Қарақалпақ әдебиеті



Қарақалпақ әдебиеті
Қарақалпақ автономиялы республикасы 1925 жылы құрылды. Осыдан бастап өзінің ұлттық мектептері ашылып, әдебиеті де даму жолына түсті. Әуелі Қазақстан құрамында болды да, 1936 жылдан бастап Өзбекстан республикасының қол астына енді.

Қарақалпақ ауыз әдебиеті
Қарақалпақтың ауыз әдебиеті түркістандық түрік халықтарының ауыз әдебиетімен түбірлес, тамырлас келіп жатады. Ол ерекшелік қарақалпақтардың да, басқа түрік халықтарының да бәріне ортақ белгідей рухани тұтастықты көрсетеді.
Қарақалпақ халық ауыз әдебиеті-мазмұны бай, түрі жағынан жетілген халықтың рухани байлығына айналған асыл қазынасы. Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының түрі, бесік жыры, той жыры, діни сарындағы өлеңдер, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, айтыс түрлері және елуге жуық батырлар жырын қамтитын эпостық жанрларды орындайтын жыраулар тобы қалыптасқан.
Халықтың батырлық эпостары «Алпамыс», «Қырық қыз», «Қобыланды», «Мас патша», «Ғариб Ашық» жырлары батырлық, махаббаттық тақырыптарға арналған.

Поэзиялық туындылар
Қарақалпақ әдебиетінде поэзиялық туындылар басым болып келеді. Поэзиялық туындылар негізінен ауызша поэзия түрінде жоғары деңгейде дамыған. Қарақалпақ әдеби тілінің негізі осы ауызша поэзия арқылы салынған ерекшелікті көреміз.
Жиен жырау- «Босқан ел», Күнхожа- «Орақшылар», Әжінияз- «Менің елім», Бердақ- «Заманда», Тілеуберген Жұмамұратов - «Толқында», «Не жетсін?», Гүлстан Шамуратова- «Әкеме», Сейдаболла Піржанов- «Бабалар»

Жиен жырау Амандықұлы
Жиен жырау - 18 ғасырда өмір сүрген көрнекті қарақалпақ сөз зергері. Жиен жырау шығармаларының идеялық- тақырыптық сарыны, негізінен, Қарақалпақ елінің сол тұстағы саяси-әлеуметтік, тұрмыстық болмысынан туындайды. Ақынның поэмалары мен терме толғаулары «Босқан елі», «Ұлы тау» мен «Уа, ханымыз, ханымыз», «Хош бол, достар», «Бер, түйемді», «Жүрегімде көп лағым», «Көргенде болар көңілім хош» деп аталатын шығармалары заман шындығының айнасы десе болғандай. Жиен жырау репертуарында «Қырық қыз», «Едіге», «Алпамыс», «Қобыланды» эпостары болған.

Әжінияз Қосыбайұлы
Әжінияз қазіргі Қарақалпақстанның Мойнақ ауданындағы Қамысбөгер елді мекенінде орта шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі баласының зеректігін сезіп оқу жолына түсіреді. Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқиды. Медреседе шығыс классиктерінің шығармаларымен танысып, іштей рухани жағынан өсе түседі. Қызылорданың Қазалысында оқытушылық қызметте болады.
Әжінияз қарақалпақ поэзиясында лирикалық жанрдың дамуына елеулі үлес қосады. Әжінияздың Ресей, қазақ жерінде болуы оның өмірінде өз ізін қалдырады. Қазақ қызы Менешпен айтысы бар. Сыртта жүрген кезінде өз елін танытуға мән береді, еліне деген сағынышы да жыр болып төгіледі. Ақын сезімі оның «Қыз Менешпен айтысы», «Бар еді», «Айтулы ерлер бар еді» “шығармаларында берілген. Сондай-ақ,
Әжінияз азаматтық лириканың да шебері. Ел-жұртын сағыну, елін, туған жерін аңсау сезімі бас тақырыпқа айналып отыратын жерлері де бар:
Жайлауым Үргеніш арты теңіз
Жауырыны қақпақтай малы семіз.
Рұқсатсыз бір-біріне салмас із,
Ынтымақты қоңырат ерлерім бар, -
деп адамға ең қадірлі туған елі деген ой түйеді.

Күнхожа Ыбырайымұлы
Күнхожа Ыбырайымұлы -- ХІХ ғасыр қарақалпақ поэзиясының көрнекті өкілі. Халықшыл, реалист ретінде де өзіне замандас жəне өзінен соңғы халықтық, демократиялық бағдардағы қарақалпақ ақындарының ұстазы ретінде оның қарақалпақ əдебиеті тарихындағы қызметі айрықша. Күнхожа қарақалпақ халқы тарихындағы жаңа қоғамдық қатынастар қолайлығында ғана емес, ал халықтың ұлттық, əлеуметтік рухани санасының өсуі қолайлығында да жасады. Ақын жасаған ХІХ ғасырдың орталары жəне екінші жартысында Хиуа хандығында саяси жəне қоғамдық тұрмыс тұрақты болмады. Халықтың басым көпшілігі кедей, жарлы тұрмыс кешірді. Сонымен бірге, ірі феодалдар материалдық байлықтың үлкен бөлегін өз қолдарында ұстады (жер, су, өндіріс құралдары, малдар, жайлаулар т. б. ) . Нəтижеде қоғамда үлкен əлеуметтік айырмашылықтар, осы негізде қоғамдық əділсіздік пайда болып тұрды. Ірі мүлік иелерінде байлыққа көзсіз ұмтылу, ашкөздік, əлеуметтік мəселелерге көңіл бөлмеу жағдайлары əрқашан болып тұрды. Бұл жағдайлар туралы Күнхожаның «Орақшылар», «Шопандар», «Күн қайда», «Неге керек», «Жетімнің ақысын жеп қойма», «Елменен», «Заман» лирикалары анық куəлік береді.

Бердақ шайыр (1827- 1900)
Бердімұрат Қарғабайұлы Әмударияның Арал теңізіне құяр сағасындағы Аққала деген жерде балықшының отбасында дүниеге келген. Жас кезінде Қарақұм ишан медресесінде оқып, жағдайы болмаған соң жұмыс іздеп, өмір мектебінде тербеліп өседі. Бердақтың жыршылық өнерінде «Гүлбұлбұл», «Сеятхан Хамре», «Дәулетярбек» дастандары жырланған.
Бердақ өз өмірінде халық арасында кеңінен танымал болған «Айдос баба», «Ерназар би», «Амангелді», «Ақымақ патша», «Раушан», «Шежіре», «Хорезм» дастандарын өмірге әкелді. Өлең-жырларында зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке, адамгершілікке қарсы тұрып, адамгершілікті ұлықтады.
Бердақ өлеңдерінде саяси-азаматтық лирика сарыны оның «Замана», «Салық», «Егер», «Келін», «Халық үшін», т. б. лирикалық өлеңдерінде айқын көрініс береді:
Ер болсаң, еліңде сақта,
Елің берген тұзын ақта.
Достың сырын мықтап сақта,
Елге мырза боларсың.
Дастан жанрын дамытуда қарақалпақ әдебиетінде Бердақтың орны бөлекше. Дастандарының бәрі де тарихи тақырыпқа, өмірде болып өткен тарихи оқиғалар желісіне құрылып отырады.

Кеңестік дәуірдегі қарақалпақ әдебиеті
Қарақалпақ әдебиеті халықтың өз алдына автономиялы республика болып оңаша отау тігісімен-ақ, мектептер ашылып, жоғары оқу орны пайа болды, баспасөз арқылы алғашқы ақын, жазушылар мен драматургтер шыға бастады. 50-60 жылдардан бастап проза мен драмалық жанрда шығармалар жазыла бастады. Әрине, әдебиет майданында поэзиялық жанр көш бастады. Қарақалпақ ақындары Аяпберген Мұсаев, Садық Нұрымбетов, А. Дабылов, Н. Жапақов, Ж. Аймырзаев, т. б. ақындар жаңа заман шындығын жырлаған өлең, - поэмаларын жазды. А. Дабыловтың «Бақадыр» поэмасы, Ж. Аймурзаевтың «Айпарасы», И. Жүсіповтың «Жолдас оқытушысы» өз кезеңінің елеулі туындысы ретінде қабылданды.
Қарақалпақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуы М. Дәрдібаевтің «Мыңның бірі», А. Шамұратовтың «Ескі мектепте», А. Бегимовтің «Балықшының қызы», Ж. Аймұрзаевтың «Әмудария жағалауында», Т. Қайыпбергеновтің «Соңғы шайқас» шығармалары арқылы көрініс тапты.

Қайырыпбергенов Төлепберген
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz