Демократия принциптері
Презентация қосу
Демократия
және оның
түрлері
ЖОСПАР
1 Кіріспе
2 Демократия ұғымы
3 Демократия түрлері
4 Демократия принциптері
5 Жүзеге асыру формалары
6 ҚР Демократиясы
7 Республика қызметінің түбегейлі принциптер
Демократия
Демократия – сөзі demos –халық және kratos –
билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық
билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше
мағынада қолданылады:
Тендік, сайлау,
көпшілік дауыспен
Қоғамдық шешім қабылдау
принциптеріне
құрылымның негізделген
мұраты ұйымның
ұйымдастырылу
түрі.
Мемлекет
түрі
• Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар
мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы.
Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне
дәлел болады. Халық жоғары билікке өз
өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
• Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда
барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с.
теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек.
Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік
болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық,
еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық
билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне
негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократия түрлері
Делегативті демократия
Идентитарлы демократия
Тікелей демократия
Өкілдік демократия
Демократия принциптері
Билік органдарын сайлау
Биліктің бөлінуі
Саяси пікірдің әртектілігі
Бостандық, жауапкершілік бірлігі
Заң
Қоғамдық пікірді ескеру
Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы
Жариялылық
Жүзеге асыру формалары
Сайлау өткізу, есеп беру
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау
Референдум өткізу
Митинг, жиналыс, сессия
Съезд, конференция, пленум
Шеру, бой көрсетулер
Шетелге сапарлар
ҚР Демократия
Қазақстан Республикасының
Конституциясында: “Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы
– адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандығы.
Республика қызметінің түбегейлі
принциптері:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда
немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы
ережелер, 1-бап).
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші
бар Жарлықтармен толықтырылды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа
Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды.
Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады,
Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең
алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын
және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты
құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік,
парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін
анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы
басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне,
оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын
қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу
ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-
ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару
қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің
бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси
тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни
мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді.
Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне
мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді.
Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы,
жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz