Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы




Презентация қосу
Курстық жұмыс
Орындаған Сегізова Салтанат
Ергенқызы
ЗаКШО-11 топ студенті
Кіріспе
Елбасының Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған
орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс
жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру
керек. деп айтылған.
Біздің қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі –оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттыру болып есептеледі және оларда білімді өз
бетінше алып және оны қолдану. Бұл мәселелерді шешу үшін математикалық және
саналы еңбекке бейімдеу, мемлекеттік және қоғамның түрлі салаларында ғылым
және мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен
өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген
қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстардығ тиімділігі, оқушылардығ логикалық ойын дамыту
қарастырылған.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру технологиясы
Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі
міндеттері, оқушылардың практикалық дағдылары мен
білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық
ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты
дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды
көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына
көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке
күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген
сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдыққа
тәрбиелеу.
Математиканың мазмұндық-әдістемелік
желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері.

Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет
тәсілдері бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік
желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын
процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің
ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын
игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана
алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік
туғызады.Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен
бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге
асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекара
жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатыны туралы
түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат
құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк
туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы,
басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi,
яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын
әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын,
оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және
оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-
шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған
мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары
бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы,
сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты
шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан
тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты
ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар
басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау
қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада –
«оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады.
Сабақтан тыс жұмыс –
мақсаты, мазмұны және
әдістері бойынша оқу
үрдісімен шектеседі, оның
сабақтан тыс кезіндегі
жалғасы болып табылады
және үнемі ерікті түрде
бола бермейді. Оның
жоспарлануында және
ұйымдастырылуында
анықтаушы рөлді ұстаз
атқарады. Бұған мысал:
пәндік оқытушының
қабілетті оқушылармен
бағдарламалық
материалдан алған
білімдерін кеңейту және
тереңдету және нашар
оқитындардың білімін
түзету бойынша өткізетін
жұмыстар Оқудан тыс
жұмыс – мұғалімдердің,
сынып жетекшілерінің
бағыттаушы рөлінің
арқасында, көбінесе
оқушылар ұжымында
белсенді және өздерін-өзі
басқару негізінде,
сыныптан тыс жүргізілетін
сабақтар. Сыныптан тыс
жұмыс – оқушыларға
кеңінен позитивті әсер ету
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты қандай да бір жеке мәселені талқылау
емес, оқушыларды пәнге қызықтыру, оларды өз бетімен жасайтын күрделі
жұмысқа тарту болып табылады. Математикаға қызығушылықты арттыру
проблемасы, оқушылармен мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру,
дарынды балаларды іздестіру, осы дарындарға қолдау көрсету және дамыту
мені көпжылдық педагогикалық қызметімде үнемі толғандырып келе жатқан
мәселе. Балада таңырқау, ізденгіштік, қуаныш отын жағу, математикалық
есептердің әдемілігін сезіну, жасалған жұмысына ризашылық сезімін ояту
өте маңызды. Одан да маңыздысы – бойындағы үлкен қабілет те, таланты да
емес, тек еңбексүйгіштігі, жүйелі азапты еңбегі, жеңіске деген жігері,
жаңаны білуге деген құштарлығы, бұрын белгісіз болып келгенді іздеп
тауып, игеруге деген ұмтылысы ғана табысқа жеткізетінін түсінуі. Мұны
педагогтің өзі де есінде сақтап, алдына мақсат етіп қоюы өте маңызды. Тек
қана жүйелі, мақсатты жұмыс қана нәтиже бермек. Бұған математика
үйрмелері, факультативтер, әртүрлі конкурстар, іштей, сырттай және
қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар, жарыстар мен фестивальдар кіреді.
Біздің мүмкіндіктеріміз шексіз, әртүрлі, қызықты әдебиеттер де мол.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан –жақты
дамыған,педагогикалық шеберлігі болуы-басты мәселе. Мұғалім оқушының жұмыс
жүргізуі кезінде талап-тілегін,қызығатын мәселелерін қамтуға мүмкіндік
табады.Оқушылар сабақ үстінде ойлау, өлшеу, есептеу,табу, зерттеу сияқты
процестермен кездесіп отырады.Оларды ұштау ,жетілдіру ,дамыту мұғалім міндеттерінің
бірі.Осы мағынада математикалық түрлі жаттығулардың, қызықты логикалық есептердің
,ребустар мен ойындардың ролі зор. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру және оны жүргізудің методикалық негізі мынада:
1.Сыныптан тыс жұмыстар баланың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде
ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта өтілуі
тиіс.
3. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттыруды көздейді.
4.Ол үшін мұғалім жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізеді.
5 Сыныптан тыс жұмыс түрлері өз мақсатына қарай : сергіту минутындағы қызықты
математикалық элементтерін,математикалық жарыс,математикалық кеш,
математикалық ойындар және т.б. болып бөлінеді.
Ауызша есептеу
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл
балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты
талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға
біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде
орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты,
олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге
болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-
бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.Ауызша есептеуге үйрету Бастауыш сыныптан
басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін
бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны,
ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса
қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды
үйретуге де мүмкіндік мол.Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру
жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.Бастауыш сыныпта
математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың
логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын,
тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру
керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде
арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін
тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге
асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын
арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше
назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз
байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да
белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан
олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп,
математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың
маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс
істете білу.Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы
жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді
түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп
алуы тиіс.
Қорытынды
Қорыта келгенде, бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу
елінің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , білім беру саласын
реформалауды қола алу қажеттігін президентіміз атап көрсеткен болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын
алдына шешілуге тиісті біраз міңдеттер қойылды. Онда білім беру мазмұны
фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмір
құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып да,
даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді
жоюдың жолы - оқыту үрдісінде оқушы тұлғасын дамытуда танымдық
белсенділікті орны ерекше болып табылады Бүгінгі нарықтық қатынасқа
көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының
мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды
құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік
мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді.

Ұқсас жұмыстар
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС
Математикадан факультативтік курстар
Бастауыш мектеп
Дамыта оқыту технологиялары
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАНТЫС ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдасту және өткізу әдістемесі слайд арқылы түсіндіру 
Хордағы ән айту
Сыныпта тыс жұмыстар
Пәндер