Қостанайдағы орыс - татар мектебі




Презентация қосу
Мұхаммеджан Сералин
Орындаған: Абдуманапова Дилфуза
Ағыбай Асылжан
Хамза Жаннұр
Мұхаммеджан Сералин
(1871-1929)
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай
облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8
қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек
ауылы) — ақын, журналист.
Өмірбаяны:
Троицкідегі медреседе оқыған (1880)
Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген
(1891).
1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын
шығарды.
1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер,
1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару
комитеттінің төрағасы,
1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының
орынбасары,
1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы
қызметтерін атқарған.
Өмір жолы
• М. Сералин – табиғатынан дарынды, аналитикалық ойлау қабілеті, қоғамдағы барлық оқиғаларға
өз көзқарасы бар тұлға. 1891 жылы Қостанайдағы 2-сыныптық орыс-татар мектебін үздік
тәмамдады.
• Қостанай қаласындағы орыс-татар мектебі Содан соң Орынбор училищесіне қабылдау
емтихандарын сәтті тапсырды. Бірақ қаржы қиыншылықтардан оқуды жалғастыра алмай, туған
ауылына қайтып келді. Бұл жерде бірнеше жыл мұғалім болып жұмыс жасап, балаларға қазақ және
орыс тілдерінен сабақ берді. Осы уақытта көптеген қазақ зиялылары кем дегенде орта білім алған.
Сералин осындай білімге де қол жеткізбеді. Оның басты мұғалімі – өмір.
• 1897 жылы Мұхамеджан Сералин Троицк қаласындағы зауытқа жүн сұрыптаушы болып жұмысқа
тұрды. Зауытта еңбектеніп жүріп, қала кітапханаларындағы бүкіл орыс классикалық әдебиетін оқып
шықты. Сонымен бірге, қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттей отырып, өзі де өлеңдер жаза
бастады. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгерді. Осы уақытта «Топжарған» және «Гүлһашима»
поэмаларын жазды.
• Мұхамеджан Сералин патша әкімшілігінің көптеген ұйымдарына барып, «Айқап» журналын
шығаруға рұқсат сұрайды. 1910 жылдың аяғында үкімет М. Сералиннің өтінішін қанағаттандырып,
алғашқы қазақ журналының шығаруына рұқсатын берді. Рұқсат қағазында былай деп жазылған:
«Қостанай уезінің №5 Шұбар болысының қырғызы М. Сералинге өзінің жауапкершілігімен Троицк
қаласында ай сайынғы «Эй-Кафь» журналын шығаруға рұқсат беру. Журналдың бағдарламасы: озық
мақалалар, шетел жаңалықтары, мұсылман ғұмырындағы мәселелер, жылнама, фельетондар және
өлеңдер, библиография мен ғылыми мақалалар, редакцияға жазылған хаттар».
• Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін
пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналы –
бұл кездегі адамдар үшін ерекше құбылыс.
• Әлеуметтік теңсіздік халыққа ауыр әсер еткен еді. Бұл көп адамдардың көкейінде жүрсе де,
ештеңе өзгерте алмайтынын білген. Бірен-саран адамдардың қолынан ешнәрсе келмеді. Жаяудың
үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас. Сондықтан зиялы қауымға жаңа жол таңдау қажет болды.
Мақсатқа жету үшін өз басылымын ашу керек еді. Осылайша «Айқап» журналы құрылған.
• Мұхамеджан Сералин тілшілер және ақпарат беретін адамдарды жинады. «Айқап» журналы
қызметкерлерінің қатарына көрнекті тұлғалар кірді: Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен
Сейфуллин, Бейімбт Майлин, Сәбит Дөнентаев, Молдағали Жолдыбаев, Есенғали Хасболатов
және басқалар. 1915 жылға дейін шыққан «Айқап» журналының барлық сандарын қарап
шықсаңыз, мерзімдік басылымның сапасы өте жоғары болғандығына көзіңіз әбден жетеді.
Арнайы оқу орнында білім алмаған Сералиннің кәсіби тілшілерден айырмашылығы жоқ.
Әр мақаланың мазмұны және тақырыбы терең әрі жан-жақты ойластырылған.
• Осылайша, мерзімдік басылымды шығарып жүрген Сералин өз халқына қызмет еткен.
Ол алғашқы қазақ журналының редакторы әрі басқарушысы. Мұхамеджан Сералин қазақстандық
журналистикада ірі жетістіктерімен өз қолтаңбасын қалдырған. Сол себептеп де оны қазақ
журналистикасының атасы деп атауға толық құқығымыз бар.
• Сонымен қоса, Мұхамеджан Сералин – «Егемен Қазақстан» қазіргі республикалық газеттің
негізін қалаушы, «Ауыл» (қазіргі кезде «Қостанай таңы») газетінің редакторы. «Айқап» журналы
сол кездегі қазақ зиялыларына ана тілінде ойлау және жазуды үйреткен. Мұхамеджан Сералин
бүкіл ғұмырын журналға арнаған.
Қостанайдағы орыс- татар мектебі
“ Айқап” журналының
мұқабасы
Шығармашылығы:
• Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді:
• 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық
мақалалары жатады.
• 2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”,
“Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет
мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
• Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар
қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі,
Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген.
• “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз
шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын
қолдады.
• Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский
(1846 – 1847) нұсқасынан,
• сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915).
• Оның бүгінгі күнге жеткен әдеби шығармалары көп
емес. Екі поэма: “ Топжарған”, “ Гүлқашима”;
• Бірнеше өлеңдері: “ Байпатша һәм кедей”, “ Бай,
қасқыр, аңшы”, “Ленин” , “Жоқтау”;
• “Рүстем – зораб” атты аударма дастан,
“Шаһнаманың” бір тарауы;
• Бір аударма- әңгіме - “Жусан”.
Топтық жұмыс
1 - топ
М. Сералиннің төл туындылары, “ Гүлқашима”,
« Топжарған» поэмалары;
2 - топ
Журналисттік қызметі, аудармалары, “ Рүстем-
Зораб” дастаны.

Ұқсас жұмыстар
Атақты Балғожа бидің немересі
Назипа Құлжанова 1887 - 1934 жыл
1923 жылдың сәуірі
Абайтану ғылымында атқарған еңбектерімен таныстыру
Қазақ педагогикалық институты
Жәңгір хан
Аралығындағы орыс философиясы
Батудың орыс жеріне жорығы
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Монғол - татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық
Пәндер