Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысы туралы еңбектердің талдауы: Әлихан Бөкейхановтың саяси рөлі


Slide 1

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ №2

Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау Әлихан Бөкейханов

Орындаған: Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенті

Қасен Ә

Тексерген: Сайлан Б. С.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Алаш қозғалысының шығу себептері мен салдары

Алаш қайраткерлері

Әлихан Бөкейхановтың қоғамдағы саяси орны

Қорытынды

Пайдаланыылған әдебиеттер

Slide 3

I. Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі деп жариялануы, осыған байланысты ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кезде қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтау мәселелері тұрды. Қалыптасқан жаңа саси ахуалды шешу үшін жаңа саясат қажет болды. Ол саясаттың негізгі күші 1905-1907 жылдары байқалған болатын. Ол күш сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында тез қайнайтын ұлттық интеллигенция болды.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

III. Қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды.

Slide 7

Қозғалыстың бастауы туралы айтқанда, ең алдымен, Алаш қайраткерлерінің өз еңбектеріне үңілгеніміз жөн. Өйткені, олардың еңбектерінен қозғалыстың қайнар көздері жөнінде бізге тірек боларлық деректер табамыз. Айталық:

Осыларға ұқсас ойларды М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедұлы пікірлерінен де кездестіреміз. Бұлардан шығатын қорытынды: Алаш қайраткерлерінің өздері ұлт-азаттық қозғалыстың 1905 жылдан басталғанын меңзейді.

Slide 8

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Ә. Н. Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.

Slide 9 Slide 10

Атқарған қызметтері:

Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.

Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.

1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф. А. Шербина экспедициясының құрамында болды.

1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты

Slide 11

Қорытынды:

Адамзат үшін ақылдың, азаттықтың ғасыры болған ХХ ғасырды қазақ қоғамы өзге елдің боданы, өркениеттің өгейі ретінде қарсы алды. Абай бастаған ат төбеліндей ағартушыларды айтпасаңыз, ұлтын өрге сүйер зиялы топ қалыптасып, қауымдаспаған еді. Абай Шыңғыстауда, Мәшһүр-Жүсіп Баянауылда, Мұрат Атырауда, Майлықожа Қаратауда, Нарманбет Қарқаралыда, өзгелері ұлан асыр қазақ даласының әр шалғайында болатын. Ақынның да, шешеннің де, әншінің де сөзінде мұң, ойында уайым еді. Ресейдің үш губернаторлығына қараған қазақтың сенгені, күткені - оқыған азаматы еді. Алаш атымен күреске барған ұлтшыл қазақтар ХХ ғасыр басында ортақ мүдде жолында ой біріктірді, тізе қосты, орта толтырды. Бұдан былай Алаш баласы бытырамай, бөлінбей қимыл көрсететіндігі дәлелденді.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.

Қарқаралы құзырхаты (Мәтінін аударған М. Қойгелдиев) . Алаш қозғалысы. І том. Құжаттар мен материалдар. Алматы: Алаш, 2004

«Қазақ» газеті. Құрастырғандар Ү. Сұбханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сақов. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысы туралы еңбектерді талдау
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына арналған еңбектерді талдау
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына қатысты еңбектерді талдау (Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсынұлы)
Алаш зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов: өмірі, шығармашылығы және қазақ тілін дамытудағы рөлі
Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің тарихы
Тәуелсіз Қазақстандағы Алаш қозғалысының тарихнамасы және жетекші қайраткерлерінің зерттелуі
Алаш қозғалысы және қазақ ұлтының саяси-мәдени дамуы (1917-1920)
Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы: партияның құрылуы, бағдарламасы және тарихи маңызы
Алаш зиялылары мен Алаш партиясы: құрылуы, саяси ұмтылыстары және тілдік-мәдени рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz