Сусарлар тұқымдасы



Сусарлар тұқымдасы.
Орындаған: Темертасова Сая 1820 тобы.
Тексерген:Карагойшин Жасхайыр М.

Сусар тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Систематикасы (жүйеленуі) . Қазақстанда келесі түрлері кездеседі:
Сарғыш күзен - Mustela altaica
Ақкіс - Mustela erminea
Сасықкүзен - Mustela eversmannii
Еуропа қара күзені - Mustela lutreola
Аққалақ - Mustela nivalis
Шұбар күзен - Vormela peregusna
Тас сусары - Martes foina
Орман сусары - Martes martes
Борсық - Meles leucurus
Итаю - Мellivora capensis
Құндыз - Lutra lutra

Орман сусары - martes martes.
Орман сусары - martes martes. Тұмсығы аздап созыңқы. Құлақтары кішілеу, құйрығы ұзындау. Аталығының ұзындығы 40-48см, құйрығы 20-26см, салмағы 700-1800г. Түсі қоңыр. Басының түгі қаралау. Тамағы сары (кейде сары тамақ деп атайды) .
Еуропа мен батыс сібірдің орманды және далалық орманды жерлерінде тараған. Қазақстанның солтүстігінде және шығысында бар. Ағаштарға өте жақсы шығады және ағаштан ағашқа секіре алады. Кеште, түнде және таңда белсенді болады.
Қоректенуі бұлғынға ұқсайды, тек жеміс-жидектерді көбірек жейді.
Көбею кезінде ағаштардың қуысында, тиіндердің ұяларына ұя салады.
Маусым-тамыз айларында шағылысады. 236-274 күн буаз болады. Наурыз-мамыр айларында 3-4, кейде 8 күшік туады. Қысқа қарай аналарынан бөлек кетеді. 15-16 айда жыныстық толысады. 14-16 жыл өмір сүреді.
Кидус (кидас) - бұлғын мен орман сусарының буданы. Орал тауларының аймағында кездеседі. Ұрпақ болмайды.


Тас сусары (ақ тамақ) - Martes foina.
Тас сусары (ақ тамақ) - Martes foina. Орман сусарына ұқсайды, тек құйрығы ұзындау (25-30см) және тамағы ақ түсті. Ұзындығы 44-55см, салмағы 1500г. Түсі сұр қоңыр, қоңыр болады.
Балтық жағалауынан Алтай тауларына дейін оңтүстік тауларын мекендейді. Украина, Молдаваия, Орта Азия, Ресей, Қазақстаннның таулы аймақтарында кездеседі. Ұясын тастардың арасына, ағаштардың қуысына жасайды. Ағашқа жақсы шығады, жемтігін жерден аулайды. Негізгі қоректері тышқандар, тиін, құстар, жәндіктер, өлекселер, жеміс-жидектер.
Көбеюі орман сусарына ұқсайды. 254-275 күн буаз болады. Күшктерін 45 күн емізеді.


Шөл сусары.
Сарыкүзен.

Тұқымдастың дене тұрқы өмір сүру жағынан әртүрлі жануарларды біріктіреді. Денесінің мөлшері 11 см- 150 см арасында. Денесі сәйкесінше ұзын, аяқтары қысқа, табан және жартылай табан тигізіп жүреді, көбінің тырнақтары тартылмаған. Табаны мен білезігі түкпен қапталған, өте сирек жалаңаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтарының арасында жақсы жетілген жүзу жарғақтары болады, әсіресе артқы аяқтарында. Бас сәл созылынқы, мұрны үшкірлеу келген құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген кей түрлерінде кішілеу, домалақтау, тағы бір түрінде қысқалау, есту жолдары тұйықталады.
Мойны қысқа. Құйрығы өте ұзыннан қысқаға дейін өзгеріп отырады. Түкті жамылғысы қалың және жібек тәрізді. Түстері әртүрлі келеді. Түкті жамылғысын қыс мезгілінде ақ түске ауысады. Аналағында 1-4-ке жуық еміздіктері болады.

Ірі түрлерінде айдар жақсы көрінеді. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Азу тістері қоректенуіне қарай өткір дөңестеу, ал кейбірінде жай дөңестеу болады. Сезу мүшелерінен есту қабілеті және иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Жылына 1 рет, 1-ден 10 өсім, немесе одан көп болады.
Адаптация және жоғарғы экологиялық бейімділік жағынан сусар тұқымдасы барлық ландшафта - тундырадан шөлге дейін және тау етегінен, Альпі жайылымдарына дейін мекен ете алады. Олар Австрияда, тынық мұхитының онтүстік бөлігінде және Факленд аралдарында мекендейді.

Халық шаруашылығында маңызы.
Сусарлардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар өндірісте терісі үшін аса қатты бағаланады. Бұл тұқымдастың көп түрлері зиянды кеміргіштерді, зиянкестер мен олардың личинкаларын жоюшы болып саналады.
Тұқымдастың жүйеленуі әлі анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, оның 64 түрі бар, олардың 8 туысы және 18 түрі ТМД фаунасына бейімделген.
Қазақстанда 6 туыс және 14 түрі кездеседі.

Сусар және күзен туысы - MUSTELA LINNAEUS.
Сусар.
Күзен.

Бұл туысқа ең кіші және орташа көлемді жануарлар кіреді. Денесі өте жіңішке, майысқан және аяқтары қысқа, кейбір түрлерінде бармақ арасын қосатын жарғақшалары жақсы көрінеді, құйрығы дененің жартысына жетеді. Түкті жамылғысы айтарлықтай қысқа. Түсі бір түсті немесе 2 түсті болады, бұл кезде қыс мезгілінде жүн түсі ағарады. Бас сүйегі ірі емес, сәйкесінше мұрны қысқа. Туыс өкілдері жерде тіршілік етеді. Қоректенуіне қарай жыртқыштар болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz