Мінез - құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары
Презентация қосу
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3-4
1. тарау.
1.1.« Мінез-құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары».........................5-11
1.2.Тәртіптілікке,мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары және
әдістемесі.........................................................................................................12-18
2 тарау.
2.1. Балалардың жасына сай мінез-құлық ерекшеліктерін
қалыптастыру...............................................................................................19-21
2.2. Баланың іс – қимылымен қатар мінез-құлық тәжірибесінің
әдістері.............................................................................................................22-24
Қорытынды...................................................................................................25-26
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................26
Қосымшалар
Зерттеу жұмысының өзектілігі:Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның,
тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-
қатынасын айқындайды.
Мінез - баланың негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі
өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке баланы әр қырынан көрсететін қасиет.
Балалардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа
сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- баланың
мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектепке дейінгі ұйым балаларының мінез-құлқын
қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Балалар көкейкесті
мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді.
Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық
ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін
басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту
болып табылады. Балалардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған
сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты мақсатқа бағытталған іс - әрекет.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мінез – құлықтың қалыптасу процесінің өзіндік
ерекшелігі болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тәртіптілікпен
қатар жағымды мінез – құлықтың пайда болуы өте маңызды. Өз – өзіне қызмет ету
арқылы, қоғамға араласып, ортадан өзіне керекті мінез құлықты қалыптастырады.
Бала бойында мінез – құлық мәдениетін тәрбиелеу барысында маңызды шарттары
мен оның әдестемесін қолдану.
Зерттеу міндеттері:
- Мінез-құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары
-Тәртіптілікке,мінез-құлық мәдениетін түсіндіру шарттары және әдістемесі
- мінез құлықпен іс-қимылды ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- жасына сай мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптасуын ұғыну.
Қорытынды
Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас
заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды
мәселе екені айқын.
Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті
жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.
Оқу іс-әрекетімен мінез-құлық арасындағы өзара байланысты ескеру де өте маңызды. Сондықтан ең
бастысы оқу іс-әрекеті жоғары болуы үшін ақыл – ой деңгейі де биік болуға тиісті. Бала интеллектуалдылығы
биіктеген сайын мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай түспек.
Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның
жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы – мінез – құлығы.
Мінез – құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды
психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез – құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен
ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.
Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптаспаған. Оған
дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.
Әдістемелік нұсқаулық
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерімен мінез-құлықтың қалыптастыру
жұмыстары жүргізіліп, балалармен төменде аталып кеткен тақырыптар
бойынша мәліметтер алынып отырады.
1. Мінез-құлық тәрбиесінің маңызы
2. Мінез-құлықтың мәдениеті мен нормалары
3. Тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу
4. Мінез құлық мәдениетін тәрбиелеулегі шарттары және әдістемесі
5. Балалардың жасына сай мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастыру
6. Баланың іс – қимылымен қатар мінез-құлық тәжірибесінің әдістері
Мінез құлықты анықтауға арналған тесттер түрлері.
Түрлі түсті конструкторлар және бояғыштармен ойналатын ойын (3-7 жас аралығы)
Тест баланың интроверттік не экстраверттік қасиеттерін аңғаруға көмектеседі.
Қежетті заттар: кішкентай балалар үшін түрлі түсті конструкторлардың үлкен түрлері жарамды,
ал 5 жастан асқан балаларға бояғыш пен қарындаш, фломастер керек.
Не істеу керек: балаға конструктор беріп, үй тұрғызуын тапсырамыз. Үйдің пішіні қандай болып
шығатыны маңызды емес. Бастысы, кішкентай сәулетшіге толықтай еркіндік беріңіз.
Ал 5 жастан асқан балаға бояғыш пен фломастер беріп, асығудың қажеті жоғын түсіндіреміз. Бала
суретті қалауынша бояуы тиіс. Және асығыстық танытпағаны жөн. Сонымен қатар суретті бояуға
таңдаған түстеріне назар аудару қажет емес.
Неге назар аудару қажет: егер бала түрлі түсті бөлшектерден үй тұрғызса, түс таңдауында
белгілі бір тәртіп бар-жоғын тексереміз. Егер түрлі түсті конструкторларды араластыра отырып
құрастырса немесе үйдің әр бөлігі өзіндік түске иеленсе, баланың бойында интроверттік
қасиеттердің басым болғаны. Ол заттың пішінінен бұрын, сипатына үлкен мән береді. Ал егер бала
бояғыштағы суреттерді бояса, суретті бояғандағы ынта-ықыласына, мұқияттылығына назар
аударуымыз керек. Бала белгіленген шекарадан аспай, сызықтың бойымен бояса, алдыңыздағы
баланы интроверт ретінде білгейсіз.
Люшер тесті
Бұл тест арқылы баланың таңдаған түсіне негізделе отырып тұлғалық
қасиеттерін аңғаруға болады. Оған небары 5 минут уақыт қажет.
Тестті ойлап тапқан – швейцариялық психолог Макс Люшер. Психологтың
пікірінше, түсті қабылдау объективті болса, белгілі бір түске артықшылық
беріп, ұнату – субъективті дүние. Ол адамның психологиялық ахуалын
көрсетіп, тұлғалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Не істеу керек және неге назар аудару қажет: мына сілтеме
(https://psytests.org/luscher/fullcolor-run.html) бойынша өтіп, балаңызбен
бірге тест тапсырыңыз. Ересек адам берілген сұрақтарды қойып отырса,
бала түстерді белгілеу арқылы жауап береді. Соңында тест нәтижесі
көрсетіледі.
«Оңқай әлде солақай?» тесті
Баланың 2 жастағы кезінде-ақ қай қолының белсенді екендігін анықтай
аласыз. Арамызда екі қолы теңдей белсенділік көрсете алатын адамдар да
бар. Оларды амбидекстр деп атайды. Баланың қолдарының қайсысы
басымдылық танытатынын анықтау – ата-аналар үшін бала тәрбиесінде
өте маңызды. Солақай баланы оңқай қылуға тырысу дұрыс емес. Мұндай
әрект баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Көбіне солақай адамдардан
әртіс, суретші, жазушы шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар балаларды анықтау жолдары // Ұлағат №5 2004 ж
Әділдинова Ж. Құндылықты бағдарлар – адамның мінез-құлқының психологиялық реттеушісі // Ұлағат
№5 2004 ж
Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы,
1991ж.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.
Серімов С. Тәрбие бастауы. \ «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.
Аймауытов Ж. Тәрбие. «Қазақстан мектебі», №5, 1989ж.
Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
Қабатай Б. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1999ж.
Педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 1964ж.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz