хирургия” Дұрманов.Қ.Д.
2.Google.kz.

Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласында жүйелі тәсіл
Медициналық қызметтің кұрылымы
Денсаулық сақтау экономикасы. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын экономикалық талдау. Денсаулық сақтауды жоспарлау. Денсаулық сақтауды қаржыландыру
Медициналық қызмет көрсету нарығы
Орта және кіші медицина қызметкерлердің қызметіне әкімшілік бақылауды ұйымдастыру
Әлеуметтік бағыттағы шығындардың қалыптасу. Жалпыэкономикалық бағыттағы шығындардың қалыптасуы
Мейірбикелік көмек сапасын басқару. Мейірбикелік көмектің сапасын басқару жүйесі. Мейірбике жұмысы сапасының критерилері. Медициналық көмек стандарттары
Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық жағдайы
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
Пәндер