ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Презентация қосу
ЭТИКА.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ФИЛОСОФИЯСЫ
Этика
• Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның
мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және
айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
“Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш
шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына
кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып,
этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек
тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса,
кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні
ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизм жайлы ой-толғамдар адамдардың
мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан
басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін
парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған
мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана
рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі
ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын
айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық
нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның
табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының
дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы
қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
• Этиканың құрылымы:
1. теориялық этика;
2. нормативті этика;
3. эмпириялық этика.
• Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын,
оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын
зерттейді.
• Нормативті этика — негізгі этикалық
категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік
пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және
т.б. қарастырады.
• Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі
адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті
туралы түсінік береді.
Исламдағы этика және мораль
түсінігі
• Мораль», «этика» сөздерінің баламасы ретінде араб тіліндегі «жарату», «жаратылыс»
секілді мағыналарға келетін «халқ» сөзімен түбірлес «ахлақ» сөзі қолданылады.
«Ахлақ» сөзі араб тіліндегі «ха лә қа» етістігінен шыққан «Хулуқ» сөзінің көпше түрі.
Сөздік кітаптарында «хулқ» сөзінің мінез, сезім, табиғат, жомарттық, дін және
жаратылыс мағыналарына келетіні айтылады. Яғни, «хулқ» дегеніміз – адамның
жаратылысынан бері пайда болған әрі тәрбие жолымен қол жеткізген рухани сезім. Біз
мұндай халді – мінез-құлық, әдеп сияқты сөздермен түсіндіруге тырысамыз. Адам мінезі
деп – оның моральдық әдеттерінің жиынтығы айтылады.
• Әдеп – адамдармен қатынас барысында сыпайылық шегінен шықпау, адамның жеке
ерекшеліктерін ескеру, өзгенің де өзінің де ар-намысын қадірлеумен бірге, шама мен
шекті сезіне білу.
• Әдеттегі әдептілік пен мұсылмандық әдептің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
бар. Ислам әдебі діннің ажырмайтын бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан «ахлақ»
ілімі Ислам дінінде өте маңызды орын алады. Әсілінде, ислам діні негізгі үш ілімге
құрылады. Олар: иман, ислам, ахлақ. Бұл үшеуі толық болмай иман толық болмайды.
Бұдан біз сенім мен ғибадат пен қатар ахлақтың өте маңызды екенін көреміз.
• Тарихта «ахлақ» сөзіне мұылман ойшылдары әртүрлі анықтамалар берген. Солардың
бірі, танымал мұсылман ғалымы имам әл-Ғазали: «Ахлақ – адам бойына пікірсіз,
зорлықсыз оңай жасалынатын туа біткен қасиеттер» деп түсіндірген.
• Сөзімізден, ісімізден жүріс-тұрысымыздан әрі әрекетімізден жақсылық
байқалып тұрса, онда мұны ахлақты, яғни тәрбиелілік деп түсінеміз.
• Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген
мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман»,– деген.
• «Ахлақ» ғылыми тұрғыда алғанда, ғасырлар бойы ғылым саласы ретінде
қарастырылып келеді. Оған жалпы ғылым салаларының зерттеушілері
бірқатар анықтамалар берсе, ахлақ саласын зерттеушілер де ахлақтың
анықтамасын беруге тырысқан. Мысалы: Ахлақ – адам баласын жоғары
дәрежеге жетелейтін ілім. Ахлақ – жақсылық жасауға шақырып,
жамандықтан тыйатын ілім.
• Ахлақтың мақсаты – жақсы және жаман мінездерге ие болған адамды
көркем мінезге жетелеу. Бірақ ахлақ ілімі адамды материалдық тұрғыдан
алып қарастырмайды. Керісінше адамның өз қалауы мен таңдауы арқылы
істеген әрекеттерін, жақсы және жаман мінездерін қолға алып, ненің
жақсы, ненің жаман екендігін анықтап, рухани жетістікке апаратын жолды
көрсетіп, жамандықтан құтылудың жолын үйретеді.
• Ахлақ ілімі негізінен теориялық және практикалық болып
екіге бөлінеді.
• Теориялық ахлақ – ахлақтың негізгі қағидалары, үлгі алатын
әрекеттер және де ішкі дүниемізді басқару жолын үйретеді.
• Практикалық ахлақ – адамға жақсы мен жаманды, дұрыс пен
бұрысты, жанұядағы, қоғамдағы міндеттерімізді үйретумен
қатар олардың дұрыс жағын алып, іске асыруымызда бағыт
бағдар береді. Жақсымен шындыққа бет бұрған адам
материялдық және рухани тұлғасын белгілі бір жүйемен
тәрбиелейді. Нәпсісін жамандықтан арылтып, өзгелермен
тату-тәтті өмір сүруге бейімдейді. Мәнді өмір сүргенде он екі
мүшесі сияқты жан дүниесі де сау болады. Әдептілікке
жеткен адам осы дүниеде тіпті ахиретте де бақытқа
бөленеді. Осылайша ахлақ ілімі өз көздеген мақсатына қол
жеткізеді.
• Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды,
адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының
ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы
даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік
бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ даналарының
тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен
тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік
сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін
біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет
етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз
сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және
басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ
бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп
сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің
тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап,
кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса,
араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан
• Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын
өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға
жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп,
толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер
дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас
мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тарихи кезеңдердің
жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық
категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б.
жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр
уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман
сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге
төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-
ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген,
сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан
айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды
қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір,
күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.
Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-
кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату
мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді.
Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер,
үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б.
• Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-
анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның
ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң
да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде
әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі»,
«әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені
әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын
көрсетеді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін
дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген
шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген
сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын,
тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып
отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің
өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп
түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның
өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген
көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық
дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам
деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның
баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-
мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді.
Б.Спиноза «Геометриялық тәсілдермен
көрсетілген Этика»еңбегі
• Бенедикт (Барух) Спиноза
(1632-1677) – европалық
рационализмнің көрнекті
өкілі, Р. Декарт ілімін
жалғастырушы, Жаңа
Заманғы жетілдірілген, толық
және негізделген
философиялық жүйенің «Этика дегеніміз- қисынды сөз,
авторы. оның жүйесінің өзі жанды
философия. Ол сөйлеуге де
• Спинозаның философиялық
тыңдауға да қабілетті
зерттеулерінің пәні: адамдарға арналған, соларға
• 1.субстанция мәселесі; етене жақын»
• 2.таным теориясы;
• 3.этика сұрақтары, бостандық
және қажеттілік мәселелері
Құндылық
• Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай
құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның
маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі
құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар
не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан
болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке
тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға
қарым-қатынасының орнауында орын алады.
• Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың
табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық
әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.
Құндылықтың категориялары
• Дүниенің екі жағын - материя мен рухты бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайтыны
белгілі. Құндылықтар әлемін де негізінен екіге бөлеміз: материалдық және рухани
құндылықтар. Адамның мүдделері де, қажеттіліктертері осы екі тұрғыдан болуға тиіс.
Материалдық құндылықтар секілді рухани жағынан дамытып, қажеттіктілерін өтеп
отыруы тиіс. Адамның қажеттіліктері оның сана – сезімдері арқылы өтіп белгілі бір
мүдделерге айналады, бұл тек адамға ғана тән. Өз мүдделерін іске асыру үшін адам
алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соны іске асыру үшін адам өз ырқын шыңдап,
неше түрлі қиындықтардан өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі
сатыда жаңа құндылықтарға бағыттайды:
• Тіршілік құндылықтары;
• Дін философиясы(діни құндылықтар);
• Моральдық философия;
• Сүйіспеншілік философиясы.
Философиялық құндылық
• Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын
білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
• Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы
жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық
ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген
берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі
көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды,
адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық,
қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық
ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін
қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және
субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік
құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі —
оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық
баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі
мен әдісі болып табылады.
Ұлттық құндылықтар
•Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта
ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның
перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық,
экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді
қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну
кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы
қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке
тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық
құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық
менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның
дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін,
яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік
жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы
маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың
арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық
қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау,
ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін
меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер
мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға
қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның
байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
•.
• Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы
басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани
идеалдарының жиынтығы.
• Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен
үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және
тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-
эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға
негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады.
Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде
қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
• Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар
түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің
дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне
байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған
шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге,
белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды.
Адамгершілік құндылықтар
• Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық,
әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді
ұғымдармен мәндес.
• БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы
декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-
қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік
құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады,
Оның басты әдептік баптары төмендегідей:
1. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;
2. Азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан
тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық
жағдайына қарамай заң алдында бірдей;
3. Өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке
өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Шынайы және алдамшы құндылықтар
• Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі
бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани
қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін
қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.
• Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері
жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар
салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе
қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін
анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын
релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды.
Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары
адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін
қамтамасыз ететін, адамның тұлғасын ажарландыратын, адаммен
қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды
айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық
деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін
тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz