Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру



Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев а/о “Нұршуақ” бөбекжай-бақшасы МКҚК
«Лимон және оның таңғажайып қасиеттері»
Тәрбиеші: Азаматова Г. М.

Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
- Лимонның шығу тегін анықтау;
- Лимонның ботаникалық сипаты мен химиялық құрамы зерттеп білу;
- Лимонның емдік қасиеттері айқындау;
- Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш т. б. өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау

Лимонның шығу тегі
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр.
Цитрологтардың (цитрус дақылдардың мамандары) арасында лимонның шығу тегі туралы біртұтас пікір жоқ. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдар кездеседі. Қалай болса да, табиғатта лимон жабайы түрде кездеспейді.
Лимон жемісі туралы алғашқы мәлімет Қытайдағы VIII ғасырға жатады. Ал XI ғасырда арабтар оны Испанияға әкелген. Тап сонда осы өсімдік қазіргі түрінде қалыптасқан деп саналады.
Александр Македонскийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін алып келді. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга ауруынан қорғау үшін лимон жегізген, XVII ғасырдың британдық теңізшілерін «лаймиз» (лимондықтар) деп атап кеткен.
Осыдан жүз жылдан аса Нижний Новгородтың маңайындағы Павлово селосындағы орыс шаруалар лимонды өз үйлерінде өсіре бастаған. Осы лимондар павлов бөлме лимондары деп аталды.
Лимон ағашынын мекені - Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі

Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады.
Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда Земляные Николай мен Людмиланың отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысының Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылығы. Онда «Бейбітшілік» деген лимон түрін өсіре бастады. Шаруашылықта 5 жылыжай бар, оларда 1500 лимон көшеті салынған. Қазақстанға лимондарды Испания, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.
Лимонның құрамы
Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді.
Лимон - цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті.
Дұрыс күтіп баптаса, лимон үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек.

Катарактаның қалыптасу қаупін азайтады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын
қатайтады.
Бәріміз білеміз, лимон С дәруменіне бай, ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда, әртүрлі тыныс жолдарының ауруларында көп септігін тигізеді. Біле білсеңіз, 100 г лимонда 150 г С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 г С дәрумені қажет.
Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарылаған науқастарға, жүрек инфарктін, инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті, адамның көңіл-күйі болмаған кезде, тәбеті тартпай тұрса, 1 тілім лимонды шайға салып ішсеңіз болады.
Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі.
Ол әрі тіске пайдалы, әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып, тісіңізді шайсаңыз да болады.

Бірақ, ескерте кету керек, лимон цитрустық жеміс болғандықтан, кейбір аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар адамдарға қолданбағаны абзал, себебі оның құрамында қышқыл бар.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.
Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.
Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады
Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді.

Лимонның иіс кетіргіш, тазартқыш қасиеттері
1. Әртүрлі жағымсыз иісті бірден кетіреді
2. Ас бөлмесіндегі сұр алюминий заттар мен ыдыстарды жылтырлатуға болады
3. Киімдегі дақтарды кетіруге бір стақан лимон шырыны көмектесе алады
4. Бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қойсақ, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды

2. 1- тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру
Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.
Мақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалдырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы йод дағын кетірді.

2. 2 - тәжірибе: Аллюминийден жасалған қасықты тазарту
Қажетті құралдар: Аллюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.
Аллюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалдырып кеттім. Кейін сумен шайып, шүберекпен сүрттім. Лимон ыдысты тазартты.
Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.
Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің орнына лимон шырының қолдануға болады.

2. 3 - тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру
Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, шай шығарылған аққұман, лимон
Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.
Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz