Microsoft PowerPoint-та таныстырылым әзірлеудің негізгі түсініктері мен құралдары


Slide 1

PowerPoint туралы негізгі түсінік

Жақсылық Диас

АГ-39/1

Slide 2

Microsoft PowerPoint-та Таныстырылымды әзірлеу тапсырмаларының аймағы жаңа таныстырылымды әзірлеу үшін келесі бірқатар нұсқаларды ұсынады.

Microsoft PowerPoint-та таныстырылымдарды әзірлеу процесі слайдтардың ентаңбаларын таңдау, қажеттілік туындаған кезде слайдтардың безендірілуін өзгерту, схемалардың түсін өзгерту, безендірудің әр түрлі үлгілерін қолдану сияқты әрекеттерден және слайдтарды демонстрациялау кезінде анимация сияқты әсерлерден тұрады. Төменде келтірілген мағлұматтар осы процестің бастапқы кезінде қол жететін құралдарға жатады.

Slide 3

Әзірлеу. Слайдтарды безендіру минимум элементтерге ие болады да оған түрлі түс қолданылмайды.

Бар таныстырылымдардан. Таныстырылым безендірілуі бар әлдеқашан әзірленген таныстырылымның негізінде әзірленеді. Алғашқы таныстырылымның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа таныстырылымды әзірлеуге мүмкіндік беретін бар таныстырылымның көшірмесі әзірленеді.

Безендірудің үлгілерінен. Таныстырылым безендірудің негізгі элементтерін, қаріптері мен түс схемаларын қамтитын Microsoft PowerPoint-тың бар үлгісінің негізінде әзірленеді. Стандарттық үлгілерден басқа өзбеттерімен өзірлеген үлгілерді де пайдалануға болады.

Автомазмұн шеберінен. Слайдтар үшін ұсынылған мәтіндерді қамтитын безендіру үлгісін қолдану үшін автомазмұн шебері пайдаланылады. Содан кейін ұсынылған мәтінге қажетті өзгерістер енгізіледі.

Веб-тораптағы үлгілер. Таныстырылым веб-торапта түрған үлгінің көмегімен әзірленеді.

Microsoft. com-дағы үлгілер. Таныстырылымды Microsoft Office үлгілер кітапханасындағы Microsoft PowerPoint-тың қосымша үлгілерінің негізінде әзірлеу. Бұл үлгілер таныстырылымның типі бойынша ретке келтірілген.

Slide 4

PowerPoint терезесінің элементтері

Тақырып жолында - құжаттың атауы мен терезені басқару батырмалары бар;

Стандарттық тақтада - Excel қомандаларының көпшілігінің батырмалары бар;

Құрылым - танысытырылым слайдтары бойынша тез орын ауыстыруға арналған;

Форматтау тақтасы - форматтау командалаына арналған батырмалар бар;

Тапсырмалар аймағында - ағымдағы тапсырмалардың тізімі бар;

Қалып-күй жолында - құжаттың ақпараттары бар;

Сурет салу тақтасында - графикалық объектілермен жұмыс істеуге арналған қомандалар бар.

Slide 5

Безендіру үлгісін пайдаланып таныстырылымды әзірлеу:

1. Егерде тапсырмалар аймағында Таныстырылымды әзірлеу (Создать презентацию) таңбашасы бейнеленбесе, онда Файл менюінен Әзірлеу командасын таңдаңдар.

2. Әзірлеу (Создать) тізімінде Безендіру үлгісінен (Из шаблона оформления) пункітін таңдаңдар.

3. Слайдтар құрастырушысы тапсырмалар аймағында қолтану талап етілетін безендіру үлгісін таңдаңдар.

4. Егерде бірінші слайд үшін стандарттық макетті сақтау талап етілсе, онда 5-қадамға өтіңдер. Егерде бірінші слайдтың макеті басқа болуы тиіс болса, онда Формат менюінде Слайдты ентаңбалау командасын таңдаңдар, ал содан кейін керекті макетті таңдаңдар (10. 3 сурет) .

5. Слайдта немесе Құрылым (Структура) аймағында бірінші слайд үшін мәтінді енгізіңдер.

6. Стандарттық аспаптар тақтасына жаңа слайдты кірістіру үшін Слайдты әзірлеу (Создать слайд) батырмасын басыңдар да слайд үшін макетті таңдаңдар.


Ұқсас жұмыстар
Microsoft PowerPoint бағдарламасының презентация құру тәсілдері мен негізгі мүмкіндіктері
Microsoft PowerPoint бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері және анимацияны баптау
Microsoft PowerPoint: негізгі түсінігі, терезе құрылымы және презентация құрастыру әдістері
Microsoft PowerPoint арқылы тұсаукесер құру: әдістемелік сабақ жоспары
Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентациялар құру және безендіру шаблондары
Мультимедиалық технологиялар мен гипермедиалық ресурстарды әзірлеудің бағдарламалық құралдары мен жобалау кезеңдері
PowerPoint-та слайд-фильмдер жасау негіздері: шаблондар, дизайн және практикалық жұмыстар
10-сыныпқа арналған Microsoft PowerPoint терезесінің интерфейсі мен өзгертулері: ашық сабақ жоспары
Microsoft PowerPoint презентацияларын құру және шаблондарды безендіру - сабақ жоспары
Microsoft PowerPoint бағдарламасы бойынша информатика сабағының оқу-жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz