Этикет ережелері
Презентация қосу
Қазақ халқы және де түрлі халықтардың
қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан
басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері
Этикет ережелері
Үстелдің шетінен мүлде алыс жайғасқанда немесе өте жақын
отырып, шынатақты оның үстіне қойып алған да дұрыс емес.
Тәрелкеге еңкеймей тік отыру керек. Үстелдің үстіне асылып
барып тамақ алуға болмайды. Жеке бастың қолдануына
арналған майлықты ашып тізеге жайып қояды. Тамақты жеп
болған соң майлықпен ерінді және саусақтарды сүртуге
болады. Тамақтанып болған соң майлық үстелдің үстіне
бүктелмей, жай ғана қойылады, майлық балалардың жағасына
қыстырылады.
Үстел басында әңгіме байыппен айтылады. Әңгіме барысында,
әсіресе пышақ, шанышқы ұстап отырып, қолды сермеуге
болмайды.
Ортақ табақтағы тамақты өзіңе ең жақын немесе үстіндегі
бөлікті арнайы қойылған шанышқымен немесе қасықпен
салған жөн. Табақ қонақтарға сол жағынан беріледі де,
босаған ыдыс оң жағынан жинап алынады.
Әдетте тағамдар шанышқының, қасықтың,
қалақшаның немесе қысқаштың көмегімен
тәрелкеге салынады, бірақ бірқатар азықтар
қолмен алынады. Олар нан, печенье, жемістер,
цитрус жемістері, қант. Бұл тағамдарды
пышақпен немесе шанышқымен бөлуге болмайды,
олар қолды былғамайды, әр қайсысы бөлек-бөлек
алынып, тәрелкеге немесе кесеге салынады.
Нанды үлкен бөлікпен жеу немесе тұтас бөлкенің
өзін дастарханға тұтастай қою онша жарасымды
көрінбейді, сондықтан мейлінше қажетіне қарай
ұқсас бөліктерге бөліп қойған дұрыс.
Орындықта қозғалмай, түзу отырыңыз.
Қолыңызды үстелдің астында емес, үнемі
үстелдің үстінде ұстаңыз. Үстел басында
шынтағыңызды тіреп отыруға болмайтынын
ұмытпаңыз.
Асхана құралдарымен ойнамаңыз.
Үстелдің шетін саусақтарыңызбен
тарсылдатпаңыз.
Аяғыңызды үстелдің астында айқастырмаңыз,
аяғыңызбен еденді басып тыныш отыруыңыз
керек.
Қазақ және мұсылман халықтарының ас
ішу әдебі
Қазақтардың тамақ ішер алдында дастархан басында алдымен
бисмилладан бастап, алақан жаюы Алланың берген ризық-
нәсібіне тәубешілігі жатыр. Мұны барша мұсылмандарға тән амал
және тамақтану мәдениетінің ең озық үлгісі деуге де болады.
Тағамды оң қолмен алып, жеудің өзі Аллаға бой ұсыну әрі шартты
орындау. Мұсылмандар тік тұрып немесе тағамды екі қолымен
ұстап жемейді. Жан баласының оң жағы тазалықтың,
жақсылықтың көрсеткіші болғандықтан да қазақтардың ауызекі
сөйлеу тілінде «Оңынан ұйғарсын», «жолың оңды болсын», «ісің
оңтайлы болсын» деген тіркестер қолданысқа енген. Ислам
түсінігінде сол жақ қашанда шайтани болып саналады.
Дастарханнан оң қолмен алып, асықпай шайнап, жұтқан тағам
қашанда сіңімді болмақ. Ислам дінінің тағы бір осы тамақтану
әдебіне қатысты тұсы – дастарханда арам сойылған мал етінің,
харам ішімдіктердің қойылмайтындығы. Ал бұл тек дастархан
басындағы әдептің көрінісі ғана емес, тұтастай ағза мәдениетінің
кепілі.
Әр халықтың әр ұрпаққа аманатталып келе жатқан
өзіндік, дара тамақтану дәстүрі бар. Оған ешкім
тыйым сала алмайды. Мамандар тек әр ұлттың
тамақтануға қатысты ырым-жоралғыларын
мүмкіндігінше қоғамдық орындарда емес, отбасы
мен өз орталарында ғана ұстанғандары жөн дейді.
Ал «Тамақтану әдебінің баршаға ортақ қатып қалған
еміле-ережесі бар ма?» — деген сауалға бүгінгі күні
мәдениеттанушылар да, тағамтану саласы
мамандары да дөп басып, нақты жауап бере
алмағанымен, барша адамдарға ортақ әдеп нормасы
бар екенін ескертеді. Ол, әлбетте, кім-кімнің де үстел
басындағы үйлесімділік сәнін бұзбауы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ас ішер алдындағы тазалық сақтау
мәселелері жөнінде айтыңыз.
2. Қазақ дастырханында ас ішуге байланысты
қалыптасқан қандай ырым- тыйымдарды бар?
3. Дастархан этикеті, тамақтану мәдениеті
жөнінде не білесің?
4. Тамақтану әдебің не үшін сақтау қажет?
5. Күніне неше мезгіл тамақтанған дұрыс?
6. Қонаққа барғанда, дастархан басында сен
қалай тамақтанасың?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz