Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары



Мазмұны:
Кіріспе
І - бөлім. Теориялық бөлім.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
1. 1 Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері
1. 2. Қазақ тілі сабағында интерактивті оқыту әдісі арқылы көрнекілік түрлерін
пайдалану бағдарламалары
ІІ - бөлім. «Практикалық бөлім»
2. 1. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр.
Осы күні мектепте әлеуметтік жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда.
Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының бастауыш сыныптан бастап қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында « Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» -деп көрсетілген.
Оқу сапасын жақсарту, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту үшін сабақта көрнекі құралдарды пайдаланып, үнемі жаңартып отыруға баса назар аудартылады.

Зерттеу базасы. Орал қаласы, № 1 жалпы орта білім беретін мектебі және №19 жалпы орта білім беретін мектебі
Зерттеу пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын ұсыну.
Зерттеу міндеттері.
Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісіндегі көрнекіліктің маңызын анықтау.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағындағы қолданылатын көрнекілік әдісіне сипаттама беру.
Қазақ тілі сабағындағы көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдарын дамыту.

Зерттеу болжамы. Егерде сабақта көрнекі құралдарды жүйелі түрде пайдалана алса, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және материал мазмұнына сәйкес іріктеліп алынса, онда оқушылардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы артады түседі. Уақыт талабына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электронды оқу құралдары т. б) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеу әдістер:
Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой -пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі;
Әлеуметтік педагогикалық әдіс ( озат мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу)
Эксперимент әдісі( оқыту, бақылау)
Оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу)
Зерттеудің практикаға пайдасы. Зерттеу нәтижесінде көрнекілік әдісін болашақ мамандар қазақ тілінде сабағында қолдануға үйренеді. Көрнекілік әдісі шығармашылық ізденісті талап етіледі. Сондықтан білім алушылар үнемі шығармашылық ізденісте болуды үйренеді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 36 бет

1. 1 Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік(кесте) түрлері
Лексика
Синоним
Антоним
Омоним
Эвемизм
Табу сөздер
Дисфемизм
Сөз бен мағына
Мақал - мәтелдер
Ұяң дыбыстар
Ұяңмен келген сөздер
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
б
байлық
Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.
в
вагон
Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
д
дала
Дала гүлге бөленді.
з
зейін
Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
ж
Жаппар
Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
г
Гүлсім
Гүлсім оқуға жүріп кетті.
ғ
Ғұмар
Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
һ
Аһ, уһ
Аһ, - деп демімді алдым.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте.
Қосымша көптік
сөз тудырушы тәуелділік
Жұрнақ Жалғау
септік
сөз түрлендіруші жіктік
Жұрнақ
Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші
ім ар
біл гіш айт қан
гір қыз
тық тау
бас қызықтау
шы ырақ

Интерактивті оқыту әдісі арқылы оқушының танымдық-шығармашылық ізденістері дамиды. Мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ- ұстаздың нышансыз еңбегінің айғағы. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар - интерактивті тақта, слайдтар, видеоролик, тестер, электронды оқулық мұғалім мен оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Сабақ барысында көрнекілік әдісін пайдаланған жағдайда интерактивті тақта қолданамын. Себебі балалар қызығып, әрі тапсырманы орындауға деген құлшынысы арта түседі. Көп жағдайда ActivStudio бағдарламасы арқылы дайындаймын. Өйткені бұл құрал өте тиімді, әрі пайдалы. Бұл бағдарламада әр түрлі функциялар бар.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz