КІШІ ЖҮЗДЕГІ ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАҒАН ҚОЗҒАЛЫС




Презентация қосу
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТ-
АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
• Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ
мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын
көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-
азаттық қозғалыстарды тудырды. Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ
жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның
Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы,
Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл
Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі
құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар
туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ
асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды.
• Патша үкіметі 1822 жылы Орта жүзде«Сібір қазақтары туралы» Жарғы енгізу
арқылы хандық билікті жойды.
• Біріншіден, бұл патшалық реформа дәстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып,
қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан әрі тереңдете
түссе, екіншіден, Ресейдің әскери-әкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып
берді.
• Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы),
мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы және т.б. әскери-әкімшілік
шараларға қарсы күресті Абылайұрпақтары бастады.
• Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары ( Саржан,
Есенгелді Қасымұлы, Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық
тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді.
САРЖАН ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС
(1825-1836)
• Абылай ұрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы
наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сұлтаны
Ғұбайдолла Уәлиұлы ұйымдастырды. Алайда патша үкіметі
Ғұбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударып жібереді.
Дегенмен Шыңғыс ұрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар
одан әрі өрби түсті. Осы кезеңде ( Саржан Қасымұлы басқарған
Қарқаралы округінде де 1825 жылдың көктемінен бастап үкіметке
қарсы толқулар басталды. Бұл толқулардың мақсаты — Абылай
ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта
орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді.
• Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге
үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға
Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М.Капцевич жазалау қосынын жасақтады.
Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына
жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер
арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен
Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол
астында сұлтан Абылай Ғаббасұлы, жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз
сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз
тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс-әрекетін бақылай отырып, мүмкін болған
жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп шешті.
• 1827—1830 жылдары көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ
аумағын наразы топтар тастап шықты. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер
ашуды жалғастыра берді. 1826 жылы Баянауыл, 1832 жылы Ақмола, 1831 жылы
Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орталық Азияиеліктеріне
жақындай түсті. Қарқаралы округініңаға сұлтаны Тұрсын ШыңғысұлыСаржанның
әрбір қимылын Омбыәкімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды.
Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл әкімшілікті қолдаған
сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разьезд бен
бекеттерге шабуыл жасады.
• 1836 жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан,
Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді.
• Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі көтерілістерге
қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде
Қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты.
• Саржан Қасымұлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес
бір сәт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті
Саржанның кіші інісі Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан
бастаған Орта жүздегікөтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық
азаттық қозғалыстың от жалынының тек ұшқыны іспеттес еді.
КІШІ ЖҮЗДЕГІ ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ
БАСТАҒАН ҚОЗҒАЛЫС
• XIХ ғасырдың 20—30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы
Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған
жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек
әскери шебінің құрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер
қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің
бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды.
Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп
қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ
қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.
• Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы,
Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті
руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен
белгілі. Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп,
патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында
Орынбор губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып,
әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін
бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес
жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені
бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.
• 1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп,
оны табын, тама, Жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ
рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы
көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды.
Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүзкүштерін біріктірушіге айналды. Ол
қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.
• Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген
кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.
• 1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге
дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай
Торғай мен Ырғызаудандарына көше бастады. Ол өз қол астына
Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра
алды.
• Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш
бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады.
Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына
байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды.
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС (1837— 1847 ЖЫЛДАРЫ)

Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық
әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер
біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Кенесары
көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар «бүлікшіл сұлтанның» император Ы
Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады.
Олар:
— Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін
қалпына келтіру;
— Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты қоршауға
алуды тоқтату, ҚазақстанныңРесейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін
сақтау;
— Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету
міндеті тұрды.
• Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан
Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік
бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны
кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші Орта жүз
қазақтарынан тұрды.
• Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында
белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың
атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Жанайдар, Басығара,
Аңғал, Жәуке, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды.
• Кенесарының інілері Наурызбаймен Әбілғазы, әпкесі Бопай және
жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне
айналды.
• Наурызбай 1847 жылы ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі
қақтығыста мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызында
қисса- дастандар көп.

Ұқсас жұмыстар
XVIII-XIX ғ. ұлт-азаттық көтерілістер
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы ақпарат
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі
Махамбет күйі
Көтерілістің басталу
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Есет Көтібаров бастаған көтеріліс
Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс
Көтерілістің басты Қазақ шаруалары
Пәндер