Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
Презентация қосу
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
СӨЖ №1
Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының
еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
Қожа Ахмет Йассауи
Орындаған: Жерге орналастыру
мамандығының 1 курс студенті
Қасен Ә
Тексерген: Сайлан Б.С.
Жоспары
I. Түрік ойшылдарының Қазақстан географиясы
мен тарихына қосқан үлестері
II. Қожа Ахмет Йассауидің өмірбаяны
III. Қ.А.Йассауидың жазған еңбектері
IV. Қ.А.Йассауидың кесенесі
V. Қорытынды
VIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Орта Азияда
мұсылман дінінің таралуына байланысты жерінің
географиясы және тарихымен араб географтары айналыса
бастады.
IX және X ғасырлар аралығы араб зерттеушілері үшін
шарықтау кезеңі болды
Қожа Ахмет Йассауи
(1103-1166жж.)
Аты мұсылман әлеміне әйнілі,
сопылық әдебиеттің ірі өкілі,
кемеңгер, ойшыл ақын артына мәңгі
өшпестей мұра қалдырып кетті. Жас
Ахмет қазіргі Шымкент қаласы
маңындағы Сайрам елді мекенінде
туып, сондағы ауыл молдасынан
дәріс алған. Әкесі Ибраһим өз
заманының сауатты, діндар адамы
болған. Анасы Қарашаш елге
қадірлі, ақылды да дана адам болған
деседі. Ел жұрты бұл кісілер өмірден
өткенде күмбез тұрғызып берген
екен. Сол күмбез қазірде де
Сайрамда бар.
Ақынның алғашқы ұстазы
Арыстан Баб діндар, тақуа адам
болған екен. Ол өз ұстазы
туралы өз кітабында:
Жеті жаста Арыстан баб келді
бабам,
Хақ Мұстафа аманатын берді
маған,
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып
баян,
Бұрынғымнан күрт өзгеріп бөгде
болдым,
Алла түспес аузымнан пенде
болдым.
Әділ сөйлеп, адал жүрер жерде
болдым
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Йассауидың сопылық
идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті
болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен
түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының
түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз
әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік,
модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем
туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың
орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–
1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент(1902–11) баспаларынан жарық көрген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің
бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген
жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір
Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене
- үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық
жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы
құрылысқа негіз етіп алынған. Ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Күйдірілген
шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі - онда Орталық
Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері
қолданылған .
Тайқазан — Түркістандағы Қожа Ахмет
Йассауи кесенесіндегі алты ғасырлық
тарихы бар қасиетті, алып қазан.
Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің
тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда
(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан
қаласының батысында, 27 шақырым
жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде
құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз
Шарафаддин Тебризи жасаған.
Қазан сыртындағы араптың гүлденген
сульс және куфи қолтаңбаларымен
жазылған үш қатар жазудың біріншісінде
оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне
арналып жасалғаны туралы айтылады.
1935 жылы тайқазанды Санкт-
Петербургтегі атақты музей Эрмитажға,
Иран шеберлерінің III Халықаралық
конференциясына алып кетеді. Жарты
ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989
жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға
қайтарылды.
Қорытынды
Қожа Ахмет Иассауи – ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі
жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер,
ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі;
Қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша
орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы,
күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған
ұлы ойшыл;
Ислам дінін таратушы, уағыздаушы, шариғат сөзін
сөйлеуші.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz