Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары: Қазақстан 2030 және Қазақстан 2050 стратегияларының мазмұны мен ұсыныстары


Slide 1

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ №3

ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар - әлемдік тәжірибе нәтижелері

Орындаған: Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенті Қасен Ә.

Тексерген: Сайлан Б. С.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

«Қазақстан - 2030» саяси бағдарламасы және оның негізгі бағыттары

«Қазақстан - 2050» стратегиясының мазмұны

2050 - стратегиялық бағыт бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдап, бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

Қазақстан бүгін - өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекет.

Ел 20 жыл бойы егемендік бен саяси салмақты нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.

Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді ел. Елді дамытудың ендігі міндеті - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз - 2030 және 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.

Мемлекеттік бағдарлама -ресурстар, орындаушылар, ғылыми- зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады. "Мемлекеттік бағдарлама" ұғымының мағыналық ауқымы кең. Ол мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды қаржыландыру кезінде қолданылады.

Slide 4 Slide 5

Қазақстан 2030 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан-2030 Стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. .

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы

Бірлік - қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Slide 9

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі

Азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

&

Slide 10

Энергетикалық қорлар

Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды

Slide 11

«Қазақстан - 2050» стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары және нарықтық экономикаға көшу: әлемдік тәжірибе мен Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050 стратегиялары
Қазақстанның әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: 2030 және 2050 стратегияларының басымдықтары мен нәтижелері
Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар: әлемдік тәжірибе мен стратегиялық мақсаттар (Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050 стратегиялары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру: 2050, 2025 және 2030 стратегиялары контекстінде
Қазақстан-2050 стратегиясы: мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
Қазақстан-2050 стратегиясы: жаңа саяси бағыттар, стратегиялық басымдықтар және Нұр Отан доктринасы
Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары мен рухани жаңғыру: 2010-2020 жылдардағы басымдықтар
Мәңгілік Ел: Қазақстан-2050 стратегиясының ұлттық идеясы және даму басымдықтары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы: мазмұны, құрылымы және фармакопеялық мақалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz