Елбасының елеулі еңбектері


Slide 1

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ №4

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі

Орындаған: Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенті Қасен Ә.

Тексерген: Сайлан Б. С.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

Негізгі бөлім

2. 1. Н. Назарбаевтың Президенттікке сайлануы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 - 5

2. 2. Н. Назарбаевтың еңбек жолы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 - 7

2. 3. Елбасының елеулі еңбектері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 11

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12-13

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14

Slide 3

Кіріспе

Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.

Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.

Slide 4

Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған - Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығы бәрімізге мәлім.

Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді.

Slide 5

Қазақ хандығындағы ханды сайлау

Тұңғыш Президенттің сайлануы

Slide 6

Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты.

Н. Назарбаевтың еңбек жолы

1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. Ол 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды.

Slide 7

1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды.

1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды.

1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер болатын.

Slide 8

Елбасының елеулі еңбектері

Астананың салынуы

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды. Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды. 1994 жылы Н. Назарбаев астананы көшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай пікір туғызған болатын. Дүние тарихында өз тәуелсіз мемлекеттіліктерін қалыптастыру кезе­ңінде бір де бір мемлекет басшысы мұндай түбегейлі батыл қадамға барған да емес.

Жаңа астананың салынуы және көшірілуі рекорд­тық аса қысқа мерзімде өтті. Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтік опти­мизміне қолдау жасау үшін өте маңызды еді. Астана елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді. Астана саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге Назарбаевтың жеке, адами жобасына да, ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды

Slide 9

Ядролық қарудан бас тарту

1991 жыл - Семей атом полигоны жабылды.

1992 жыл 22 мамыр - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңес әскерінен қалған атомдық қарудан бас тартып, Лиссабон хаттамасына қол қояды.

1993 жыл 13 желтоқсан - ҚР Жоғарғы Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау Келісіміне қосылу туралы» қаулы қабылдайды.

1994 жыл Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау Келісіміне қосылуына байланысты Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания мен АҚШ Қазақстанның қауіпсіздік кепілдері туралы Меморандумға қол қойды

1994 жыл - Қазақстан В. Метта арқылы АҚШ-қа 24 ядролық бомбаның (90 пайыз, 600 келі) уранын сатты. Бұл уран суасты ядролық отын үшін жиналған еді.

1995 жыл, сәуір - Қазақстан барлық ядролық қаруды Ресейге шығарды.

1996 жыл - Қазақстаннан Ресейге стратегиялық бомбалаушы ұшақтар шығарылды.

1996 жыл 30 қыркүйек - Қазақстан жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Келісімге қол қойды.

2000 жыл - бұрынғы Семей ядролық сынақ поигонында соңғы ядролық сынақтарға арналған ұңғыма жойылды. 2008 жыл - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ядролық қаруды таратпауға үлес қосқаны үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды

Slide 10

Қазақстан мүше болған халықаралық ұйымдар

Slide 11

Мемлекеттік рәміздер қабылданды

Мемлекеттік Елтаңба

1992 ж. маусымның 4 қабылданған.

Мемлекеттік Ту

1992 ж. 4 маусым

Slide 12

Қорытынды:

Тәуелсіздік таңы - тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Егеменді елдігімнің айғағы - аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді. Тәуелсіздік алған елдің айрықша белгілері ретінде ұлттық валюта, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеу, Конституцияны бекіту танылған. Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан күннен Ел тізгіні сеніп тапсырылған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік болды. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидасы ретінде белгіледі. Қазақ ұлтының дамуы мен орыс және басқа да этностық топтардың құқықтарын сақтау саясаты ұлтаралық қарым-қатынастың тепе-теңдігін орнықтырды. Дегенмен де, Елбасының бұл ұстанымын жұрттың бәрі бірдей және бірден қабылдай қойған жоқ. Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын республикада шиеленісті жағдайлар мен тұрақсыздық тудыруға әрекеттенгендер де, ұлтаралық фак­торларды пайдаланғысы келетіндер де болды. Мұндай жағдайға Елбасы лайықты жауап таба білді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, оны басқа ел­дерге үлгі ету Н. Назарбаев қызметінің дана­лығының көрінісі бола алды Президент Назарбаев Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Экономика мен қоғамның ашықтығына ұмтылды, ол сөйтіп Қазақстан үшін халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге қол жеткізді», - деп жазған еді. Елбасының әлемдік деңгейдегі парасат пайымына, саяси іс-қимылына, тиянақты шешіміне, құрдым­ға кете бастаған экономиканы алға жылжыту жолындағы тиімді саясатына, уақыт талабына қа­рай ойластырылған әдіс-тәсілдеріне, стратегиялық ұстанымдарына қапысыз сенген қазақстандықтар өзінің тұңғыш Президентіне, тізгін ұстаған Елбасшысына әрқашан қолдау білдірді, қолдау білдіріп те келе жатыр. Тізгіннің сенімді қолға тиюі­нің арқасында ел жаңарды, дәулетіміз толыса түс­ті. Көзге көріне бермейтін кедергілерді байсалды саясаттың арқасында жеңіп, еңсере білдік.

Бүгінде тәуелсіздіктің туын тігіп, егеменді ел іргесін бекемдегеніне де 25 жыл уақыт өтті. Осы мерзім ішінде өзімізді-өзіміз тәуелсіз ел ретінде әлемнің түкпір-түкпіріне таныттық.

Slide 13

Джордж Буш, АҚШ Президенті (1989-1993жж. ) :


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті
Мәдени мұра- баға жетпес байлық
Қалыптасқан мемлекет
Саяси элита
Республикасының бітімгерлік миссиясы
Тұңғыш елбасы
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті
Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы, білімі мен мәдениеті
АНАСЫ АНЕ СЕРЕНЗАТТЕР ЛУНД КЬЕРКЕГОР ҮЙЛЕНУДЕН БҰРЫН СЕРЕННІҢ ӘКЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz