Абай поэмалары



АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Абайдың әдеби мұрасы
6/6/2020
1

Қазақты бас ақыны
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. 170 өлең, 45 қара сөз, 3 поэма 56 аударманың авторы.
6/6/2020
2
А. Байтұрсынұлы

Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің?", "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Калың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын.
6/6/2020
3
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, С. Торайғыров

Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
Абай қазақ поэзиясының өлең жүйесін өркендетіп дамытуға орасан зор үлес қосты. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлшемдерін, шумақ өрнектерін айтсақ, олар жаңашылдық сипаты, қазақ өлең құрылысын жетілдіру, өрістетудегі мән-мағынасы жағынан айрықша құнды. Абай тыңнан кіргізген өлшемдердің айрықша бір өзгешелігі - көлемі әр түрлі тармақтардың шебер қиюласып келетіндігі. Ал бұл қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне мүлде жаңа және өте маңызды сипат әкеліп қосты, өлең өлшемдерінің түзілу тәсілін толықтырып, байыта түсті.
Қазақ поэзиясына Абай тыңнан қосқан өлшем-өрнектердің басты-бастыларына тоқталып өтелік. «Сырмақ қып астына Байының тоқымын, Отының басына Терінің қоқымын. Бүксітіп, Бықсытып, Қоксытып келтірді. Осының бәрімен, Көңілінде міні жоқ, Жүзінің нәрі мен Бойының сыны жоқ. Бүкшиіп, Сексиіп, Түксиіп елтірді. . . »
6/6/2020
4

Осындағы ұзын тармақтар түгелдей 6 буынды болып, 3 буынды қос бунақтан қүралса, қысқа тармақтар да үнемі 3 буынды болып келген. Бұдан біз осы өлең түрінің қазақ өлеңі құрылысының өзгешелік қалпын берік сақтап, поэзияда орныққан өрнектер негізінде өріліп шыққанын көреміз. Қысқа тармақтардың ырғағын айқындай түсу үшін Абай бүксітіп-бықсытып-қоқсытып, бүкшиіп- сексиіп-түксиіп деген сөздерді үйлестіріп, 3 буынды тармақтармен келесі 6 буынды тармақтың бастапқы бунағын да ұйқастырып қойған. Осы көрсетілген етістіктен жасалған сипаттама сөздер өзінің нақтылық мағынасы, әсерлі суреттілігімен де назар аударады. Өлеңдегі ырғақты шығарманың мазмұнына байланысты алып қарасақ, осындағы ұзынырақ (6 буынды) тармақтардың соңында 3 буынды ырғақтың айқын естіліп, оқшауланып шығуы, қайталануы мұндағы айтылатын ойдың кекесін, сықақ, ажуаға толы мәнін ашып көрсетуге орайлы.
6/6/2020
5

Абайдың өзгеше ырғағы, шумағы, ұйқасы бар өрнек тудырған тағы бір өлеңі «Сен мені не етесің. . . » «Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің Неге әуре етесің? Қосылыспай, Басылыспай, Байыңа Және жаттан Бай тап, Өмір бойы қор етесің. . »
Мұнда бір 6 буынды, бір 8 буынды тармақ бар, 4 буынды тармақ - үшеу. Бұларға қоса бірі 3 буынды және бірі 2 буынды 2 тармақ және бар. Осынша әрқайсысы әркелкі тармақтардың бір шумақта қалай жанасып, сыйысып, бірігіп тұрғаны таңғаларлық нәрсе.
6/6/2020
6
Сен мені не етесің?

«Сегіз аяқ» өлеңі
Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішіндегі ең күрделі және келісті жасалғаны - «Сегіз аяқ». «Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған, Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан, қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл. . . » Осы келтірілген шумақта 5 буынды тармақтар мен 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп келіп отыратынын көреміз. Бірақ басқа шумақтарда 8 буынды тармақтың орнына 7 буынды тармақ түсуі де ықтимал. Бунақ кестесі 3 буын + 2 буын + 3 буын болып келетін 8 буынды тармақпен бунақ ернегі 4 буын + 3 буын болып келетін 7 буынды тармақ жыр өлшемінде де, шумақты өлеңдерде де еркін алмасып түсе беретіні белгілі. Ал «Сегіз аяқтағы» 7, 8 буынды тармақтардың бунақтық кестесі де дәл осындай
«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін Шәкерім, Ахмет Байтұрсынұлы т. б. ақындар өз өлеңдерінде қолданып, оның қазақ поэзиясында орнығуына үлес қосты.
6/6/2020
7

Абай поэмалары
Абайдың үш поэмасының бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
1887жылы «Масғұт» поэмасын жазады. Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады.
Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С. -Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.
6/6/2020
8

1900- 1902 жылдары ақын «Ескендір поэмасын жазады.
"Ескендір» поэмасы - Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.
Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады. Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады
6/6/2020
9

«Әзім әңгімесі» қай жылы жазылғаны белгісіз, Абайдың аяқталмаған поэмасы «Әзім әңгімесі» не үшін аяқталмағаны белгісіз. Алғаш рет 1933 жылы Абай шығармалары жинағына енген. Оған дейін қолда жүрген қолжазба, ескіріп, кейбір жері өшуге айналған. Сондықтан поэманың кейбір жолдарын Мұхтар Әуезов "Абайдың стилі емес" деп санайды: "Бұл поэманың өзегі "Мың бір түннің" бір тарауы - "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегі болатын. Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың текстін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырысайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да "төлеу" салып, аламыштап жіберген сияқгы. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар.
Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір вариант болуға керек. Қалай да "Әзім" поэмасы, ең әуелі, бітпеген шығарма болғандықтан, екінші, көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптанған дастан болмағандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы, жогарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз”, - дейді.
6/6/2020
10

Ғақлиялар
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
6/6/2020
11

Абайдың көркем аудармалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz