ТОПЫРАҚ ГУМУСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БАКТЕРИЯ


Slide 1

Топырақ гумусының құрамын бактерия көмегімен қалыпқа келтіру

Дайындаған:Темирова Диана Камбаровна БТ-03

Slide 2

ГУМУС, қарашірінді- микроағзалардың əсерінен өлі өсімдік жəне жануар қалдықтарынан пайда болатын органикалық заттардың ерекше күрделі тобы.

Әдетте, ол топырақта ыдыраған қара-қоңыр түсті органикалық зат түрінде кездеседі. Құрамында гумус қышқылдары, яғни фульвоқышқылдар және гумин қышқылы, гумин тәрізді заттардан тұрады.

Slide 3

Гумус қызметі

Топырақ экологиясына келгенде, жер көлемі алып болғаныменде топырақ сапасының нашарлауы орын алуда. Жерді дұрыс игермеу салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, тақырларға айналу процестері күшейе түсуде.

235 млн га құнарлы жердің га-сы жарамсыз жерлерге айналып, оның 30 млн га-сы, топырақ эрозиясына, 60 млн га-сы тұздануға ұшырап, 10 млн га-сы химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.

Сол себептен де гумустың құрамын бактерия көмегімен қалыпқа келтіру не басқа жаңа әдістерді ойлап табу өте тиімді

Жер шарындағы органикалық өмірдің қоры және стабилизаторы

топырақтың құнарлылығын арттырып, топырақ құрылымын жақсартады

топырақ генезисі

Өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілуі

Физикалық, яғни топырақтың түсі, құрылымы, текстурасы, ылғалдылық сақтау қабілеті, аэрацияны

гумус қабаты көптеген микроағзалар үшін мекен ету ортасы және осы ағзалар гумустың түр-өзгерісіне жауап береді.

Тақырыптың өзектілігі

Біз жерді лас, балшық түрінде көреміз. Бұл үлкен ауыртпашылықтарға әкелетін қателік, өйткені біздің өміріміз оған байланысты.

Джордж Монбиот, Ұлыбритания экологиялық-саяси активисті

Slide 4

Жұмыстың мақсаты: Гумус маңыздылығын аңғарту, гумус дегенерациясы мәселесіне зең қою, бұл мәселемен күресудегі бактерия маңыздылығын аңғарту

Гумус Жердің қара алтыны деуге болады, өйткені пайдалы органикалық қосылыс болып табылады. Кейбір ғалымдардың сөздеріне сүйенсек, гумус «өте өлі», яғни жануар, өсімдік қалдықтарының ыдырауының органикалық соңғы өнімі.

Бұл пікірге келісе алмайтын топырақтанушы ғалымдар гумустың «өте тірі» екенін айтып, оны Жердегі барлық өмірдің бастаушысы ретінде қабылдайды.

БҰҰ-ның 2015 жылғы мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі құнарлы жер жоғалту қарқынымен адамзат тек 60 жыл ғана егінді жинауға қабілетті болады. Британия Жер Ассоциациясы статистикасында, Жер әр минут сайын 30 футбол алаңы көлеміндегі құнарлы жерден айырылады. Мұндай қарқынмен жер өзін регенерациялауға қарағанда тезірек дегенерацияға ұшырауда.

Slide 5

Топырақ бактериясының қолданысы

Slide 6

Бактерияны биотехнологияда топырақ құрамын қалыпқа келтіруде қолдануының негізгі себептері

оның ұсақ көлемінде

санының көптігінде

тез көбею қабілетіне ие болуында

ұсақ жерде өмір сүруге қабілетті болуында

Slide 7

Қарашірінділену (Гумификация; лат. 'humus' - топырақ, facere - жасау) - өсімдіктер мен жануарлардың мортмас-саларының ыдыраған өнімдерінің топырақтағы микроорганизмдердің қатысында қарашіріндіге айналуының биохимиялық процесі.

Суретте гумификация үрдісі көрсетілген. Бұл үрдісте жануар және өсімдік бірінші реттік ыдырауға жәндік, құрт тәрізді тірі ағзалар әсерінен шіруі орын алады. Екінші ретте бактерия, саңырауқұлақ тәрізді микроағзалардың арқасында олардың әрі қарай шіруі орын алады. Дәл осы процесс- гумификация болып табылады. Минералдану процесстерінің арқасында айналымға азот, көмірқышқыл газы, фосфор, калий тәрізді элементтер өсімдік үшін қоректік заттарға айналып, қайтадан өсімдікке келеді.

Slide 8

Қорытынды: Бактерия гумус құрамын қалыпқа келтіруде маңызды рөл атқарады. Оған қоса, бактерияның негізгі қызметі- гумусты сақтау, оның жасалуына септігін тигізу.

Топырақ бактериялары өлген өсімдік пен жануарлардан қалган органикалық материалды ыдыратады және оны топыраққа енгізіп, топырақтың органикалық сапасын жақсарта түседі, топырақ құрылымын жақсартады және өсімдік өсуіне әкеледі. Саңырауқұлақ және актинобактериялар (саңырауқұлақ тәрізді өсу қабілетіне ие бактерия) шіріту процесін үлкенірек және қаттырақ органикалық материалдан бастайды, одан соң басқа бактериялар ары қарай оны кішірейтеді.

гумустағы азоттың аз мөлшерін толықтыруға септігін тигізеді.

Яғни, микробтар жасуша-сыртылық ферменттер бөліп, өлген өсімдік тәрізді органикалық материалдарды қолжетімді қоректілік элементтерге айналдыруға қабілетті. Бөлінген ферменттер жер қыртысындағы көміртекпен әрекеттесе отырып, фульвоқышқылдар және гумин қышқылдарының жасалуына әкеледі. Ал бұл қышқылдар өз кезегінде топырақтағы минерал заттармен әрекеттеседі. Мұндай реакциялар нәтижесінде гумат және гумус түзіледі.


Ұқсас жұмыстар
Топырақ микрофлорасы және оның топырақ құру процесіндегі рөлі
АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Микроэкология негіздері туралы
Микробиология аймақтары
Топыраққа қойылатын ветеринарлықсанитарлық гигиеналық баға
Қышқылға төзімді бактерия
Микробиология негіздері
Химиялық стерилизация
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz